A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады және мемлекеттік кепілдік бойынша төлемдер алу ережесін түсіндіреді

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өткен айда өз салымшыларын зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы жайында ескерткен болатын.

Осындай таратылымдардың жиiлеп кетуiне байланысты, Қор барлық салымшылар мен алушыларды бейресми дереккөздерден таратылған ақпараттарға сенбеу керектiгiн ескертедi және көпе-көрiнеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететiн бiрегей мемлекеттiк кепiлдiк моделi жұмыс iстейтiндiгiн хабарлаймыз. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, оның атына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Айырма сомасы (мемлекеттiк кепiлдiк) — мемлекеттiк бюджет есебiнен берiлетiн бiржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттiк кепiлдiк бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлiк жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жағдайда I және II топтардағы мүгедектiгi бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепiлдiгi бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi де айырма сомасын ала алады.

Өтемақы мөлшерi әрбiр салымшы үшiн дербес есептеледi. Зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған кезде алушының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляцияны ескере отырып есептеледi және енгiзiлген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырылады. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, мемлекет айырма сомасын өтейдi. Бұл қаржы нарықтары мен инвестициялық табысқа қатысты қандай жағдай орын алмасын, салымшылардың жинақтары сенiмдi қорғалғандығын бiлдiредi. Алайда инфляция деңгейiн ескере отырып, мiндеттi жарналар мен инвестициялық табыс есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы енгiзiлген жарналардың сомасына тең немесе одан жоғары болса айырма сомасы төленбейдi.

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын есептеу және төлеудi «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының (КЕАҚ) «Әлеуметтiк төлемдердiң ведомствоаралық есептеу орталығы» (бұрынғы Зейнетақы төлемдерi жөнiндегi мемлекеттiк орталық) жүзеге асырады. Биылғы жылдың қазан айында жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде бiрыңғай өтiнiш беру бойынша Композиттiк қызмет iске қосылды. Ендi зейнет жасына толған азаматтар «Бiр терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақыны және зейнетақы жарналарының мiндеттi түрлерi есебiнен қалыптасқан төлемдердi алу үшiн бiрыңғай өтiнiштi және құжаттар топтамасын тек бiр жерге — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырады.

Зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу жөнiндегi өтiнiш негiзiнде алушыға мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын төлеуге қатысты алдын алу қызметi де көрсетiледi. Яғни, бұл үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ. Бұл ретте инфляция деңгейiн ескере отырып, арнайы әзiрленген әдiстеме бойынша әрбiр алушының зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгiзiлген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы бiржолғы өтемақы ретiнде алушының банк шотына аударылады.

Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтiк желiлер арқылы таратылатын әр түрлi хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзiнен алынған ақпараттарға ғана сену керектiгiн ескертедi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 23.10.2018 10:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.10.2018 10:03
Қаралым саны: 1443

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz