A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Сот төрелігі академиясының алғашқы түлектері бітіріп шықты

Орталық коммуникациялар қызметiнде ««2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы сот төрелiгiн жүзеге асырудың қорытындыларына» арналған баспасөз конференция өттi. Баспасөз конференциясына Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, Жоғарғы Соттың судьялары Ербол Рахымбеков, Елена Максюта және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментiнiң басшысы Нұрсерiк Шәрiпов қатысты.

А.Қыдырбаева баспасөз конференцияны аша келе, Ұлт Жоспары шеңберiнде көзделген сот реформаларының сәттi iске асырылғанын атап өттi. Соттар үш деңгейлi сот төрелiгiне көштi, судья лауазымына кандидаттар мен жұмыс iстеп жүрген судьяларға талап айтарлықтай қатаңдатылды. Статистикалық талдаулар көрсеткендей, өткiзiлген реформалар сот жұмысына оң әсерiн тигiздi. Жаңа құқықтық жағдайдағы олардың қызметi неғұрлым тиiмдi бола түстi.

А.Қыдырбаева конституциялық түзетулердi iске асыруда «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьялардың мәртебесi туралы» Конституциялық заңға өзгертулер енгiзiлдi. Осыған сәйкес судьялыққа кандидаттардың жасы 30-ға дейiн ұлғайтылды. Судьялық лауазымға арналған конкурсқа қатысушылардың жалпы отырыстың қорытындысын алу тәртiбi нақтыланды. Сот жюриi шығаратын шешiмдерге қатысты өзгерiстер енгiзiлдi.

Жоғары сот органы Азаматтық процестiк кодекске Астана қалалық соты мен Жоғарғы Соттың арасындағы инвестициялық даулардың соттылығын кеңейтудi көздейтiн түзетулердi енгiзуге бастамашы болды. Апелляциялық сатыдағы инвестициялық дауларды қараудың мерзiмi бiр айдан екi айға дейiн ұлғайтылды. Прокурорлардың азаматтық процеске қатысуы айтарлықтай қысқартылды.

Ағымдағы жылы кешендi өзгерiске әкелетiн қылмыстық сот iсiн жүргiзу мен қылмыстық қудалау органдарының жүйесiн жетiлдiру көзделiп отыр.

«Жалпы жаңа жағдайдағы соттардың жұмысын тәуелсiз сарапшылар, процеске қатысушылар мен тұрғындар оң бағалады», — дедi А.Қыдырбаева. Мәселен, Демократия институтының деректерiне сәйкес, соңғы 6 жылда Жоғарғы Сотқа сенiм деңгейi 67,6 %-дан 75,4 %-ға дейiн артқан. Жалпы бұл көрсеткiштер 2015 жылы БҰҰДБ жүргiзген (сенiм — зерттеу 71,4%) нәтижелерiне сәйкес келедi.

Сот жюриi де жаңа жағдайда қызмет атқаруда. Ағымдағы жылы 140 судьяның кәсiби қызметi бағаланды. Осы жылы Сот төрелiгi академиясының алғашқы түлектерi бiтiрiп шықты. 53 түлек құқық магистрi дәрежесiне ие болды.

Ол сонымен қатар инвестициялық даулар бойынша сот iсiн жүргiзудiң қорытындыларына тоқталды. 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Жоғарғы Сотқа және Астана қалалық сотына бiрiншi сатыдағы сот тәртiбi ретiнде инвестициялық даулар бойынша барлығы 68, соның iшiнде Жоғарғы Сотқа — 2 талап арыз келiп түстi. Шешiмiн шығара отырып 20 iс қаралды, соның iшiнде оның алтауы инвестордың пайдасына шешiлдi.

Жоғарғы Сот судьясы Ербол Рахымбеков қылмыстық iстер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асырудың қорытындысы туралы айтты. Оның айтуынша есеге республика соттарына келiп түскен қылмыстық iстердiң саны 8,5 %-ға артқан. Қазiргi таңда даулар жедел түрде шешiлуде, оған дәлел 6 айдан аспайтын уақытта қаралған iстердiң саны 1,7 есеге қысқартылған. Ақтау үкiмдерiнiң саны 10,5 %-ға (436-дан 487 адамға) артты. Алқабилердiң қатысуымен өтетiн iстердiң саны 21,9 %-ға артты.

Жоғарғы Сот судьясы Елена Максюта азаматтық даулар бойынша соттардың жұмысы туралы айтты. Бiрiншi жартыжылдықта республика соттарында барлығы 409 мың азаматтық iстi қарау аяқталды. Жеңiлдетiлген iс жүргiзу институты iске қосылды. 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығында жеңiлдетiлген iс жүргiзу тәртiбiмен 255 мыңнан астам iс қаралды, ол аяқталған азаматтық iстердiң жалпы санының 62,5 %-ын құрайды. 3 мыңнан астам iс бiтiмгершiлiк келiсiммен, 13,9 мың iс медиациямен, 283 iс партисипативтiк рәсiмдi пайдалана отырып аяқталды. Барлығы баламалы тәртiппен 17 мың дау шешiлдi. Алдын ала сот отырысы барысында 9,5 мың iс қаралды, ол аяқталған iстердiң жалпы санының 2,3%-ын құрайды.

Департамент басшысы Нұрсерiк Шәрiпов баспасөз конференцияны республика соттарындағы негiзгi электронды сервистер туралы баяндамасымен жалғастырды. Мәселен, 2017 жылдың бiрiншi жартыжылдығында «Сот кабинетi» сервисi арқылы электронды түрде 521 473 құжат берiлдi. Жалпы берiлген өтiнiштердiң саны екi миллионнан асты. Жартыжылдықта электрондық түрде барлық берiлген өтiнiштердiң үлес саны 89,8%-ды құрады. Барлық 1 418 сот залы АБТ жүйесiмен жабдықталды. 2017 жылдың 6 айында сот отырыстарының 98% АБТ жүйесiн пайдалана отырып өткiзiлдi.

Н.Шәрiпов 2017 жылдың тамызында Сот органдарының ахуалдық орталығы iске қосылады. Бұл кез келген iс бойынша процестiк iс-әрекеттердi өтiнiштi тiркегеннен бастап атқару парағын жолдағанға дейiн орталықтан бақылау жасауға мүмкiндiк бередi.

Жергiлiктi соттардың ғимараттарын салу жұмысына еркеше көңiл бөлiнуде. Ағымдағы жылы республикалық бюджет есебiнен 4 типтiк сот ғимаратының құрылысы басталды. Бұл Қарағанды облыстық соты, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Жамбыл облысы аудандық соттар ғимараттары.

Баспасөз конференцияның барысында сот жүйесiнiң өкiлдерi журналистердiң сұрақтарына жауап бердi.

____________________________________________________________________________________

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 09:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 09:24
Қаралым саны: 604

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz