A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы катализатор болып табылады

ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiң Салалық экономика департаментiнiң директоры Ержан Қазанбаев Орталық коммуникациялар қызметiндегi баспасөз конференция барысында «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасын 2015-2016 жылдарда жүзеге асырудың қорытындылары бойынша қол жеткен нәтижелердi баяндады.

«Негiзгi автокөлiк жобаларын жүзеге асыру үшiн «шұғыла» қағидаты бойынша 2 жыл iшiнде 616 млрд.теңге бөлiндi. Аталған қаражаттың есебiнен 2 мың шақырым жол құрылыстық-жөндеу жұмыстарымен қамтылды, олардың iшiнде 1,3 мың шақырымнан астам автокөлiк жолы iске қосылды. Ағымдағы жылы аталған бағытқа 356 млрд.теңге қарастырылып отыр. 4,4 мың шақырым автокөлiк жолын құрылыстық-жөндеу жұмыстарымен қамту және 600 шақырымды iске қосу жоспарлануда», — дедi Қазанбаев.

Ол логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшiн 2 жыл iшiнде Мемлекеттiк бағдарлама аясында Ұлттық қордан 95.2 млрд.теңге бөлiнгендiгiн атап өттi. Аталған қаражат Боржақты — Ерсай, Алматы — Шу т/ж желiсiнiң, Құрық п.паромдық өткелiнiң құрылысына бағытталды. Бүгiнде барлық осы нысандар iске қосылды және ел экономикасына белгiлi бiр үлесiн қосуда.

Ержан Қазанбаев сондай-ақ ТКШ инфрақұрылымын және жылу-, сумен жабдықтау және су тарту жүйесiн жаңғырту аясында коммуналдық саланы қайта құру есебiнен жылу-, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерiнiң тозуын 2020 жылға қарай 67%-дан 53%-ға дейiн азайту жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Бұл үшiн 6 мың шақырым жылу-, сумен жабдықтау және су тарту желiлерiн жаңғырту жоспарлануда. Осы мақсатқа Мемлекетiк бағдарламаны жүзеге асыру жылдары 150 млрд.теңге бөлiндi, бұл 1100 шақырым инженерлiк жүйенi, 11 қазандық және 11 насостық стансаны қайта құруға мүмкiндiк бердi. 2017 жылы қосымша 53 млрд.теңге қарастырылуда, бұл 2500 шақырымға тарта жүйенi жаңғыртуға мүмкiндiк бередi», — баяндады Қазанбаев.

Ол Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес 2018 жылға қарай үшауысымдық оқытуды жою және апаттық жағдайдағы мектептердi азайту бойынша, сондай-ақ 3-тен 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен қамтамасыз ету үшiн 110 бiлiм беру нысанының құрылысына (91 мектеп, 19 балабақша) 77 млрд.теңге бөлiнiп отырғанын еске салды.

«Бүгiнде 53 бiлiм беру нысаны iске қосылды, оның 35-i мектеп және 17-сi балабақша. Ағымдағы жылы қосымша 71,7 млрд.теңге жоспарлануда. Бұл бұрын басталған 58 бiлiм беру нысанын аяқтауға және 56 жаңа нысанның құрылысын бастауға мүмкiндiк бередi», — дедi спикер.

Сондай-ақ ол Мемлекеттiк бағдарламаның жеке бағыты — бұл iрi, шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау, сондай-ақ экспорттық және экспорт алдындағы қаржыландыру екендiгiн атап көрсеттi.

«Қазiргi уақытта бөлiнген 230 млрд.теңге (ҰҚ — 200 млрд.теңге, БЖЗҚ -30 млрд.теңге) толық көлемде игерiлдi. Бұл ретте қаражатты екiншi рет пайдалану есебiнен 352 млрд.теңге немесе 152% сомасындағы жобалар қаржыландырылды. Мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру кезеңiнде (а.ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша) өңдеушi өнеркәсiп және экспорттаушыларды қолдау бағытында 14 мың жұмыс орны құрылды және сақталып қалды. 2 086 млрд.теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Шикiзаттық емес экспорт 212 млрд.теңгенi құрады», — айтты Қазанбаев.

Сонымен қатар, ол «Нұрлы жол» Мемлекеттiк бағдарламасының аясында инфрақұрылымдық жобаларды кең ауқымда жүзеге асыру Қазақстанның ұзақмерзiмдiк келешектегi әлеуметтiк-экономикалық дамуының катализаторы болып табылатындығын атап көрсеттi, ол елдiң iшiндегi өңiраралық байланыстарды және әлемдiк көлiктiк жүйеге интеграциялануды қамтамасыз етедi.

«Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi бағыттарын жүзеге асыру есебiнен жылына орта есеппен 120 мың жұмыс орнын сақтап, құруға мүмкiндiк туды, бұл елдiң iскерлiк белсендiлiгiнiң, еңбек өнiмдiлiгiнiң және әлеуметтiк-экономикалық дамуының өсiмiне жағымды әсер етедi», — деп қорытындылады Қазанбаев.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 10:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 10:00
Қаралым саны: 703

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz