A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Аудан әкiмi Кеңес ауылдық округiнде

Үстiмiздегi жылдың 27 мамыр күнi Ақкөл ауданының әкiмi Алпысбай Қайыржанов Кеңес ауылдық округiне жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында аудан әкiмi ТКШ нысандарын аралап, шаруашылық-тұрмыстық жабдықтау ұңғымасын, сондай-ақ Барап ауылындағы жер асты су көздерiнен сумен қамтамасыз ету бойынша күрделi жөндеу жұмыстарын орындау үдерiсiн қарап шықты.

Ұңғыманы тексеру барысында, әкiм тиiстi қызметтерге судың сапасына талдау жасауды, ұңғыманы шаюды және халықты таза сумен қамтамасыз ету үшiн қажеттi инфрақұрылым құру мәселесiн қарауды тапсырды.

Бұдан әрi Алпысбай Қайыржанов Барап ауылындағы жер асты көздерiнен сумен жабдықтау жүйесiн күрделi жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын қарап шықты.

Естерiңiзге сала кетейiк, аталмыш жоба «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаға сәйкес, ұзындығы 3500 метрдi құрайтын диаметрi 100 мм су таратқышты ауыстыру, сондай-ақ қолданыстағы құбыржолды бөлшектемей, ұзындығы 300 метрдi құрайтын таратушы тораптарды iшiнара ауыл бойынша алмастыру және су жинағыш ұстындар мен өрт гидранттарын ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар сорғы станциясындағы өнiмдiлiгi сағатына 45 текше метрдi құрайтын ортадан тепкiш сорғыны алмастыру қарастырылған.

Жөндеу жұмыстарын «Камила» ЖШС жүргiзуде. Қазiргi уақытта «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 10 адам жұмысқа орналастырылды.

Жөндеу жұмыстарын тексеру соңында, аудан басшысы барлық жұмыстар сапалы және мерзiмiнде орындалуы тиiс екенiн қадап айтты.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 29.06.2020 15:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2020 15:28
Қаралым саны: 91

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz