A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Цифрлық телевизия дегеніңізтегін

Цифрлық эфирлiк телехабар таратуға (ЦЭТТ) көшу –«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясындағы әлеуметтiк мемлекеттiк жоба. Оның басты мiндетi — қала мен ауылдың әрбiр тұрғынына отандық телеарналарға тегiн қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету.

Бүгiнгi таңда цифрлық эфирлiк хабар тарату қазiрдiң өзiнде ел халқының 83%-ын қамтып үлгердi. 446 радиотелевизиялық станция (РТС) салынып, жаңғыртылды. ЦЭТТ-мен қамтылмаған елдi мекендер OTAU TV ұлттық жерсерiктiк телевизиясына қосылады.

Өткен жылдың күзiнде Маңғыстау, Түркiстан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары цифрлық хабар таратуға көшiп, қазiргi кезде отандық арналарды тегiн көруде.

2019 жылдың маусымында жаңа пiшiмге Павлодар, Қостанай және Алматы облыстары көшедi. 2020 жылдың аяғына дейiн Шығыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары қосылады. Ал Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалалары цифрлық хабар таратуға 2021 жылы өтедi.

Осылайша мемлекет қала мен ауыл тұрғындары арасындағы ақпараттық теңсiздiк проблемасын шешедi.

Бұл дегенiңiз, бұған дейiн 4-5 қазақстандық телеарна көрiп келген ауыл халқы ендi 15 шақты телеарнаны тамашалайды деген сөз. Ал облыс орталықтары мен оған жақын маңдағы елдi мекендерде дыбыс пен бейненi цифрлық сапада көрсететiн 30 шақты телеарна қолжетiмдi болады.

Бұл үшiн халыққа қымбат тұратын жерсерiктiк «тәрелкелердi» орнатып, абоненттiк төлем төлеу қажет болмайды. Әркiм өз теледидарын қарапайым дециметрлiк антенна мен цифрлық сигнал қабылдайтын жабдықтың (ресивер) көмегiмен цифрлық эфирлiк хабар таратуға қосса, жетiп жатыр.

Мақаланың шыққан күні: 12.03.2019 17:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.03.2019 17:39
Қаралым саны: 1115

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz