A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Жиі қойылатын сұрақтар
ТҮКШ саласында
1 Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұру үшін қайда өтініш білдіруіме болады? Сізге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне есепке тұру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе электронды-цифрлы қолтаңбасы бар «электрондық үкіметтің» веб-порталына www.egov.kz. өтініш білдіруге кеңес береміз.
2 Тұрғын үй алуға кезекке қою үшін қандай құжаттар қажет? 1) өтініш берушіде және үнемі онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге жергілікті атқарушы органның келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және өтініш берушімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы аумақтық әділет органының анықтамалары.4) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;5) өтініш беруші (отбасының) бір сатыға жататындығының тиесілігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынады.
3 Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне кім тұра алады? «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67- бабы, 1-тармағына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұракты тұратын,тұрғын үйге мұктажжәне есепте тұрған: 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;оралмандар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;көп балалы отбасылар;мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;толық емес отбасыларға жататың) Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
4 Баспананы жақында ала аламын ба? Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар.Қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес, сіз мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үймен бекітілген тізімдегі кезек тәртібімен қамтамасыз етілетін боласыз.
5 Кезек неге баяу жылжиды? Кезектің жылжуы тұрғын үйлердің құрылысына және пайдалануға берілуіне қарай, сонымен қатар кезектегілердің тізіміне түгендеу өткізу бойынша жүреді.
Жер қатынастары саласында
1 ҚР азаматы жалға алынған жерді сатып алуы мүмкін бе? Жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бұған дейін оған жер пайдалануға берілген жер учаскесін сатып алу ниетін білдірген кезде, бұл тұлға аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне өтініш береді.Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті орган кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жер учаскесінің кадастрлық құнын (бағасын) бекітеді және 2021 жылға дейін мораторий жарияланған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды.
2 Мемлекет егер жер учаскесі мақсаты бойынша пайдаланылмаса, оны алып қоюы мүмкін бе? Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 бабына сәйкес – жер учаскесін игерудің мерзімі мен жағдайларын жергілікті атқарушы органдармен осы аумақта жерді аймақтарға бөлуге және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес белгіленген берілетін жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен жердің құқықтық режиміне қарай айқындалады.Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.
3 Жер учаскесін жалға алу шартын ұзарту үшін қандай органға және қандай мерзімде өтініш білдіру қажет? ҚР Жер кодексінің 37-бабына сәйкес - Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
4 Коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін қалай алуға болады? Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда), Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабындағы 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүзеге асырылады.Сауда-саттық, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электронды түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.Жер учаскелерінің сауда-саттыққа шығарылатыны туралы ақпарат мерзімді баспасөз басылымдарында және сатушының интернет-ресурсында жарияланады.
Әлеуметтік салада
1 Аудандық бюджеттен туберкулез ауруларына, онкологиялық және АИТВ-инфекциясына шалдыққан науқастарға қандай көмек көрсетіледі? Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № С 20-2 «Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес аудандық орталық аурухананың анықтамасы бойынша ауданда әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша (туберкулез ауруларына, онкологиялық ауруларға және АИТВ - инфекциясына) 15 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
2 Ымдау тілі мамандарының әлеуметтік қызметтерді алуына құжаттарды ресімдеу үшін қайда жолығу керек ? Тұрақты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолығу керек. Өзімен келесі құжаттар болуы тиіс: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан үзінді жазба; 3) мүгедектік туралы анықтама.Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, кейін өтініш иесіне қайтарылады.
3 Баланың тууын тіркеу үшін қандай органдарға жүгіну қажет? Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар көрсетеді, азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ филиалының «ХҚКО» - немесе электрондық үкімет порталы арқылы баланың тууын тіркеуге өтініш бере алады – мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 2 жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), сондай-ақ баланың туу жөніндегі қызмет проактивті форматта көрсетіледі. Енді жаңа туған нәрестелерді тіркеуге өтініш автоматты түрде (SMS хабарлама арқылы) ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқылы келіп түседі, 3 сағаттан кейін баланың туу туралы куәлігін тіркеуші органнан алуға болады.
4 Заң негізінде дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы үй сатып алу үшін жеңілдікті несие және көтерме жәрдемақыны қалай алуға болады? «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала және ветеринария (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агрономдар, ветеринарлық дәрігерлер, ветеринарлық фельдшерлер, ветеринарлық техниктер, зоотехниктер, инженер-технологтар, балық өсірушілер, технологтар, фермерлер) мамандарына келесі қолдау шаралары ұсынылады:- 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (2017 жылға – 158 830 теңге) бір жолғы көтермелі жәрдемақы;- 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (2017 жылға – 3 403 500 теңге), мерзімі 15 жылға дейін, жылдық 0,01%.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 8-тармағындағы 2) тармақшасына сәйкес, көтермелі жәрдемақы және үй сатып алуға бюджеттік несие алған кезде маман әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама;құжаттарды дұрыс немесе толық топтамасын ұсынбау фактісі әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
5 Мүгедектерді кресло-арбалармен қамтамасыз ету кезінде қандай нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады? ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұратын құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларымен.
Архив ісі
1 Еңбек өтілін растау үшін архивтік анықтаманы қалай алуға болады? Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 7 наурыздан №57 бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ақмола облысының мемлекеттік архивінде жүзеге асырылады. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) Қызмет көрсетуінің кеңесі (мемлекеттік архив) 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшелері; 3) «Электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады
Ауыл шаруашылығы саласында
1 ЖҚШ-ны ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірудің артықшылығы неде? 1. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылтайшылары өздерінің заңды мәртебесін (ШҚ, ЖҚШ және т.б.) және өзінің мүлкін сақтайды, яғни, өз жерлерінің, өнімдерінің, техникаларының және т.б. мүліктерінің иелері болып қала беруі; 2. Өнімді қайта өңдеу кәсіпорнына дейін (делдалсыз) өткізуге кепілдік беру; 3. Алғашқы өңдеуден өткен өнімдерді өткізу есебінен өнім сапасы мен өнімнен алынған кірістердің артуы; 4.Ауыл шаруашылығы кооперативі кірісінен кооператив мүшесінің өндірістік және шаруашылық қызметіне қатысуына қарай тепе-тең түрде дивидент алу; 5. Кооператив қызметтерін өзіндік құн бойынша ұсыну; 6. Кооператив мүшелерінің мүдделері қорғалады және өндірістік, ұйымдастыру, экономикалық және басқа да мәселелерді шешу кезінде жер жарнасына төленетін жарнаға қарамастан кооперативтің жалпы жиналысында кооператив мүшесінің дауыс беру құқығының болуы (1 мүше - 1 дауыс); 7. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің (ШҚ, ЖҚШ және т.б.) ЖЖМ, тыңайтқыш, тұқым, гербицид, мал азықтарын және басқаларын сатып алған кезде шығындарын қысқарту; 8. Ауыл шаруашылығы кооперативі мамандарынан (агроном, ветеринар және т.б.) ақпараттық-консультативтік көмекті өтемсіз алу; 9. Жерлерді, ауыл шаруашылығы техникаларын, өнім өндірісінің озық технологиясын бірлесіп пайдалану мүмкіндігі; 10. Кооперацияның бірлескен объектілерін ұйымдастыру мүмкіндігі (кооператив иесі); 11. Мемлекеттік қолдау шараларын, ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне беру:- субсидиялар (гербицидтердің, тыңайтқыштардың, тұқымдардың, өнімдердің және басқалардың құнын субсидиялау), сатып алынған а/ш техникасын, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, қайта өңдеу бойынша техникалық жабдықтарды және т.б. инвестициялық субсидиялау;- жылдың пайыздық мөлшерлемесі 6% болып табылатын 3-5 жылға 3-16 млн. теңге көлемінде жеңілдікпен кредит беру («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы) а/ш жануарларын өсіруге, бордақылауға, сүт қабылдау пунктін, мал сою цехын, мал азығы цехын және басқаларын ұйымдастыруға).
Ветеринария саласында
1 «Ветеринарлық анықтама беру» мемлекеттік көрсетуінің мерзімдері қандай? Ветеринарлық анықтама жүгінген күн ішінде беріледі.
2 Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін қандай құжаттарды ұсыну қажет?
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжат көшірмесі; 4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің құнын төлегенін растайтың құжат.
3 Ауыл шаруашылық малдарын тасымалдау үшін қажетті құжаттар? Ақкөл ауданының әкімдігі жанындағы «Акколь Ветсервис» жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны № 1 формасындағы ветеринарлық анықтама берілетін.
4 Жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестеруге міндетті ме? Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы занының 25 бабы 5,6 тармақшасына сәйкес жеке және заңдв тұлғалар міндетті: ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге; жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына: жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені; жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
Мақаланың шыққан күні: 25.09.2018 16:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.03.2019 15:28
Қаралым саны: 801

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz