A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БЖЗҚ сұрақтарға жауап береді

БЖЗҚ-ның дәстүрлi айдарында бiз БЖЗҚ қызметiне және жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысты жиi қойылып жүрген сұрақтарға жауап беремiз.

1. БЖЗҚ-дан үзiндi көшiрменi жылына бiр рет пошта арқылы аламын. Алайда, өз зейнетақы шотымды жиi тексерiп тұрсам ба деп едiм. Оны қалай iстеуге болады?

Ол үшiн жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйi туралы ақпарат алудың өте ыңғайлы әрi жылдам тәсiлiн таңдайсыз. Мысалы, салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште немесе жекелеген келiсiмде көрсетiлген электрондық мекенжайына хабарлама жiберу. Салымшы электрондық мекенжайына үзiндi-көшiрме (ай сайын немесе тоқсан сайын) алу кезеңдiлiгiн өзi белгiлейдi. ЖЗШ жай-күйi туралы ақпарат алудың тағы бiр жылдам тәсiлiнiң бiрi — www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме» арқылы алу тәсiлi, ол үшiн логин мен пароль не электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу керек. Сондай-ақ «интернет қызметi арқылы өзiнiң өтiнiш жасауы» деген хабарлау тәсiлiн таңдап, БЖЗҚ мамандарының Android және iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерiнде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға болады, бұл үшiн де логин мен пароль керек. Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға жеке басын куәландыратын құжатымен келiп, өтiнiш жасай отырып және хабарлау тәсiлiн өзгерту/белгiлеу туралы келiсiм жасап хабарлаудың басқа тәсiлiн белгiлей немесе таңдай алады.

Интернет-үзiндi көшiрменi қарау үшiн логин мен парольдi қалай тiркеуге болады?

Пайдаланушының логинi мен паролiн пайдалана отырып, интернет арқылы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты қарау үшiн БЖЗҚ-ға өтiнiш жасап, хабарлау тәсiлiн өзгерту/анықтау туралы келiсiм жасау керек. Салымшы мұны «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 57-бабында көзделген зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау туралы заң нормаларын сақтау үшiн жасайды. Логин мен парольдi тiркеу/қайта тiркеу www.enpf.kz сайтының «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмiнде тiкелей жүзеге асырылады.

еnpf.kz сайтында зейнетақы калькуляторын көрдiм. Бұл не?

Зейнетақы калькуляторы — бұл еңбек қызметiнiң басынан бастап әзiрлеуге, жеке зейнетақы жоспарларын құруға арналған көмекшi құрал. Оның көмегiмен салымшының болашақтағы зейнетақысының болжамды мөлшерiн көруге болады.

Бүгiнгi күннiң зейнеткер алушылары ағымдағы зейнетақы калькуляторының көмегiмен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтары төлемiнiң мөлшерiн есептей алады.

Болжамды зейнетақы калькуляторын зейнет жасына толмаған салымшылар пайдалана алады. Бұл калькулятор ортақ, базалық, жинақтаушы және ерiктi зейнетақыны болжаммен есептеуге арналған. Есеп инфляцияның өсуiне, инвестициялық кiрiстiлiкке, жалақының өсуiне қарай болжамдарға негiзделген. Есеп нәтижесi түрлi болжамды деректермен ерекшеленетiн оптимистiк, реалистiк және пессимистiк деп аталатын сценарий бойынша берiледi. Зейнетақы калькуляторы зейнетке шыққанда болатын төлемдер туралы болжам жасауға мүмкiндiк бередi.

Осылайша, Қор салымшылары қажеттi деректердi енгiзе отырып, зейнетке шыққан кездегi зейнетақы төлемдерiнiң жиынтық сомасын есептей алады және дәл қазiрден бастап жеке зейнетақы шотына аударымдардың қаншалықты жеткiлiктi түрде жасалып жатқанын да ойлауға болады. жинақтардың басқа құралдарын, қолдана отырып, алдағы зейнетақы жасына жеткенге дейiнгi жиынтық зейнетақыны көбейтуге болады — мысалы ерiктi зейнетақы жарналары. Тiптi тұрақты негiзде жасалатын ең төменгi ерiктi зейнетақы жарналары зейнетақы жинақтарын едәуiр көбейтуге мүмкiндiк бередi. Бұған қоса, өз пайдасына енгiзiлетiн ерiктi жарналарының сомасы оны салымшы БЖЗҚ-ға өз бетiнше аударған кезде салық салудан босатылады.

Зейнетақы калькуляторы арқылы есеп жасай отырып, болашақ зейнетақы мөлшерiнiң зейнетақы жарналарының жүйелiлiгi мен толықтығына байланысты болатынына көз жеткiзуге болады. Зейнетақы калькуляторымен (ағымдағы/болжамды) жұмыс қағидаларымен enpf.kz сайтында орналастырылған «Жадынамадан» таныса аласыз.

Өткен жылы зейнетақы заңнамасына өзгерiстер енгiзiлдi. Осы өзгерiстер негiзiнде 2018 жылдан бастап болашақ зейнетақымыз қандай құрамдауыштардан қалыптасады?

1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн кемiнде 6 күнтiзбелiк ай еңбек өтiлi бар адамдар жинақтаушы және шартты жинақтаушы жүйелерден (бұдан әрi — ШЖЖ) төленетiн төлемдермен қатар бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы алатын болады.

Осылайша, зейнетақы:

1) бюджет қаражаты есебiнен:

- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн кемiнде алты күнтiзбелiк ай еңбек өтiлi болғанда еңбек зейнетақысы;

- мөлшерi еңбек өтiлiне және жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуына тәуелдi болатын базовой зейнетақы;

2) жинақтаушы зейнетақы есебiнен:

- қызметкердiң ай сайынғы табысынан 10% мiндеттi зейнетақы жарналары (бұл 1998 жылдан берi ай сайын жалақыдан 10% аударыла отырып жиналған сома);

- қызметкердiң ай сайынғы табысынан 5% мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (бұл 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды (аса зиянды) жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң пайдасына аударатын ақша)

- 2018 жылдан бастап енгiзiлетiн жұмыс берушiнiң барлық қызметкерлер үшiн (олардың еңбек жағдайларына қарамастан) олардың шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушi төлейтiн жаңа 5% мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасады. Осы шоттардан төленетiн төлемдер ЖМЗЖ жиынтығында ең кемi 60 күнтiзбелiк күн аударылған жағдайда, 2023 жылдан кейiн жүргiзiлетiн болады.

5. Үшiншi тұлғаның пайдасына зейнетақы жарналарын жасауға бола ма?

Ерiктi зейнетақы жарналары (бұдан әрi — ЕЗЖ) есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру

туралы шарт жасаған жағдайда үшiншi тұлғаның пайдасына зейнетақы жарналары аударылады. ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау үшiн салымшы мен алушы БЖЗҚ дербес қызмет көрсету орталығына келiп, өтiнiш жасайды. Өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжатын әкеледi.

Байланыс орталығы 8 800 080 1177 (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегiн)

(Филиал байланыстары)

Биыл Сiз еңбегiңiз сiңген демалысқа шығасыз ба? Құттықтаймыз! Ендi Сiз кезiнде уақыт пен күш жеткiзе алмаған нәрселермен айналыса аласыз. Ал бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу машақатын азайту үшiн Сiздiң назарыңызға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу тәртiбiне қатысты ең өзектi деген сұрақтардың жауабын ұсынамыз.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiне кiмнiң құқығы бар?

Белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiндегi зейнет жасына толған соң мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығы БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға тиесiлi, атап айтқанда:

63 жасқа толған ерлер;

58 жасқа толған әйелдер (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жас, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жас, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жас, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жас, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жас, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас).

Зейнет жасына толған соң БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу үшiн қандай құжаттар керек?

Жалпы белгiленген зейнет жасына толған кезде зейнетақы төлемдерiн алушы МЗЖ және МКЗЖ есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш ресiмдеу үшiн ең жақын БЖЗҚ кеңсесiне бару керек. Жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы мен зейнетақы төлемдерiн аудару үшiн алушының банк шоты туралы мәлiметтердi өзiмен бiрге алып келедi. Сонымен қатар зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу үшiн құжаттарды алушы сенiм бiлдiрiлген тұлға арқылы немесе пошта байланысы арқылы өткiзе алады, толық ақпаратты сайттан алуға болады (http://www.enpf.kz/11462).

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш берген соң қанша уақыт iшiнде зейнетақы төлемдерi жасалады?

Құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болған жағдайда, олар өткiзiлген соң он жұмыс күнi iшiнде БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн жасайды.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу кезеңдiлiгi қандай?

Төлемдер кезеңдiлiгiн алушының өзi белгiлейдi — жылына бiр рет, тоқсанына не айына бiр рет.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы қалай есептеледi?

МЗЖ және МКЗЖ есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 02.10.2013ж. №1042 хаттамасымен бекiтiлген (10.12.2015 жылғы редакцияда) Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жасау қағидасына сәйкес есептеледi және төмендегi шамалардың неғұрлым жоғарысынан аспайды:

1) республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерi (2016 жылы Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңымен ең төменгi зейнетақы мөлшерi 25 824 теңгеге дейiн көбейтiлдi) және 774 720,00 теңгенi құрайды (30*25 824);

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 02.10.2013ж. №1042 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу әдiстемесiне (10.12.2015 жылғы редакцияда) сай зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген шама. Алушының зейнетақы жинақтарының сомасы әйелдерде 8,224 млн. және одан көп теңге, ерлерде 7,402 млн. және одан көп теңге болса, осы есеп қолданылады.

Республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен кем болса, алушы зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын ала алады.

Төлем жасалған соң жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен аз соманы құраса, бұл қалдық төлем сомасымен бiрге төленедi.

БЖЗҚ белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн жыл сайын өз бетiнше Қағида ережелерiн ескере отырып қайта есептейдi.

Банк комиссияларының мөлшерi қандай?

Зейнетақы жинақтарын аудару, есептеу және төлеуге байланысты банк қызметтерiнiң ақысы БЖЗҚ қаражатының есебiнен төленедi, бұған оларды айырбастау және шетелдiк банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына есептеу қызметтерi қосылмайды.

Зейнетақы төлемдерi қандай валютада жасалады?

Зейнетақы төлемдерiн БЖЗҚ өтiнiште көрсетiлген алушының банк шотына:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегi банктерде/банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымда ашылған банк шоттарына аудару кезiнде тек ұлттық валютамен;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шетелдiк банктерде ашылған банк шоттарына аудару кезiнде АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингiмен немесе ресей рублiмен аударады.

Зейнетақы төлемдерiне жеке табыс салығы (ЖТС) салына ма?

Зейнетақы төлемдерi — төлем көзiне салық салынатын табыс (Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 160-бабының 3) тармақшасы). Зейнетақы төлемдерiн алушыдан 10% мөлшерiнде ЖТС мiндеттi түрде ұсталады. Мысал үшiн төленуi тиiс және ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiне тең (30*25 824 = 774 720) зейнетақы жинағының сомасын қарастырайық.

Зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн алушылар — БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi түрiндегi табыстан салықтық шегерiмдерге құқығы бар тұлғалар (Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 170-бабы). Демек, ЖТС зейнетақы жинақтарының сомасынан шегеру ескерiле отырып ұсталады. ЖТС салынбайтын жинақ сомасы ағымдағы қаржы жылына белгiленген ең төменгi еңбекақының 12 еселенген мөлшерiне тең. 2016 жылы бұл көрсеткiш — 22 859 теңге, демек ЖТС салынбайтын сома — 274 308 теңге (12*22 859). 500 412 теңге (774 720 — 274 308) сомасындағы зейнетақы төлемдерiне ЖТС салынады. ЖТС мөлшерi — 50 041,20 теңге (774 720 — 274 308) * 10%). Алушының банк шотына 724 678,80 теңге (774 720 — 50 041,20) мөлшерiндегi сома аударылады.

Сонымен қатар салықтық жеңiлдiктер қолданылатын азаматтар санаты бар. Олар үшiн ЖТС салынбайтын зейнетақы төлемдерiнiң сомасы (Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 156-бабының 13) және 13-2) тармақшасы) республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi еңбекақының 55 еселенген мөлшерiнiң шегiнде белгiленген (55*22 859 =1 257 245 теңге).

Бұл тұлғалар:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген тұлғалар;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар;

1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

I, II, III топтардағы мүгедектер;

мүгедек бала;

«мүгедек бала» деген санаттағы адамның ата-анасының бiрi, қорғаншысы, қамқоршысы — мұндай адам он сегiз жасқа толғанға дейiн;

«бала кезiнен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның ата-анасының бiрi, қорғаншысы, қамқоршысы — мұндай адамның өмiр бойына;

асырап алған бала он сегiз жасқа толғанға дейiн бала асырап алушының бiреуi.

2016 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткiштерi.

01.03.2016ж. жағдай бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрлерi бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн., оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны шамамен 9,7 млн болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 393 986 бiрлiк болды. Ерiктi зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны бұрынғыдай шамамен 40 мың адамнан аспайды.

2016 жылғы 1 наурызда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,98 трлн. теңге болды.

2016 жылдың басынан бастап 101,02 млрд. теңге мөлшерiнде таза инвестициялық табыс алынды. БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтерi бойынша жылдық табыстылығы (2015 жылғы ақпан — 2016 жылғы ақпан) осындай кезеңдегi 15,2% инфляця деңгейiнде 16,7% болады.

Сонымен бiрге, БЖЗҚ жыл басынан берi 46,81 млрд. теңге сомасына зейнетақы төлемдерi мен аударымдары жасалды, бұл сомаға 2,61 млрд. теңге мөлшерiнде сақтандыру ұйымына жасалған аударымдар кiредi.

Әр салымшы мен алушы өзiнiң жеке зейнетақы шоты туралы кез келген күнi БЖЗҚ-ның 236 бөлiмшесiнiң бiрiнен не қордың www.enpf.kz сайтында Интернет-үзiндi көшiрме бөлiмi арқылы алады. Сонымен қатар, Қор салымшыларының өз зейнетақы шоттарын Android, iOS (iPhone, iPad) и Windows Phone операциялық жүйелерiнде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылауға мүмкiндiктерi бар. Бұл қызметтi пайдалану үшiн салымшы Қор кеңсесiне бiр рет келiп логин мен пароль алуы тиiс.

2016 жылғы 1 наурызда 150 700 ұялы қосымша жүктелген.

2015 жылдың ақпанынан берi өз зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты толық көлемде e-gov порталы арқылы да алуға мүмкiндiк ашылған.

2016 жылғы наурызда электрондық үкiмет порталы арқылы қызмет көрсету басталған кезден бастап салымшыларға (алушыларға) зейнетақы шоттарынан 232 мың үзiндi көшiрме берiлген.

Қазiргi уақытта Қор салымшылар мен алушылар үшiн қосымша электрондық қызмет көрсету, яғни электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып салымшылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу барысын, жеке деректерге өзгерiстер енгiзу, төлемдер алу үшiн өтiнiш беру мүмкiндiктерiн on-line түзiмiнде оңтайландыруды ендiру жұмыстарын жүргiзiп жатыр.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрi акционерi болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi «БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттiк акциялар пакетiн сенiмгерлiкпен басқарады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық Қорды басқару жөнiндегi кеңеске берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz).

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 17:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 17:38
Қаралым саны: 2475

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz