A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақтөбе облысында сегіз мың пәтер салынбақ

Ақтөбе облысында 5 әлеуметтiк бастамасы бойынша атқарылатын негiзгi жұмыстармен өңiр басшысы Бердiбек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында таныстырды.

«Ағымдағы жылы бiз 870 мың м2 немесе кем дегенде 8 мың пәтер салуды аса ауқымды мiндетке қойдық.Бұл 24 мың ақтөбелiктерге пәтер беруге мүмкiндiк бередi. Алайда, Елбасы айтқандай, бұл әлi жеткiлiксiз. Әлi күнге дейiн шамамен 28 мыңға жуық ақтөбелiк тұрғынның өз баспанасы жоқ, оның iшiнде Ақтөбе қаласында — 21,5 мың адам. Осы мәселеде «7-20-25» бастамалық бағдарламасы осы мәселенi шешуге оң әсер етедi деп сенемiз», — деп атап өттi облыс әкiмi.

Ал, Жоғары бiлiм алудың қолжетiмдiлiгi мен сапасын арттырып, студент-жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесi бойынша, университеттер мен колледж студенттерiн жатақханалармен қамтамасыз етудi жолға қойып отыр.

«Ақтөбеде техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн 7, сондай-ақ 3 жоғары оқу орны үшiн (М.Оспанов атындағы БҚММУ) 2784 орындық 10 жатақхана тұрғызу қажеттiлiгi бар. Бүгiнгi күнi жер телiмдерi мен жатақханалардың типтiк жобалары анықталды», — дедi Б.Сапарбаев.

Сондай-ақ, өңiрде газбен қамтамасыз ету, шағын несие беру және салық жүктемесiн азайту бастамалары бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Мақаланың шыққан күні: 23.04.2018 10:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.04.2018 10:18
Қаралым саны: 646

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz