A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Ақмола облысының дін істері басқармасы» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң 2015 жылғы 23 сәуiрдегi №147 бұйрығына сәйкес, Дiн iстерi басқармасы «Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу» мемлекеттiк қызмет көрсетедi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1)нысан бойынша өтiнiш;

2)көрсетiлетiн қызметтi алушы паспортының немесе жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

3)дiни бiрлестiк атынан миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар дiни бiрлестiк берген құжат;

4)куәлiк көшiрмесi немесе мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама және миссионер өкiлi болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесi;

5)миссионерлiк қызметке арналған дiни әдебиет, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, дiни мақсаттағы заттар.

Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында миссионер ретiнде тiркелу үшiн қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:

1)миссионер өкiлдiк етiп отырған дiни бiрлестiктiң шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша ресми тiркелгенiн куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжат;

2)Қазақстан Республикасында тiркелген дiни бiрлестiктiң шақыру құжаты.

Шет тiлiндегi құжаттар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрiнде ұсынылады.

Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегi, аты-жөнi, әкесiнiң аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күнi, мерзiмi және кiрiс құжаттардың нөмiрi көрсетiлiп, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөртаңбасы қойылған көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiшiнiң көшiрмесi осы тармақта көрсетiлген құжаттар топтамасын көрсетiлетiн қызметтi алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.

Тiркеусiз миссионерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн «Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы» ҚР Кодексiнiң 490 б. 3 т. сәйкес жаза қарастырылған.

Барлық сұрақтар бойынша Көкшетау қ. Әуелбеков көшесi, 139 а үй, 217 каб. мекенжайында орналасқан «Ақмола облысының дiн iстерi басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне хабарласа аласыздар, телефон/факс 8 (7162) 40-16-03.

Дата создания статьи: 20.12.2017 10:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 10:34
Қаралым саны: 400

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz