A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
13000-нан астам салымшы БЖЗҚ-ның «Мобильдік кеңсе» қызметін пайдаланды

БЖЗҚ әрбiр салымшының қамын ойлап, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын жақсартуға және ақпарат берудiң қосымша ыңғайлы жолдарын жасауға күш салуда. БЖЗҚ-ның салымшылармен қарым-қатынас орнату тәсiлдерiнiң бiрi — салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсететiн «Мобильдiк кеңсе». Жобаның негiзгi мақсаты — халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қолдау, мүгедек адамдарға ақпараттық-кеңес бере отырып, көмек көрсету, сондай-ақ салымшыларға (алушыларға) зейнетақы қызметтерiн БЖЗҚ кеңселерiнен тыс жерлерде де барынша сапалы көрсету. Басқа сөзбен айтқанда, қандай да бiр себептермен, әсiресе денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесiне келе алмайтын адамдарға Қор мамандары өздерi барып қызмет көрсетедi.

«Мобильдiк кеңсе» аясында барлық өңiрде БЖЗҚ-ның өздерi барып қызмет көрсететiн мамандарының командалары құрылды. БЖЗҚ қызметкерлерi салымшымен (алушымен) келiсе отырып, оған ыңғайлы уақыт пен кеңес беретiн орынды белгiлейдi, мүмкiндiгi шектеулi адамдарға Қордың деректер базасына енгiзiп, тиiстi қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар топтамасын жинауға және оларды Қорға жеткiзуге көмектеседi.

2016 жылғы қаңтардан қазан айына дейiнгi аралықта Қор қызметкерлерi төлемдер алуға құқылы, бiрақ Қорға келiп өтiнiш жасамаған I және II топтағы мүгедек (мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген) 13 192 алушымен байланысқа шықты. Бұл тiзiмнiң iшiнен төлемдердi 10 788 адам алып үлгердi. Бұған қоса, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардағы салымшылар деректемелерiн өзгерту, шарттардың телнұсқаларын беру, хабарлау тәсiлiн өзгерту секiлдi қосымша қызметтер де көрсетiлдi. Жасалған операциялардың жалпы саны 38 374-ке жеттi.

Статистика бойынша БЖЗҚ мамандарының мүмкiндiгi жоқ адамдарға барып қызмет көрсетуi өңiрлерге бөлiп қарастырған кезде былай көрiнедi.

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 17:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 17:24
Қаралым саны: 1420

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz