A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

Ұлт жоспарының 84-қадамын iске асыру үшiн қолданыстағы үш жәрдемақыны бiрiктiру негiзiнде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бiрыңғай жәрдемақы — жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмектi (бұдан әрi — АӘК) енгiзу үшiн қарастырылған:

- 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы мемлекеттiк жәрдемақы (отбасының кiрiс деңгейiн есептеусiз барлық көпбалалы отбасыларға республикалық бюджет есебiнен төленетiн);

- мемлекеттiк балалар жәрдемақысы (жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 60%-нан төмен отбасыларына жергiлiктi бюджет есебiнен төленетiн);

- атаулы әлеуметтiк көмек (жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 40%-нан төмен отбасыларына жергiлiктi бюджет есебiнен төленетiн).

Мемлекет пен әлеуметтiк жәрдемақы алушылардың арасындағы өзара мiндеттемелердiң жоқтығы, сонымен қатар оларды шартсыз беру тәртiбi еңбекке қабiлеттi алушыларды еңбекке ынталандырмайды және оларда масылдық көңiл-күй қалыптастырады.

Осыған орай, АӘК жаңа форматында әлеуметтiк келiсiмшарт жасау арқылы тараптардың мiндеттемелерi қарастырылған. Бұл ретте АӘК жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөрiс деңгейi (бұдан әрi — ЕТКД) шамасының 50%-дан төмен отбасыларына көрсетiледi. Отбасының әрбiр мүшесiне арналған АӘК мөлшерi отбасының нақты жан басына шаққандағы табысы мен ЕТКД-ның 50%-ының айырмасына тең болады.

Аз қамтылған отбасының 18 жасқа толған еңбекке қабiлеттi мүшелерi өздерiне әлеуметтiк келiсiмшартпен жүктелген мiндеттердi орындамаған жағдайда жәрдемақы мөлшерiн қысқарту тетiгi қарастырылған: бiрiншi рет — отбасының еңбекке қабiлеттi мүшелерiнiң АӘК 50%-ға, ал қайталаған жағдайда 100%-ға қысқартылады. Бұл ретте, объективтi себептерге байланысты жұмыспен қамтудың белсендi және әлеуметтiк бейiмдеу шараларына қатыса алмайтын азаматтардың кейбiр жекелеген топтары (I және II топ мүгедектерi, уақытша еңбекке қабiлетсiздiкке әкелетiн ауруларға шалдыққан азаматтар, зейнеткерлер және т.б.) үшiн АӘК шартсыз сипатқа ие бола отырып, әлеуметтiк келiсiмшарт жасамастан төленетiн болады.

АӘК жаңа форматын енгiзу әлеуметтiк көмектiң атаулығын күшейтуге, әлеуметтiк масылдықтың алдын алуға, еңбек белсендiлiгiн ынталандыруға мүмкiндiк бередi.

АӘК жаңа форматын енгiзуде аз қамтылған азаматтарды консультациялау, олармен әлеуметтiк келiсiмшарттарды жасау, АӘК тағайындау мен әлеуметтiк келiсiмшарт тармақтарының орындалуын мониторингтеу функциялары жұмыспен қамту орталықтарына және ауылдар және ауылдық округтар әкiмдерiнiң аппараттарына жүктеледi.

Ақкөл ауданы бойынша өткiзiлген
бос жұмыс орындар жәрмеңкесi жөнiнде
АҚПАРАТ

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының жоспарына сай жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi 2014 жылдың 26 тамыз күнi Ақкөл қаласының аудандық кiтапханасында мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар үшiн «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесi» өткiзiлдi.

Жәрмеңке жұмысында 5 кәсiпорын, 22 жұмыссыз азамат қатысты, еңбекке қабiлеттi жастағы мүгедектер және өзiн — өзi жұмыспен қамтығандар санынан, 5 жұмыс берушiлер («donatim» ЖШС, «КазЛес» ЖШС, «КРМЗ» ЖШС, «Сластена» шағын дәмханасы, қорғаныс бөлiмi, ыммдау тiлi бойынша маман, Н.П. Лось «Көмек беру — благо дать» ҮЕҰ, соқырлар қоғамының төрайымы Қ. Қабенова, жалпы есту және көру аурулар бойынша мүгедектер, сонымен қатар жұмыссыз және өзiн — өзi жұмыспен қамтыған азаматтар).

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесiн жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы Н.Қ.Мананбаева ашты және ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке Жұмыспен қамту Бағдарламасының орындалуы жөнiнде, сонымен қатар мүгедектердi әлеуметтiк қорғау бойынша iс — шараларды жүзеге асыру жөнiнде Ақкөл ауданының «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Б.Д. Өмiрбаев сөз сөйледi.

Жұмыспен қамту бөлiмiнiң маманы И.В. Хлыстова және Жұмыспен қамту орталығы КММ маманы Ю. Калмурзина жұмыс iздеуге жәрдемдесуге, жұмыспен қамту белсендi нысандарына қатысуға тарту, кеңестер, Жұмыспен қамту — 2020 Бағдарламасы жөнiнде түсiндiру мәселелерi бойынша азаматтарды қабылдауды жүргiздi.

Жәрмеңке барысында мына кәсiпорындардың бос жұмыс орындары ұсынылды: «donatim» ЖШС, «КазЛес» ЖШС, «КРМЗ» ЖШС, «Сластена» шағын дәмханасы, қорғаныс бөлiмi, хореография студиясы және тағы басқалары.

Жеке тұлғамен 2 топтағы 1 мүгедек бала бағушы ретiнде жұмысқа шартсыз қабылданды. Қорғаныс бөлiмiне В,С санатымен жүргiзушi ретiнде 1 жұмыссыз жiберiлдi.

Жәрмеңкенiң нәтижелерi жөнiнде ақпарат:

Жәрмеңкедегi бос жұмыс орындар — 25

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесiне 22 адам қатысты

Тұрақты жұмыс орындарына 2 адам жiберiлдi

20 адам кеңес алды.

2013 жылдың 9 айына жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң жұмысы туралы ақпарат

2013 жылдың 9 айына жұмыспен қамту бөлiмiне жұмыс iздестiруде 293 жұмыссыз азаматтар, соның iшiнде 146 ер адам, 147 әйел адам, 16 жастан 29 жасқа дейiн жастағы жасөспiрiмдер 62 адам. 2012 жылдың сәйкес келетiн мерзiмiмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 64 адамға азайды.

2013 жылдың 9 айына тұрақты жұмысқа 176 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды, нысаналы топтары iшiнен 82 әлсiз қорғалған азаматтар, соның iшiнде жастар 33 адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыз азаматтар саны 104 адамды құрайды, жұмыссыздықтың белгiленген деңгейi 0,6 % құрайды, өткен жылдың ағымдағы мерзiмiмен салыстыру бойынша көрсеткiштер сол деңгейде қалған.

Жұмыспен қамтудың белсендi нысандарымен 240 адам қамтылды, соның iшiнде қоғамдық жұмыстарға 191 адам жылдық жоспар бойынша 173 адам 13700,0 мың теңге соммасына, соның iшiнде 10887,4 мың теңге соммасына ақша игерiлдi. Жылдық жоспар — 30 кезiнде әлеуметтiк жұмыс орнына 39 жұмыссыз азаматтар жiберiлдi. Жастар тәжiрибесiне 18 адам, жылдық жоспар бойынша 25 адам жiберiлдi, 1061,0 мың теңге ақша қаражаты игерiлдi. Шiлде айында жылу қазандықтарының машинист операторы мамандығы бойынша 28 адам оқуға жiберiлдi.

2013 жылы 1 қазанға 581 жылдық жоспар бойынша 528 жаңа жұмыс орындары құрылды, соның iшiнде шағын бизнес бойынша — 297 және ауыл шаруашылығы бойынша — 231.

2013 жылдың есеп мерзiмiнде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi шеңберiнде 11065,0 мың теңге соммасына 14 Меморандум жасалды, 7940,0 мың теңге соммасында 5 меморандум жасалды.

Сонымен қатар Ақкөл ауданының шағын және орта бизнес кәсiпорындарында жұмысшыларды әлеуметтiк қорғау және өндiрiстiк тұрақтық бойынша өзара ынтымақтастық туралы 5 меморандум жасалды.

Ақкөл ауданында 2013 жылы ағымдағы кездегi 2 республикалық жәрмеңке «Бос қызмет жәрмеңкесi», Мамандық жәрмеңкесi» және екi аудандық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесi өткiзiлдi.

Ағымдағы 1 қазанға кедейшiлiк шегiне дейiн кiрiстерiмен отбасылар (азаматтар) тiркелмеген. 2012 жылдың 1 қазанына аз қамсыздандырылған санаттағы азаматтар, отбасылар есепте тұрмады.

Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалмады. Өткен жылдың сәйкес мерзiмi үшiн 74,9 мың теңге соммасына 4 отбасыға 23 адамына АӘК тағайындалды. Қосымша көмек көрсетiлмедi. 2012 жылы тартылған қаражат есебiне 94,6 мың теңге соммасына 18 аз қамсыздандырылған азаматтарға қосымша көмек көрсетiлдi.

Азаматтар саны округ әкiмдiгiнiң берiлгенi бойынша, күн көрiс минимумiне дейiн кiрiсiмен тұратын 2013 жылдың 1 қыркүйегiне 1681 немесе 6,1 % аудан тұрғындарынан (тоқсандық көрсеткiш) — 0,7 % өткен жылдың деңгейiнен төмен (6,8%) (тоқсандық көрсеткiш).

2012 жылдан ескi базасы жойылды, 2013 жылдан жүргiзiлмейдi, бұл «Әлеуметтiк көмек» санаты жаңа ААЖ қарастырылмаған. Берiлген көрсеткiштi облыстық статистика басқармасы есептейдi.

Жыл басынан 3527,6 мың теңге соммасына 133 отбасыларға 390 балаларына балалар жәрдемақысы тағайындалды. Өткен жылға сәйкес келетiн мерзiмде 6069,5 мың теңге жалпы соммасына 235 отбасыларға 666 балаларына БМЖ тағайындалды.

175,9 мың теңге соммасына 34 аз қамсыздандырылған отбасыларға 39 адамға тұрғын үй көмегi тағайындалды. Өткен жылға сәйкес келетiн мерзiмде 24,8 мың теңге соммасына 2 аз қамсыздандырылған 10 адамға тұрғын үй көмегi тағайындалды.

613,8 мың теңгеге 21 балаға үйде тәрбиеленiп және оқитын мүгедек — балаларға материалдық қамсыздандыру тағайындалды және төлендi, 2012 жылы 1 қыркүйекке 548,2 мың теңге соммасына 23 балаға тағайындалды. «Мемлекеттiк өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемақы» бағдарламасы бойынша, аудандық бюджет қаражаты есебiнен 7019,3 мың теңге соммасына 1462 отбасыларға 1462 адамына көмек көрсетiлдi, бұрынғы фашистiк лагерь тұтқындарына коммуналдық қызметке 41,5 мың теңге соммасына әлеуметтiк көмек төлендi, 701,0 мың теңге соммасына 27 туберкулез ауруымен ауыратындар, 259,7 мың теңге соммасына өртке байланысты 3 отбасыға, 545,3 мың теңге соммасына 21 онкологиялық сырқаттыларға, кәмелеттiк жасқа толмаған баланы жерлеу үшiн аз қамсыздандырылған 1 отбасыға көмек көрсетiлдi, 1197,6 мың теңге соммасына Жеңiс Күнiне орай 179 азаматтарға материалдық көмек төлендi. Мүгедектер мен қарттар Күнiне орай әлеуметтiк көмек 1227 азаматтарға төлем аударылды.

457,1 мың теңге коммуналдық қызметке облыстық бюджет қаражаты есебiнен 14 ҰОС мүгедектерi мен қатысушыларына, соның 13 отбасыға шығын өтелдi. Елдi мекенде тұратын көпбалалы отбасылар iшiнен 11 студентке колледжде күндiзгi оқу бөлiмiнде оқуы үшiн, ақылы бiлiм алу негiзiнде 1359,9 мың теңге соммасына төлемақы төлендi.

7 бағдарлама бойынша барлық әлеуметтiк көмекпен қамтылғандар 8836,3 мың теңге жалпы соммасына 1487 адамнан 1486 отбасыға. Өткен жылдың сәйкес мерзiмiне 5813,4 мың теңге жалпы соммасына 1135 адамнан 1116 отбасыларға әлеуметтiк көмек алады.

Мүгедектердi оңалту жеке бағдарламасы негiзiнде 1 топтағы 19 мүгедекке жеке көмекшiлер қызмет көрсетедi, 1402,6 мың теңге игерiлдi. Естiп қабылдау бойынша 4 мүгедекке ыммдау тiлi маманымен арнаулы әлеуметтiк көмек көрсетiледi, 277,4 мың теңге игерiлдi.

Арнаулы гигиеналық құралмен 42 мүгедек қамсыздандырылды.

Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiмен 174 жалғыз бастыларға, жалғыз тұратын мүгедектер мен қарт адамдарға арнаулы әлеуметтiк көмек берiледi.

18 жастан жоғары 1-2 топтағы 21 мүгедекке және 18 жасқа дейiнгi жастағы мүмкiндiгi шектеулi 36 балаларға 21 әлеуметтiк қызметкер арнаулы әлеуметтiк көмек жасайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен барлық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша одан әрi жұмыс жасалуда.

Ақкөл ауданы бойынша өткiзiлген
бос жұмыс орындар жәрмеңкесi жөнiнде
АҚПАРАТ

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының жоспарына сай жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi Ақкөл ауданы бойынша 2013 жылдың 30 шiлде күнi бос жұмыс орындар жәрмеңкесiн өткiздi. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесi аудандық орталық кiтапхананың музыкалық қонақжайында өткiзiлдi.

Аудандық жәрмеңкеге 11 кәсiпорын және 55 жұмыссыз азамат қатысты.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесiн жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы Н.Қ.Мананбаева ашты және ағымдағы жылдың 1 тоқсанда Жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуы жөнiндегi ақпаратты баяндады.

Жұмыспен қамту орталығы КММ директорының м.а. Л.В.Морозова «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнiнде сөз сөйледi.

Өңiрлерде «Жастар-Ауылға» жобысын iске асыру жөнiнде «Нұр Отан» ХДП Ақкөл аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары А.О.Ысқақов баяндады.

Жәрмеңке барысында мына кәсiпорындардың бос жұмыс орындары ұсынылды: «АИСТ» ЖШС, «Табыс» ЖШС, «Экомилко» сүт комбинаты, «Акколь-Горкомхоз» ШЖҚ МҚК, «Юргал» ЖШС, «Айлана» шатханасы, «Аккольский» СТК, «Ақкөл ақпарат» ЖШС, «Сауда Күрес» ЖШС, «Шарм» шайханасы, Съедина ЖК.

Жұмыспен қамту бөлiмiнiң маманы И.В.Хлыстова мен жұмыспен қамту орталығының мамдары Н.Байнаев және Ю.Калмурзина азаматтарға жұмыс iздеуде көмек көрсету, жұмыспен қамтудың белсендi нысандарына қатыстыру мәселелерi жөнiнде қабылдады және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жөнiнде кеңестер берiп, талқылау жұмыстарын жүргiздi.

Жәрмеңкенiң нәтижелерi жөнiнде ақпарат:

Жәрмеңкедегi бос жұмыс орындар саны — 32

Бос жұмыс орындар жәрменкесiне 55 адам қатысты

Тұрақты жұмыс орындарына 10 адам жiберiлдi

45 адам кеңес алды.

Мақаланың шыққан күні: 11.12.2017 16:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.12.2017 16:14
Қаралым саны: 1776

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz