A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша 23,6 миллиард теңгеден астам берешектi қайтаруды қамтамасыз еттi

«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамы зейнетақы активтерi бойынша мiндеттемелердi орындамау нәтижесiнде пайда болған проблемалық берешектi қайтару бойынша белсендi жұмысын жалғастыруда.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ бұл жұмысты зейнетақы активтерiн жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан БЖЗҚ-ға берген сәттен бастап жүргiзiп келедi. 2014 жылы БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерiн беру аяқталған кезде қорда 32 проблемалық эмитент болды және олардың берешегi номиналды құны бойынша 161,45 миллиард теңгенi құрады.

2020 жылғы тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ дефолтқа жол берген қалған 19 эмитентке қатысты берешектi қайтару бойынша жұмысты жүзеге асырады. Аталған 19 проблемалық эмитенттi шартты түрде келесi топтарға бөлуге болады:

1.Оңалту рәсiмi қолданылған эмитенттер

(«Роса» АҚ, «Қазақстан Қағазы» АҚ және «Имсталькон» АҚ). Барлығы 3 эмитент.

Аталған эмитенттердiң номиналды құны бойынша берешек сомасы — 15,80 млрд теңге.

2. Оларға қатысты талап-арыз жұмысы / атқарушылық өндiрiс жүзеге асырылатын эмитенттер («Альтернативтi қаржы» АҚ, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Казнефтехим» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Құрылыс материалдар мен құрастырмалар комбинаты-2» ЖШС, «Өрнек XXI» АҚ, «Mineral Resourses of Central Asia» АҚ, «ТЕМА Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Төрт-Құдық» тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «Корпорация «АПК-Инвест» ЖШС, «Тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «ҚазЭкспортАстық» холдингi). Барлығы 12 эмитент. Аталған топ бойынша номиналды құны бойынша берешек сомасы — 13,03 млрд теңге.

3. Банкроттық/мәжбүрлеп тарату рәсiмi жүзеге асырылатын эмитенттер («Валют-Транзит-Банк» АҚ, «GLOTUR» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ). Барлығы 4 Эмитент. Эмитенттердiң осы тобының номиналды құны бойынша берешек сомасы — 17,5 млрд теңге.

Осылайша 2020 жылғы тамыздағы жағдай бойынша жоғарыда аталған 19 проблемалық эмитент бойынша берешектiң жалпы сомасы (зейнетақы активтерi есебiнен) номиналды құны бойынша 46,33 млрд теңгенi құрады, ал «ҚазЭкспортАстық холдингi» АҚ-ның 5,8 млрд теңге мөлшерiндегi купондық сыйақы төлеу бойынша берешегiн ескере отырып, берешектiң жалпы мөлшерi 52,13 млрд теңге болды.

Айта кетейiк, 2020 жылғы 31 шiлдедегi жағдай бойынша БЖЗҚ алдында өтелген зейнетақы активтерi бойынша берешектiң жалпы сомасы 23,634 млрд теңгенi құрады. Оның iшiнде:

2014-2016 жылдары — 1,475 млрд теңге,

2017 жылы — 1,249 млрд теңге,

2018 жылы — 14,853 млрд теңге,

2019 жылы — 4,507 млрд теңге,

Жалпы алғанда 2020 жылдың жетi айында — 1,55 млрд. теңге:

* «Абди Компани» АҚ — 188,42 млн теңге (купондық сыйақыны өтеу);

* «АПК-Инвест «корпорациясы» ЖШС — 17,92 млн теңге (атқарушылық өндiрiс шеңберiнде өтеу);

* «Қазақстан Қағазы» АҚ — 127,9 млн теңге (оңалту шеңберiнде өтеу);

* «Имсталькон» АҚ — 105 млн теңге (оңалту шеңберiнде өтеу);

* «Өрнек XXI» АҚ — 22 млн теңге (үшiншi тұлғалардың Қор алдындағы қарызының бiр бөлiгiн өтеуi);

* «Құрылыс материалдар мен құрастырмалар комбинаты-2» ЖШС — 29,05 млн теңге (атқарушылық өндiрiс шеңберiнде өтеу);

* «Астана-Недвижимость» АҚ — 45,11 млн теңге (атқарушылық өндiрiс шеңберiнде өтеу);

* «Атамекен-Агро» АҚ — 1,015 млрд теңге (сот шешiмiне сәйкес өтеу).

Бұдан басқа ағымдағы жылы «Атамекен-Агро» АҚ берешегiн өндiрiп алу бойынша жүргiзiлген талап-арыз жұмысының нәтижелерi бойынша 1 шiлдеге осы эмитенттiң берешегi 1 015 160 000 теңге мөлшерiнде толық көлемде өтелдi.

Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы активтерiне залал келтiргенi үшiн кiнәлi тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту мақсатында қылмыстық iс қозғау бойынша iс-шаралар жүргiзуде.

Қазiргi уақытта Қордың қатысуымен 12 эмитентке қатысты қылмыстық өндiрiс жүргiзiлуде — «GLOTUR» АҚ, «Имсталькон» АҚ, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Роса» АҚ, «Mineral Resources of Central Asia» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Казнефтехим» АҚ, «Қазақстан Қағазы» АҚ, «Казинвестбанк» АҚ, «Delta bank» АҚ, «LANDSBANKI» АҚ.

Айта кету керек, екi эмитенттiң («Имсталькон» АҚ және «РЭМИКС-Р» АҚ) бұрынғы басшылары мен акционерлерiне қатысты сотқа дейiнгi тергеу аяқталды. Iс материалдары сотқа қарау үшiн берiлдi. Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрiлген залалды өтеу мақсатында Қор БЖЗҚ зейнетақы активтерiне келтiрiлген залалды өтеу туралы талап-арыз бердi. Айыптау үкiмi шығарылған жағдайда бұл залал да өтелуге жатады.

Осы ұйымдардың бiрқатар басшыларының тергеу органдарынан жалтарып отырғанын атап өту маңызды. Осыған байланысты бүгiнгi күнi «Имсталькон» АҚ бұрынғы басшысы және акционерi Владимир Кананыхин, «РЭМИКС-Р» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Тимур Беспаев, сондай-ақ, «Казнефтехим» АҚ басшысы және акционерi Едiл Киришев iздестiрiлуде. Оларды iздеу екi жылдан астам уақыт бойы жүргiзiлiп келедi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 17.08.2020 13:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.08.2020 13:02
Қаралым саны: 215

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz