A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Астанам – мақтанышым! Астана – гордость моя!»

Астана қаласының 20-жылдығына арналған iс-шаралар аясында Урюпин селолық кiтапханасында «Астанам — мактанышым! Астана — гордость моя!» тақырыптық кеш өттi.

Урюпин ОМ оқушылары Отанымыздың елордасы — Астанаға арналған өлең тiлектерiн дайындады..

Кiтапханашы Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiмен тығыз байланысты қаланың дамуының негiзгi кезеңдерi және елiмiздiң астанасының жетiстiктерi туралы ақпараттық экскурс өткiздi. Iс-шараға қатысушылар қаланың әр түрлi жылдардағы кейпi, Отанымыздың жетiстiктерi туралы естелiктерiмен бөлiстi. Ауылдың тұрғыны Қабдолла Мұханұлы Әбенов Астананың жаңа мәртебесiнiң бiрiншi жылдығына арналған мерекелiк iс-шаралар туралы естелiктерiмен бөлiстi. Ол Ақкөл ауданының атынан келген топтың құрамында болған едi. Қабдолла Мұханұлы қатысушыларға музыкалық сыйлық жасап, астанаға арналған әндердi ұсынды. Урюпин ОМ қызметкерлерi О.Н. Заремба, Н.Н.Меренцова, А.К.ГаббасоваАстана қаласында өткен «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесiнен алған әсерлерiмен бөлiстi.

Кештiң соңғы бөлiмiнде Астананың құрдастары- ауыл тұрғындары Мұқанова Жанна мен Лукерт Янаны құттықтады. Iс-шара туралы естелiк ретiнде оларға кәдесыйлар табыс етiлдi. Мұқанова Жанна Қазақстанның елордасы- Астананың өркендеуiне поэтикалық түрде тiлек бiлдiрдi.

Iс-шараға 20 адам қатысты — бұл орта мектеп оқушылары, ауыл әкiмдiгiнiң мамандары, Урюпин орта мектебiнiң мұғалiмдерi, оқырмандардың кең ауқымы.

Кiтапханашы: Островская Н.И

Мақаланың шыққан күні: 02.03.2018 10:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.03.2018 10:53
Қаралым саны: 947

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz