A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БЖЗҚ табыстылығы инфляцияны басып озды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «23» сәуiр

БЖЗҚ табыстылығы инфляцияны басып озды

2017 жылы БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 550,6 млрд теңге болды. Бұл ретте Қордың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 7,92 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейi 7,1 пайыз болғаны белгiлi.

Табыстылық деңгейi зейнетақы активтерiн бiрiктiру кезеңiнен (2014 ж.) бастап, 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi аралықта орта есеппен инфляция деңгейiнен жоғары болды. Бұл кезеңде зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 43,24 пайызды, ал инфляция деңгейi 41,76 пайызды құрады. Жылдарға бөлiп қарайтын болсақ, табыстылық пен инфляция деңгейiн былайша салыстыруға болады:

Жыл Табыстылық деңгейі Инфляция
2014 6,31% 7,40%
2015 15,65% 13,6%
2016 7,95% 8,5%
2017 7,92% 7,1%

Қосымша айта кетелiк, бизнес-үдерiстердi оңтайландыру, тиiмсiз шығындарды қысқарту, жаңа электрондық қызметтердi енгiзу және олардың үлесiн арттыру бойынша жүргiзiлген жұмыстар Қорға зейнетақы активтерiнен алынатын комиссиялық сыйақының шамасын 2018 жылға айына 0,0225 пайыздан 0,015 пайызға дейiн қысқартуға мүмкiндiк бердi.

Осылайша, 2018 жылы зейнетақы активтерiнен алынатын комиссиялық сыйақының шамасы 33 пайызға азайтылады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 17.05.2018 11:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.05.2018 11:59
Қаралым саны: 1647

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz