A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер (2018 жыл)» тақырыбындағы Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барша қауымды 2018 жылдың 27 наурызында сағат 10:00-де Көкшетау каласы, Горький көшесi, 29Б, №23 каб. мекен-жайы бойынша өтетiн Ашық есiк күнiне шақырады.

Шараға қатысушылардың барлығы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемақы жасау туралы толыққанды және өзектi ақпарат ала алады.

Болашақ зейнеткерлерге келесi сауалдар бойынша кеңес берiледi:

-зейнетақы жүйесiн жаңғырту себептерi;

-зейнетақы жүйесiне 01.01.2018 жылдан бастап енгiзiлген өзгерiстер;

-кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн жүргiзу тәртiбiне енгiзiлген өзгерiстер;

-01.01.2018 жылдан бастап бекiтiлген кесте бойынша жүргiзiлетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу;

-базалық зейнетақыға қатысты өзгерiстер.

«БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерi осы және басқа да сауалдарға қатысты жан-жақты және толыққанды ақпарат бередi. Қатысушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына орай өздерiн толғандырған сауалдарға жауап алумен бiрге мамандардан да жеке кеңес ала алады.

enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 14.03.2018 16:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.03.2018 16:17
Қаралым саны: 1130

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz