A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ЭКСПО-2017

Astana EXPO-2017 көрмесiндегi Францияның «Жасыл энергетикасы»
және мәдени дәстүрлерi

Астана қ.                                                                                                 2017 жылғы 22 мамыр

«Экоқала», «Жаңартылатын энергия» және «Экологиялық көлiк» — ЭКСПО-2017 көрмесiндегi Франция павильонының негiзгi үш тқырыбы. Бұл туралы бүгiнгi пресс-конференция барысында Франция павильонының бас комиссары Паскаль Лоро айтты. Ол халықаралық көрме шеңберiнде Франция Республикасы болашақ энергетика саласында жеткен ең үздiк жетiстiктерiн көрсетедi деп атап өттi.

«Францияның ұлттық павильоны Францияның үздiк кәсiпорындары әзiрлеген технологиялық инновациялар витринасы болады. Бiздiң павильон инновациялық технологиялар саласындағы бiздiң iскерлiгiмiз бен әлеуетiмiздi көрсетедi. Мұнда әртүрлi уақытта Франциядағы iрi компаниялардың, стартаптардың және мемлекеттiк мекемелердiң өкiлдерi келедi, сондай-ақ ғалымдарымыз энергетика саласындағы өз жұмыстарын ұсынады», — деп мәлiмдедi Паскаль Лоро.

Паскаль Лоро өз сөзiнде көрме павильонының жалпы концепциясымен таныстырды. Оның айтуынша, келушiлер павильонның алдына iлiнетiн Франция өнер қайраткерлерiнiң жұмыстарын және көркем фотосуреттердi тамашалай алады. Сонымен қатар, Франция павильонының бас комиссары Франция павильонына келетiн адамдар үшiн үш ай бойы тегiн семинарлар, мастер-кластар және ғылыми конференциялар ұйымдастырылады дедi.

«Павильонның конференц-залында үш ай бойы көптеген семинарлар, мастер-кластар және ғылыми конференциялар ұйымдастырылады, оны тамашалаған көрме қонақтары болашақ энергетикасы саласындағы Францияның инновациялық технологиялары, сондай-ақ бiлiм беру, мәдениет және франкофония салаларындағы Франция мен Қазақстан ынтымақтастығы туралы көптеген қызықты мәлiметтер ала алады», — дедi Паскаль Лоро.

***

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 2013 жылғы 15 қаңтарда «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесiн дайындау және өткiзу мақсатында құрылды.

Қосымша ақпарат алу үшiн Қоғаммен байланыс департаментiне хабарласыңыз: тел.: +7(7172)938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com


Венецияда алдағы ЭКСПО көпшiлiкке таныстырылды

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысы кеңсесiнде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есiмов пен Венецияның Қазақстандағы Құрметтi Консулы және «Venicecom Group» бiрлестiгiнiң Президентi Пьерлуиджи Алуизио кездестi.

Кездесу барысында Құрметтi Консул Венецияда ағымдағы жылдың 25-ақпанында Астанада өтетiн «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiне арналған карнавалы ұйымдастырылды деп хабарлады. Шара барысында италиялықтар мен халықаралық делегаттар өкiлiне қазақтың салт-дәстүрi мен мәдениетi таныстырылды.

«Венеция қонақтары мен италиялықтар алдағы уақытта өтетiн ЭКСПО-2017 көрмесiнiң материалдарын үлкен экраннан тамашалады. Венециялықтар қазақ халқының тұрмысына қызығушылық танытты. Шара соңында Венецияға Қазақстанның жалауы сыйға тартылды және барлық қатысушылар Астанада өтетiн iрi халықаралық iс шараға шақырту алды», — дедi П.Алуизио.

Ахметжан Есiмов өз кезегiнде, бүгiнгi күнге 115 ел мен 20 халықаралық ұйымдар көрмеге қатысуға келiсiм бергенiн атап өттi. Ал 41 ел өз павильондарын қабылдап, экспозицияларды тематикалық рәсiмдеуге кiрiстi деп мәлiмдедi. Басқарма басшысы Италияның экспозициясы жаңғыртылған энергия көздерi саласын ұйымдастыруда өзiнiң үздiк жобалары мен жетiстiктерiн көрсететiне нық сенiмiн бiлдiрдi.

Еске сала кетелiк, Астана қаласында өтетiн ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесi 2017 жылы маусымның 10-нан қыркүйектiң 10-на дейiн жалғасады, көрмеге келушiлер саны 5 миллиондай болады деп күтiлуде.


ЭКСПО аумағында ҚР IIМ Iшкi iстер бөлiмi ашылды

14.03.2017 ж. ЭКСПО аумағында ҚР IIМ Iшкi iстер бөлiмiнiң ресми ашылу рәсiмi өттi. Iс-шараға IIМ өкiлдерi, Астана қаласы IIД басшылығы, ЭКСПО қауiпсiздiк қызметi мен БАҚ өкiлдерi қатысты.

Жиын барысында Астана қаласы бойынша Iшкi iстер департаментiнiң басшысы Амантай Әубәкiров БАҚ өкiлдерiне жаңадан ашылған Iшкi iстер бөлiмiн таныстырды. Онда заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған кабинеттер, тир, спортзал және т.б. бөлмелер бар.

ЭКСПО-2017 жобасы аумағында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттык компаниясы мен құқық қорғау органдары бiрiгiп әрекет етуге қатысты ортақ жоспар құрып, сол жоспардың орындалуын жүзеге асыратын болады. Осыған қатысты тиiстi жұмыстар атқарылуда.

«ЭКСПО аумағында қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге 9 мыңға жуық құқық қорғау органдарының өкiлдерi мен Ұлттық гвардия мен Қорғаныс министрлiгiнiң әскерилерi, сондай-ақ жеке күзет құрылымы мен ерiктiлер жұмылдырылады. Шетел азаматтарының өтiнiштерiне дер кезiнде әрекет ету үшiн полиция қызметкерлерiне ағылшын тiлiн меңгеру курстары жүргiзiлдi» — дедi Астана қаласы IIД Басшысы Амантай Әубәкiров.

Астана мен Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда және ЭКСПО-ның Халыққа қызмет көрсету орталығында, сондай-ақ, қаланың 40 қонақ үйiнде миграциялық бақылау жұмыстарын тездету үшiн миграциялық пунктер қарастырылған. Шетелдiк азаматтарды тiркеу процесiн жеңiлдету мақсатында қаладағы 23 қонақ үйде, заңды және жеке тұлғалардың өтiнiмдерi бойынша автоматтандырылған режимде Электрондық Үкiмет порталы арқылы шетелдiк қонақтарды онлайн-тiркеу жүргiзiлетiн болады.

Ал, ЭКСПО-дағы қауiпсiздiк мәселесiне келетiн болсақ, шараны ұйымдастырушылар Шанхай, Йосу, Миланда өткен халықаралық көрмелер мен Баку және Сочиде өткен спорттық жарыстардаға халықаралық тәжiрбиенi егжей-тегжейлi меңгердi.

«Жұмыс қорытындысы бойынша «ЭКСПО-2017 кешендi қауiпсiздiк жүйесi» жобасы құрылып, жүзеге асырылатын болады. Онда әлемдiк жетекшi өндiрушiлердiң қауiпсiздiк саласындағы техникалық жетiстiктерi қолданылады. Кiру топтарына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, тексеру құралдарымен жабдықтау, көрме аумағында келушi қонақтарға жайлылық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, тыйым салынған заттарды мiндеттi түрде тексеруден өту талап етiледi. Мүмкiндiгi шектеулi азаматтар мен жүктi әйелдерге, балаларға арналған бөлек жол қарастырылған» — деп баяндады Ұлттық компания қауiпсiздiк Департаментiнiң Директоры Рустам Чакенов.

ЭКСПО аумағында жедел әрекет ету үшiн Астана қаласы IIД оперативтi басқару Орталығына қосылған 2 мыңнан астам бейне-бақылау камералары орнатылған және адам тану мiндеттерiн атқаратын 140 бейне камералары бар.

«IIМ Басшысы жетекшiлiгiмен тиiстi мемлекеттiк органдары, сондай-ақ, қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету орталығымен бiрлесе отырып, ЭКСПО аумағында ведомства аралық оперативтi штабы құрылды. Қазақстанда өтетiн жаhандық жобаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде жаңадан ашылған Iшкi iстер бөлiмiнiң маңызы зор» — деп қорытындылады Астана қаласы IIД Басшысы Әубәкiров Амантай Ақрамұлы.

Еске сала кетейiк, 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек аралығанда Астана қаласында өтетiн Халықаралық мамандандырылған көрмеге 5 млн.-нан астам келушiлер күтiлуде.


ҚР Ақпарат және коммуникация Министрi ЭКСПО-2017 көрмесi аясында жиналыс өткiздi

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушы кеңсесiнде ҚР Ақпарат және коммуникация Министрi Дәурен Абаев және АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы мен орталық бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен жиналыс өткiздi. Ахметжан Есiмов Елбасы 2015 жылдың 13 шiлдесi берген тапсырмасын бұлжытпай орындаудың қажеттiлiгi көрменiң сапалы өтуiне байланысты екендiгiн жеткiздi.

Көрменiң басты назары тарихи маңыздылыққа берiлiп отыр. Сондай-ақ, мамандандырылған көрме кезiнде Қазақстанның халықаралық дәрежесiн нығайтуға көп септiгiн тигiзедi.

Сонымен қатар, кездесу барысында тағы бiр басты нысан талқыланды. БАҚ өкiлдерi ЭКСПО-2017 көрмесiне дайындықты сауатты әрi кәсiби түрде жүргiзiп, басылымдар мен редакциялық саясаттың бiрегейлiгiн қамтамасыз ету мәселелерi қозғалды.

«Қазақстанның беделi бұл шараның қалай өтетiнiне байланысты екенiн түсiнемiз» — деп атап өттi Дәурен Абаев.

Кездесу қатысушыларының пiкiрiнше, көрме дамуына байланысты кешендi бағдарлама дайындалып, ол қарапайым халыққа республикалық БАҚ өкiлдерiнiң тұтыну қызығушылығы бойынша жұмыс жасайтын болады.


Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесiн өткiзу құқығына дауыс берудiң қорытындысы бойынша қазақстандықтарға сөз арнады

23.11.2012

Халықаралық көрмелер бюросының 152-шi Бас Ассамблеясында жабық дауыс берудiң нәтижесiнде Қазақстанның елордасы көп дауыс иеленiп, Бельгияның Льеж қаласын басып озды және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесi өтетiн қала болып жарияланды.

Мемлекет басшысы өз сөзiнде «ЭКСПО-2017» көрмесiн Астанада өткiзу туралы шешiм тарихи оқиға болып саналатынын атап көрсеттi.

- «ЭКСПО» көрмелерiнде әлемнiң барлық мемлекетi өздерiнiң ең үздiк технологиялық, ғылыми, мәдени жетiстiктерiн көрсетедi. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртiбiн қалыптастырады. Мұндай iс-шараға барлық құрлықтың ондаған елiнен миллиондаған адам қатысады. Бәсi биiк бәсекеде Астананың жеңiп шығуы бекерден бекер емес. Бiрiншiден, елордамыздың әлемдiк деңгейдегi шараны лайықты өткiзе алатын орталық ретiнде қалыптасқаны баршаға белгiлi болды. Екiншiден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешiлуi мемлекетiмiздiң табыстары жоғары бағаланғанын бiлдiредi және Еуразия өңiрiнде де оның даму келешегi кемел екенiн айғақтай түседi. Үшiншiден, бiздiң «Болашақтың энергиясы» атты өзектi тақырыпты ұсынуымыз жеңiске жетуiмiзге көмектестi. Ең бастысы, Астананың таңдалуы — Қазақстанның барша халқының күш-жiгерiнiң нақты жемiсi, — дедi Қазақстан Президентi.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды жеңiспен құттықтады.

- Ендi бiздiң алдымызда «ЭКСПО-2017» көрмесiн лайықты деңгейде өткiзу мiндетi тұр. Бұл елiмiз үшiн емтихан ғана емес, көрме бiздiң жасампаз әлеуетiмiздi ашуға мүмкiндiк бередi. Астанада «ЭКСПО» көрмесiн өткiзу республикамыздың инновациялық дамуына серпiн бередi, — деп атап өттi Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентi елiмiз осы жауапты миссияны атқарып шығатынына сенiм бiлдiрдi.

Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесi техникалық және технологиялық жетiстiктердi, сондай-ақ оған мүше елдердiң тарихын, дәстүрi мен мәдениетiн көрсету үшiн өткiзiледi.

Бұл көрме бүкiл әлемдiк қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзiне аударатын iрi оқиға болып саналады. Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесi экономикалық, әлеуметтiк, мәдени дамудың жаңа үрдiстерiн қалыптастыру алаңы қызметiн атқарады.

Нақтылы ақпаратты www.expo2017astana.com сайтынан ала аласыз.

Мақаланың шыққан күні: 22.12.2017 10:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2017 11:05
Қаралым саны: 533

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz