A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Дін және зайырлы мемлекет ұстанымы

Бүгiнгi Қазақстанда дiн бiздiң қоғамдық өмiрiмiзде елеулi орынға ие екендiгi белгiлi, егер қоғамда қандай- да бiр жаңа құбылыстар пайда болған болса,оны реттейтiн заңнамалық нормалардың қажеттiлiгiнiң тууы және ондай тетiктердiң жасалуы заңды деуiмiз керек. Әлемнiң қалыптасқан, дамыған мемлекеттерiнiң барлығында сол елдердiң Конституциясы мен заңдарына дәстүрлi мәдени ұстанымына басымдық берiлген.Елiмiздiң басты заңы — Қазақстан Конституциясында елiмiздiң зайырлы, демократиялық, әлеуметтiк мемлекетекендiгi айқын көрсетiлген. Осы негiзгi заңымызда түрлi дiндер мен дiнге сенушiлердiң Қазақстан заңдары алдындағы теңдiгi,дiн ұстану еркiндiктерi нақты бекiтiлген. Дiни қатынастардың соңғы ширек ғасыр iшiнде қарқынды дамуы, дiни бiрлестiктердiң санының артуы, халықтың едәуiр бөлiгiнiң дiни үдерiстерге араласуы бұл саладағы Қазақстан заңдарын өмiр шындығына неғұрлым жақындатып, қайтадан құрлымдауды талап еттi. Себебi бұрынғы заңда дiни қатынастардың көптеген қырлары қамтылмай келгендiктен, қоғамдық өмiрiмiзде дiни қатынастарда көптеген шиеленiстер мен қайшылықтар пайда болды. Ел халқының рухани бiрлiгi мен кейде денсаулық жағдайларына елеулi қауiп-қатерлер көрiнiс бергенi жұртшылыққа белгiлi. Ең бастысы кейбiр азаматтар мемлекетiмiздiң зайырлы сипаттылығын, дiни қатынастарды реттеудегi мемлекеттiң рөлiн жете түсiнбедi.

Елбасымыз өзiнiң сөйлеген сөзiнде Қазақстанда дiннiң мемлекеттен, бiлiм беру жүйесiнен бөлiнгендiгiн, мелекеттiң бұл саладағы қатынастарды реттеуден сырт қала алмайтындығын ерекше атап өтiп, дiннiң аса зор адамгершiлiк құндылықтарға сүйенетiн гуманистiк потенциалға екендiгiн,оны бiздiң елiмiздегi дiнаралық келiсiмдi,дiни радикализнiң алдын алуға, қазақтандық патриотизмдi дамытуға барынша пайдалану керектiгiн айтқан болатын.

2011 жылғы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңы» осы салада қабылданған Еуропа және Азияның дамыған елдерiнiң заңдарының тәжiрибесi негiзiнде ұлттық заңың жаңа үлгiсiн дүниеге әкелдi. Бұл заң Қазақстан мемлекетнiң зайырлылық сипатын нақты түрде айқындады мысалы ендiгi жерде дiни ғұрыптар тек дiни ғимараттарда немесе дiн ұстанушы азаматтардың өз үйлерiнде, зираттарда атқаруға мұрсат берiлген,ал мемлекеттiк нысандағы ғимараттарда,зайырлы оқу орындарда дiни ғұрыптарды атқаруға заңмен тиым салынды. Сондай-ақ дiни әдебиеттердi сараптамадан өткiзу, оларды таратудың да нақты ережелерi заңмен реттелiнген. Зайырлы оқу орындарындағы жүрiс-тұрысы киiм үлгiлерi де сол мекеменiң iшкi тәртiбi ережелерiне сай болу қажеттiлiгi талап етiледi. Осыған байланысты «Бiлiм беру» заңына,басқа да заңдарға бiрқатар өзгертулер мен толықтыруар енгiзiлдi. Бiздiң елiмiздегi мемлекеттiң зайырлылық сипатын дiни бiрлестiктердiң саяси науқандарға ұйым ретiнде қатынасға тиым салынғанынан да аңғаруға болады. Ал жеке азамат ретiнде дiнге сенушi саяси науқандарға қатынасуына барлық заңды жағдайлар жасалған.

Қазақстан құқықтық мемлекет ретiнде бұл саладағы қатынастарды реттеуде ең алдымен Заңның жоғарылығы қағидасын басшылыққа алған және ол жеке азаматтардың бостандықтарын қорғаудың ең жоғарғы формасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының завңнамасына сәйкес зайырлы мемлекеттiң негiзгi қағидалары мыналар болып табылады:

1) мемлекеттiң зайырлы сипаты және оның институтарының дiни конфессияларға қтысты бейтаратылығы;

2) дiни сенiмiне немессе зайырлы бiрлестiкке тиiстiлiгiне қарамастан азаматтар мен адамдардың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi;

2) дiни бiрлестiктердiң заң алдындағы теңдiгi;

3) халықтың ұлттық дәстүрлерi мен әдет-ғұрпын, менталдық ерекшелiктерiн құрметтеу;

4) Дiни сенiм бостандығына байланысты кейбiр шектеулер жеке адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерiне, денсаулығын қорғауға, адамгершiлiк қағидаларын сақтауға, елiмiздiң конституциялық құрлысын, қорғанысын қамтамасыз ету мәселелерiне байланысты болуы мүмкiн.

Аталған қағидалар елiмiздiң негiзгi заңы -Конститтуциямыз бен басқа да дiни-конфессионалдық қатынастарға қатысты заңдарда айқын әрi нақты көрсетiлген. Демек, дiни бiрлестiкер өз қызметiн Қазақстан республикасы заңдары аясында қызмет етiп, өз жұмысын заңдық нормаларға сай ұымдастыруға тиiстi. Дiнаралық қатынастардағы заң бұзушылық үшiн жауапкершiлiк дiни бiрлестiктер мен жеке азаматтар, мемлекеттiк органдар мен мелекет қызметкерлерi үшiн ортақ.

Қазақстан мемлекетiнiң зайырлық сипаты дiни бiрлестiктердiң мемлекеттен бөлiнуi дегенiмiз дiни бiрлестiктер мемлекеттiк iстерге араласпайды, мемлекеттiк қызмет атқармайды,саясатпен айналыспайды. Заң бойынша дiни негiзде саяси партия құруға тиым салынады. Дiни ғұрыптарыдың мемлекеттiк мекемелерде атқарылуына,ме,млекеттiк қызметпен бiрге жүргiзiлуiне жол берiлмейдi.

.Мемлекет дiни бiрлестiктердiң заңдарын құрметтейдi және олардың жұмыстарының өз ұстаным нормаларына сәйкес ұйымдастыруына, соның iшнде дiн қызметкерлерiн тағайындауға, сайлауға, дiн қызметкерлерiн сырттан шақыруға мүмкiндiк бередi.

Қазақстан заңнамасы дiни нормалармен байланысты емес, жалпы адамгершiлiк қағидаларды ескергенiмен дiнге негiзделмейдi. Қазақстанда дiни бiрлестiктердiң қабылдаған актiлерi заңға негiздеме бола алмайды. Елiмiздегi Сот жүйесi де дiннiң ықпалынан тыс саналады.

Мемлекет азаматтар мен дiни бiрлестiктердiң дiни сенiмге қатысты құқықтарының жүзеге асуына,дiни ғұрыптардың атқарылуына, дiни бiлiм алуға, дiни әдебиеттермен қамтамасыз етуге, садақа алуға және шетелдердегi дiндестерiмен байланыс жасауға кедергi келтiрмейдi.

Дiннiң мемлекеттен бөлiнуi азаматтарды қоғамдық — саяси өмiрден тыс қалдыру дегендi бiлдiрмейдi,керсiнше мемлекет оларды тең құқылы азаматтар есебiнде әлеуметке пайдалы iстерге: қайрымдылық, мәдени-ағартушылық, гуманитарлық шараларға тартады. Мемлекет дiни бiрлестiктердi тура қаржыландырмағанымен,тарихи мәдени маңызы бар дiни ғимраттарды қайта қалпына келтiруге, жөндеуге көмектесе алады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк және басқа да бiлiм беру мекемелерiндегi оқу-тәрбие жұмысының зайырлы зайырлы сипатын қамтамасыз етедi. Мемлекет дiни бiрлестiктердiң iшкi iстерiне араласпау ұстанымын басшылыққа алып дiни автономия құқын тани отыра, Қазақстан азаматтарының дiни бiрлестiктердiң заңды құқықтары бұзылған жағдайда мемлекет заңдық тұрғыдан ол мәселелерге араласу құқығын сақтайды және оны құқықтық заң аясында жүзеге асырады.

Бiр сөбен қортындылай келгенде Қазақстан осы зманғы зайырлы мемлекеттер санатына кiредi және бiздiң елiмiзде азаматтардың дiни бостандықтары мен еркiндiктерi толық қамтамасыз етiлген.

Мақаланың шыққан күні: 17.12.2017 21:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 21:30
Қаралым саны: 693

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz