A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Астана әкімдігі бірінші Astana Innovations Challenge стартап-марафонын іске қосады

Орталық коммуникациялар қызметiнiң алаңында «Елордада бiрiншi ауқымды Astana Innovations Challenge стартап-марафонын iске қосу» тақырыбында баспасөз мәжiлiсi болып өттi. Баспасөз конференциясына «Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы» ММ басшысы Әлiшер ӘБДIҚАДЫРОВ, «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас САРТАЕВ, сондай-ақ MOST бизнес-инкубаторының негiзiн қалаушылардың бiрi және директоры Павел КОКТЫШЕВ қатысты. «Astana Innovations Challenge» стартап-марафоны стартапшыларға, жас инноваторлар мен өнертапқыштарға арналған.

Astana Innovations Challenge — бұл Астана қаласының инновациялық экожүйесiн дамыту аясында өткiзiлетiн және қала билiгiн, ғылыми-бизнес және стартап қоғамдастықты белсендi тарту арқылы қалалық технологиялық мiндеттердi шешуге арналған iс-шаралар топтамасы.

Жоба алты iс-шарадан — сатылы түрде өтiп, ағымдағы жылдың соңына дейiн жалғасатын хакатондар мен стартап уикэндтерден тұрады. Алты айдың iшiнде жоба тақырыптық бағыты әртүрлi 4 стартап уикэндтi және 2 хакатонды қамтиды.

Жобаның ұйымдастырушысы Астана қаласының әкiмдiгi және «Астана Innovations» АҚ болып табылады.

«Астана Innovations» АҚ қызметiнiң негiзгi мiндетi — елорданың кешендi инновациялық экожүйесiн құру. Астана қаласы әкiмдiгiнiң бастамасымен, инновациялық технологиялық шешiмдердiң үйлестiрушiсi және интеграторы бола отырып, «Астана Innovations» АҚ түйткiлдi мәселелердi iздеу және талдау, қалалық технологиялық мiндеттер тiзiмiн жасау және оның негiзiнде инновациялық жобаларды енгiзу арқылы инновациялық саясатты жүзеге асырады.

Инновациялық жобалар Астананы әлемнiң ақылды, жайлы әрi қауiпсiз қалаларының бiрiне айналдыру бойынша тұжырымдама аясында ретiмен iске асырылып отырады.

«Astana Innovations Challenge» жобасын iске асырудың мақсаты жүйелендiру және отандық стартап-мәдениеттi қалыптастырудағы кешендi тәсiл, сондай-ақ қалалық билiк пен бизнес-қауымдастық күшiн ғылыми және инновациялық технологиялық стартап-шешiмдердi iске асыруға тиiмдi жұмылдыру болып табылды.

Бiрiншi Startup Weekend а.ж. 14-16 шiлдесiнде Forte Bank-тiң бас ғимаратында өтедi. Аталмыш iс-шараның тақырыбы — коммуналдық шаруашылықтың, көлiк пен қала экологиясының түйткiлдi мәселелерi саласындағы инновациялық шешiмдердi жасап шығару.

Шiлдедегi Startup Weekend қорытындысы бойынша 3 үздiк стартап-жоба iрiктелдi, олар MOST бизнес-инкубаторы негiзiнде қарқынды акселерация бағдарламасынан өту, сондай-ақ жобаларды елордада енгiзу мүмкiндiгiн алады.

«Astana Innovations Challenge» MOST бизнес-инкубаторымен бiрлесiп, «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады.

Дата создания статьи: 20.12.2017 09:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 09:52
Қаралым саны: 408

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz