A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Суырып салма ақындар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысуда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру, сөздiк өнер арқылы жастар шығармашылығын дамытуға жағдай жасау, рухани-мәдени әлеуеттi дамыту мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi жас ақындар байқауын ұйымдастырды. Iс-шара «Ақмола-адалдық алаңы» аясында өттi.

Қатысушылар арасында 14-24 жас аралығындағы талантты кәсiби ақындар мен жас орындаушылар болды. Ақындар қатарында Мәлiк Ғабдуллин атындағы мұражай, Рухани жаңғыру аймақтық жобалық кеңесiнiң қызметкерлерi, Көкен Шәкеев атындағы Көкшетау ақындар мектебiнiң оқушылары бар.

Iс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып, Департамент басшысының бiрiншi орынбасары Арман Бердалин ақындар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды рөл атқаратынын атап өттi. Өйткенi сөз арқылы олар сыбайлас жемқорлық сияқты қазiргi заманғы зұлымдық туралы барлық мән-жайды, ойды жеткiзе алады.

Айта кету керек, айтыста ең бастысы — домбырамен шебер жұмыс iстеу емес, сөздi шебер меңгеру. Әрбiр ақын-импровизатор өзiнiң барлық кәсiбилiгiн көрсетуге, жұртшылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске шақыруға, ақындарды әдептiлiк, адалдық, сатылмаушылық, адамгершiлiк сияқты құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ адамзат адалдығы мен сатылмаушылығын мазалауға тырысты.

Байқау қорытындысы бойынша Гран-придi Көкен Шәкеев атындағы Көкшетау ақындар мектебiнiң оқушысы Ерден Нұрахмет жеңiп алды. Екiншi орын — "Рухани жаңғыру" аймақтық кеңсесiнiң қызметкерi Қайрат Сейтказин, үшiншi орын — Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң студентi Заманбек Әлiбек. Жеңiмпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мақаланың шыққан күні: 30.09.2019 17:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.09.2019 17:11
Қаралым саны: 90

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz