A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БЖЗҚ-да «Ашық есік күні» өтеді

2018 жылдың 20 маусымында БЖЗҚ-ның республикадағы барлық аймақтық филиалдарында биылғы жылғы екiншi «Ашық есiк күнi» өткiзiлмек. Шараға барлық ниет бiлдiрушiлер қатыса алады. Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы хабарлау әдiстерi».

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықпен зейнетақы жүйесiне қатысты кешендi сұрақтар бойынша түсiндiрмелiк жұмыстар жүргiзудi жалғастыра бермек. Зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартумен; зейнетақы жинақтарын төлеумен және есептеумен айналысады; салымшылар мен алушыларға олардың жеке зейнетақы шоттарының жай-күйi туралы хабарлап отырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Жеке зейнетақы шоттарының (ЖШС) жай-күйi туралы хабарлаудың 6 тәсiлi бар: БЖЗҚ-ның жеке қызмет көрсету орталықтарына бару немесе сенiмдi өкiл жiберу арқылы; пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтында «Жеке кабинет» ашу арқылы немесе «e-mail-ге ЖЗШ-дан үзiндi –көшiрме алу» қызметi арқылы; ENPF ұялы қосымшасы арқылы, EGOV.KZ электрондық үкiметiнiң порталы арқылы. 2017 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ операцияларының 52 пайызы электрондық әдiспен көрсетiлген. Қордың корпоративтiк стратегиясына сай, бұл көрсеткiштi 2021 жылы 60 пайызға жеткiзу көзделiп отыр.

Ашық есiк күнiне келушiлерге зейнетақы жарналарының түрлерi мен жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат алу әдiстерi түсiндiрiледi. Сонымен қатар, Қор қызметкерлерi шараға қатысушыларға жеке сұрақтары бойынша кеңес бередi.

«Ашық есiк күнi» жобасы БЖЗҚ-да 2017 жылдың қаңтар айынан бастап тоқсан сайын өткiзiлiп келедi. Осы кезеңде шараға 19 мыңға тарта адам қатысты.

Шараға қатысуға бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн шақырамыз.

Басталуы: 20 маусым 2018 жыл; сағат 10:00 мен 17:00 аралығында

Өткiзiлетiн орны: Көкшетау қаласы, Горький көшесi 29 «Б»

Мақаланың шыққан күні: 05.06.2018 17:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.06.2018 17:18
Қаралым саны: 388

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz