A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ғаламтор желісінде қауіпсіздікпен қамтамасыз ету: «Ақ сайттар тізімі»

2017 жылғы 23 қараша                                                               Астана қаласы

Ғаламтор желiсiнде қауiпсiздiкпен қамтамасыз ету: «Ақ сайттар тiзiмi»

Орталық коммуникациялар қызметiнде «Ақ сайттар тiзiмi» жобасының тұсау кесу рәсiмi өттi. Жоба жас өспiрiмдер мен балалардың қауiпсiз ғаламтормен қолдануға мүмкiндiк бередi.

Қазақстандық «ақ сайттар тiзiмiне» Балалардың толыққанды психологиялық, физикалық, өнегелi дамуына арналған, тәрбиелiк маңыздылығы, тақырыбы мен құрамы бойынша құрастырылған 3556 сайт ендi. Интернет желiлерi мазмұны бойынша бiлiм және ғылым, мәдениет және өнер, ойын-сауық, музыка, кино, телевизия, табиғат, адам, қоғам, спорт және туризм болып бөлiнген.

Жобаның бастамашысы — Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы.

«Жасөспiрiмдер мен балаларды қорғау мақсатында қауiпсiз интернеттiң ақ тiзiмiн URL сүзгiден өткен сайттарды қосу — оңтайлы нұсқа», — деп Ақпарат және коммуникация вице-министрi Алан Ажибаев мәлiмдедi.

Интернет желiлерiнiң контенттiк сүзгiсiн модератор өткiзедi. Демек балаларды ғаламторда қорғау тiкелей бiлiммен байланысты, сол себептi модертаор ретiнде Бiлiм және ғылым министрлiгi өз септiгiн тигiзе алады.

«Ақ тiзiм» балалардың қызығушылығын танымдылық пен дамытушылық ақпаратқа өзгертуге ден бередi. Отбасы, бала-бақша, мектеп, жоғары оқу орын, сонымен қатар мемлекет пен үкiметтiк емес ұйымдардың жасап жатқан әртүрлi деңгейдегi шаралары болашақта жалпы қазақстандық қоғамның ақпараттық мәдениет пен цифрлық бiлiктiлiгiн арттыруға қолғабыс етедi»,- дейдi «Болашақ» Ассоциациясы Кеңесiнiң басшысының мiндетiн атқарушысы, ҚР Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Бахтияр Макен.

Бұл Тiзiмдi жеке тұлғалар үйден қолданса, заңды тұлғалар: оқу орындары, кiтапханалар, мұражайлар мен ғаламтордың балаларға рұқсаты берiлген жерлерде қолдануға мүмкiндiк бередi деп саналуда.

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2017 18:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 18:06
Қаралым саны: 2220

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz