A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2020 жылғы 31 қаңтар БЖЗҚ-да 2019 жылы 17 миллионға жуық қызмет көрсетiлдi

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы қызметтерiн көрсету аясында 16,9 млн операция орындалса, олардың 80 пайызы (13,6 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2018 жылмен салыстырғанда өсiм 36 пайызға жеттi. Дейтұрғанмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерiн алу үшiн тiкелей Қор мамандарына жүгiнгендi қалайды. Елiмiз бойынша күн сайын БЖЗҚ-ның барлық кеңселерiнде шамамен 13 мың операция орындалады.

2019 жылы сәуiр айында БЖЗҚ шалғай елдiмекендердi зейнетақы қызметтерiмен қамту үшiн Қазпоштамен бiрге осы ұлттық оператордың бөлiмшелерi арқылы зейнетақы қызметтерiн көрсету бойынша ортақ жобаны iске қосқан едi.

Қордың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдiмекендерде орналасқан Қазпошта бөлiмшелерiнiң операторлары оқыту курсынан өткен соң, келушiлерге зейнетақы қызметтерiн көрсете бастады. Осылайша қазiргi және болашақ салымшылар БЖЗҚ-ның әр түрлi қызметтерiн, оның iшiнде зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсiлiн интернет-байланысы тәсiлiне ауыстыру қызметiн алуға қол жеткiзiп, Қазпошта бөлiмшелерi арқылы транфер-агенттiк қызмет көрсету аясында барлығы — 1 298 операция жүзеге асырылды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 04.02.2020 15:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2020 15:20
Қаралым саны: 101

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz