A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы

Бүгiнде телерадио арналарсыз бiздiң өмiрiмiздi елестету тiптi мүмкiн емес. Әр күн сайын осы сала мамандарының алдында хабар тарату сапасын жақсарту мен өзiнiң көрерменiне жол табатын бiрегей контент құру тапсырмалары тұрады.

Қазақстанда хабар тарату нарығының iрi көшбасшыларының бiрi «Қазтелерадио» АҚ болып табылады.

«Қазтелерадио» акционерлiк қоғамы — хабар тарату саласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы, оның мақсаты, жерсерiктiк және эфирлiк хабар таратудың қазiргi заманғы цифрлық форматтағы хабар таратуға көшу бойынша ҚР мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Компанияның қызметi ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiмен реттеледi.

«Қазтелерадионың» негiзгi мiндетi республиканың барлық тұрғындары үшiн отандық теле және радио арналарын жоғары сапада қабылдау мүмкiндiгiн және теңдей қол жетiмдi болуын қамтамасыз ету болып табылады. Ол елiмiздiң қала және ауыл тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсiздiктi төмендету стратегиясының мақсатына сәйкестелген.

2006 жылы Женевада өткен Аймақтық радиобайланыс конференциясында аналогтық хабар таратудан цифрлық эфирлiк хабар таратуға көшу туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын. Келiсiмге 104 елдiң өкiлдерi қол қойды, оның iшiнде Қазақстан да бар. Қазақстан Республикасының жаңа цифрлық технологияларға өту және ақпараттық теңсiздiктi төмендету жобасын ұлттық оператор — «Қазтелерадио» АҚ тапсырылды.

2012 жылдың шiлде айында индустрияландыру күнiне арналған телекөпiр аясында, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласында медиа орталығында цифрлық эфирлiк (жерүстi) хабар тарату желiсiн iске қосу рәсiмi болды. Президент цифрлық хабар таратуды енгiзу үдемелi индустрияландырудың бiр тармағы деп атап өттi. Цифрлық эфирлiк сапада ұлттық телеарналарды тегiн көру мүмкiндiгiн бiрiншi болып Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған және Жаңаөзен қалалары мен жақын орналасқан елдi мекендердiң тұрғындары иелендi. Нәтижесiнде цифрлық эфирлiк телевизия ел халқының 23%-на қолжетiмдi.

Бүгiнгi күнi 356 цифрлық РТС салынып, олар қазiргi заманғы хабар тарату құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл Қазақстан халықының 77,5%-на отандық телеарналарды цифрлық сапада қабылдауға мүмкiндiк бередi.

Жобаны жүзеге асыру Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтары деңгейiнде 30-ға жуық телеарналар және аудан мен ауылдық деңгейде 15-ке жуық телеарналарды тегiн қабылдауға мүмкiндiк бередi. Қызметтер Маңғыстау, Алматы, Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында толықтай қолжетiмдi. 2018 жылы жобаның аяқталғаннан кейiн 827 радиотелевизиялық станциялар (РТС) салынып, халықтың 95%-ы отандық телеарналарды цифрлық сапада қабылдайтын болады.

Цирлық эфирлiк телевизия желiсiнiң құрылысы басталғаннан бұрын 2011 жылы iске қосылған «OTAU TV» жерсерiктiк желiсi жобасы iске қосылған болатын.

Және тек OTAU TV-дiң арқасында отандық арналарды көруге мүмкiндiгi жоқ шалғайдағы елдi мекендерде ендi 60-тан астам отандық теледидар және радио арналарын, 70 шетелдiк арналар қолжетiмдi. Алты жыл iшiнде «OTAU TV» абоненттерiнiң саны 6500-ден 1,2 миллион отбасына дейiн өстi.

2016 жылдың наурыз айынан қазан айына дейiнгi уақытта компания үлкен жоба қолға алынған болатын. Ол «OTAU TV» жерсерiктiк телевизиясын шетелдiк Intelsat-904 ғарыш аппаратынан қазақстандық KazSat-3 жерсерiгiне көшiру болатын. Қазақстандық «KazSat-3» жерсерiгiне көшу көрермендерге қосымша SD арналарды және HD (айқындығы жоғары арналар) арналарды көруге мүмкiндiк бердi, олар Тегiн және Толық топтамаларында қолжетiмдi. Биылғы жылы, негiзгi отандық «Хабар» және «Қазақстан», Kazsport телеарналары айқындығы жоғары сапада Тегiн топтамасында iске қосылды. OTAU TV көрермендерi өтуде тегiн пакетi айқындығы жоғары форматында Астана қаласында өтiп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесiн көруге болады.

Өкiнiшке орай, Қазақстан Республикасының аумағында қызметi заңсыз болып табылатын шетелдiк жерсерiк операторлары (ШЖО) танымал болып табылады. Мәселе ШЖО Қазақстанда қызметтi лицензиясыз көрсетедi, бұл қазақстандық пайдаланушылардың сол операторларға қызметтерi үшiн төленетiн қаражатының елден шет жаққа шығаруға әкелiп соғады, сондай-ақ хабар тарату сеткаларында қазақстандық телеарналардың болмауы, ұлттық заңнаманы бұзу болып табылады.

Бүгiнгi күнi OTAU TV өз көрермендерiне 130 телерадиоарналардан тұратын қызықты контенттi ұсынады, олардың iшiнде 60-тан астам отандық теледидар және радио арналары және 70 шетелдiк арналар. Бiз алғашқы болып Қазақстанда Discovery топтамасынан өз абоненттерiмiз үшiн қазақ тiлiнде Discovery Shocase телеарнасын HD және SD форматтарында iске қостық.

Дата создания статьи: 20.12.2017 10:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 10:14
Қаралым саны: 468

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz