A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмолалық педагогтар латын қарпіне көшуге дайын

Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжiнiң базасында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетi ғалым — филологтарының, аталған колледж педагогтарының және Ақмола облысы мектептерi пән оқытушыларының қатысуымен «Латын графикасына көшу — оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы» тақырыбында практикалық семинар өттi, деп хабарлайды Ақмола облысының Iшкi саясат басқармасы.

Латын қарпiне көшу — бұл Қазақстан үшiн тарихи қажеттiлiк, әлемдiк ғылыми және технологиялық процестерге қосылудың тағы бiр мүмкiндiгi.

Латын жазуына көшуде терең логика бар: бұл заманауи технологиялармен, ортамен және коммуникациялармен, сондай-ақ XXI ғасырда оқыту және ғылыми процестердiң ерекшелiктерiмен байланысты. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң ғалым — филологтарымен кездесу аясында заманауи Қазақстанның тарихында осындай iргелi оқиғаларың әдiснамалық аспектiлерi және негiзгi мiндеттерi айтылды.

Облыс педагогтары латын графикасына көшу жағдайында тiлдердi оқыту әдiстемесiн әзiрлеудiң және әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке шығудың негiзгi жолдарымен танысты. Қазiр әлемде тiлдердi жеңiлдету үшiн барлық жағдай жасалуда. Қазақ тiлiнде әлемнiң кез-келген нүктесiнде тұрып кез-келген гаджетте жазуға болады. Бұл заманауи әлемде шоғырлануға мүмкiндiк беретiн жалпы латын графикасының арқасында батыс тiлдердi жеңiл игеруге ықпал ететiн болады.

Әлемде ақпараттың 80 пайызы латын графикасын қолдана отырып жариялануда. Оған көшу жастарға жаңа тiлдердi, оның iшiнде ағылшын тiлiн меңгеруге мүмкiндiк бередi. Ж.Мусин атындағы колледждiң педагогтарымен осы бағытта әдiстемелiк әзiрлемелер ұсынылды.

Педагогтар латын графикасына көшу бойынша студенттердi оқыту жұмыс тәжiрибесiмен алмасты, ал Ақмола мемлекеттiк мұрағатының қоры бойынша көрме презентациясы өттi.

Мақаланың шыққан күні: 29.03.2018 15:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.03.2018 15:08
Қаралым саны: 491

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz