A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақтөбеде «Мұз айдыны» кешенін құрылысы аяқталады

Ақтөбе облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылуының бiрiншi жылдық қорытындысын таныстырды.

Облыс әкiмi «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңiр экономикасын дамытуға, сонымен қатар, азаматтардың өмiр сүру сапасын, соның iшiнде әлеуметтiк және рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыруда мықты түрткi болғанын атап өттi.

«Ағымдағы жылдың аяғына дейiн словакиялық «H+Н Technica» компаниясымен бiрлескен 2500 орындық Мұз айдыны сарайының құрылысы аяқталады. Жобаға салынған инвестициялар көлемi 3,8 млрд. теңге. Жергiлiктi кәсiпкер Аркадий Ни 1,5 миллиард теңге тұратын Теннис орталығын ашпақ. Сондай-ақ халықаралық дәрежеге сай келетiн құны 1,5 млрд.теңгеге Теннис орталығы, көлемi 8,5 мың шаршы метр болатын «Жеңiл атлетика манежi» халық игiлiгiне ұсынылады», — деп мәлiмдедi Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар, «Нектар» арнайы балабақшасы, балаларға жыл бойы қызмет ететiн 4 оқу-сауықтыру лагерi, ерекше бiлiмдi қажет ететiн балаларға арналған оңалту орталығы, жазғы «Аква паркi» балалар ойын-сауық орталығы, IТ — ақпараттық-технологиялық орталығы, мектеп жанынан 160 ойын, 70-тен астам спорт алаңдары салынбақ.

Атап өтсек, өткен жылы облыста құны 348 млн. теңгеге 53 спорт, воркаут, шағын футбол алаңдары және хоккей корттары салынған болатын.

Мақаланың шыққан күні: 23.04.2018 10:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.04.2018 10:17
Қаралым саны: 598

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz