A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ауғанстан: соғыс туралы тағы да бір рет

14 ақпанда Урюпин кентiнде Кеңес әскерлерiнiң шығарылуының 30- жылдығына арналған «Ауғанстан: соғыс туралы тағы да бiр рет» атты iс-шара өттi. Естелiк-кездесу Урюпин орта мектебi және селолық мәдениет үйiмен бiрлесiп өткiзiлдi. Iс-шараға Урюпин және Ерофеевка ауылдарының интернационалист- жауынгерлерi шақырылды. Орта мектептiң оқушылары әдеби-музыкалық композицияны дайындады, сонымен қатар Ақкөл ауданынының «ауғандықтарының» фотосуретi бар слайд презентациясы болды. Мектеп пен ауыл әкiмдiгiнiң басшылығы құттықтау сөз сөйледi. Салтанатты жағдайда интернационалист жауынгерлерге естелiк кәдесыйлар ұсынылды. Балалар интернационалист- жауынгерлердiң сол соғыс уақыты туралы әңгiмелерiн қызықғушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Осы iс-шараға «Афганистан наша память и боль» атты кiтап және сурет көрмесi ресiмделдi. Iс-шараға 70-ке жуық адам қатысты. Аталған iс-шараны өткiзуге «Урюпинский и К» ЖШС демеушiлiк көмек көрсеттi.

Мақаланың шыққан күні: 18.02.2019 14:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.02.2019 14:33
Қаралым саны: 794

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz