A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Бес мыңнан астам турист «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы мұражайды аралады

«Әрбiр халықтың, әрбiр өркениеттiң киелi орындары бар, олар жалпы ұлттық сипатқа ие және бұл сол халықтың әрбiр өкiлiне белгiлi. Бұл рухани дәстүрдiң негiзi, — деп атап өттi Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында.

Мемлекет басшысы өзiнiң бағдарламалық құжатында «Қазақстанның рухани қасиеттi орындары» («киелi география») жобасын ұсынды. Бұл жоба аясында Ақмола облысында қасиеттi мәдени-географиялық белдеу құрылды, оған өңiр мен елдегi 200 киелi орын кiрдi, -деп хабарлайды Iшкi саясат басқармасы.

Олардың iшiнде жалпыұлттық маңызы бар 10 табиғи және тарихи нысан: «Құмай» археологиялық-этнографиялық кешенi, Олжабай батыр жерленген орны, Абылай хан алаңы, Кенесары үңгiрi, Оқжетпес тауы, «Беспақыр» мазары, «Бытығай» кесенесi, Қабанбай батыр кесенесi, Баубек батыр кесенесi, Науан Хазрет атындағы мешiт бар.

Бүгiнгi таңда Ақмола облысында киелi орындарды дәрiптеу, зерттеу және жайластыру бойынша үлкен жұмыс жүргiзiлуде.

Мысалы, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау универсиетi, ҚР IIМ ТЖ комитетiнiң Көкшетау техникалық институтының стууденттерi Зерендi ауданы Кеңөткел ауылындағы «Археология — баға жетпес қазына» археологиялық экспедициясына қатысты. Қола дәуiрiнiң ескерткiштерiн зерттеу қорытындысы бойынша экспедицияға қатысушылар «Balapan» телеарнасындағы «Жұмбақ жер» телевизиялық жобасына қатысты.

Өңiрдiң туристiк әлеуетiн арттыру үшiн «Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы бiрегей археологиялық — этнографиялық мұражай ашылды. Неолит дәуiрiнiң жаңартылған этнопаркi ең көрiктi орындардың бiрi болды. Бiр маусымда мұнда 5 мыңнан астам турист болған.

Өңiрде қасиеттi маңызы бар жерлердi зерттеу жалғасуда. Мысалы, Астрахан ауданында қазақ даласының белгiлi ағартушылары мен қайраткерлерiнiң» жерленген жерi «Тоғыз әулие» ғалымдардың қызығушылығын тудырды.

Астанадан 100 км жерде, Корғалжын ауданындағы кесене зерттелуде. Ғалымдардың болжамы бойынша Қазақ хандығының негiзiн қалаушылардың бiрi Жәнiбек ханға тиесiлi. Бiрегей ғибадат ғимараты Астана қаласы қазақ жерiнiң ортасында, қазақтардың этникалық аумағы қалыптасқан жерде, қазақ мемлекеттiлiгiнiң қайнар көзi пайда болғанын көрсетедi.

Мақаланың шыққан күні: 25.12.2018 15:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.12.2018 15:14
Қаралым саны: 495

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz