A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БЖЗҚ туралы 5 сауал

1. Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу үшiн не қажет?

Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу үшiн жеке тұлға кез келген «БЖЗҚ» АҚ бөлiмшесiне өзiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алып келiп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiш бере алады.

Жеке зейнетақы шотын төмендегi құжаттарды тапсыра отырып, сенiм бiлдiрiлген тұлға арқылы да ашуға болады:

- сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;

- нотариат куәландырған сенiмхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшiрмесi;

- жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы жеке тұлғаның мүддесiн бiлдiрген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасын беруге болады.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (бұдан әрi — МКЗЖ) есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу үшiн МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның пайдасына МКЗЖ төлейтiн агент төмендегi құжаттарды бередi:

- жарғы көшiрмесi және көзбен шолу үшiн оның түпнұсқасы не қызметiн үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаны тiркеу туралы тiркеушi органдар қабылдаған өтiнiштiң көшiрмесi және көзбен шолу үшiн оның түпнұсқасы (үлгi жарғыны ұсыну талап етiлмейдi);

- мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi және көзбен шолу үшiн оның түпнұсқасы. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруге болады, бұл ретте құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;

- үшiншi тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтiнiшке қол қою өкiлеттiгiмен агент берген сенiмхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшiрмесi;

- МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтiнiшке қол қоюға өкiлеттiгi бар үшiншi тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

- агенттiң банк деректемелерi: бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН), банк сәйкестендiру коды (БСК), жеке сәйкестендiру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК).

2. Ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шарт жасау үшiн не қажет?

Ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) — салымшының БЖЗҚ-ға немесе ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркiмен салатын ақшасы. Ерiктi жарналарды өзiң үшiн де, үшiншi тұлғалар үшiн де, мысалы, өз жақындарыңның пайдасына салуға болады немесе жұмыс берушi өз қызметкерлерiнiң пайдасына сала алады.

ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты өз пайдасына жасау үшiн салымшы жеке басын куәландыратын құжатты беру керек (көшiрмесi және көзбен шолу үшiн түпнұсқасы). Егер шартты жеке тұлға үшiншi тұлғаның пайдасына жасаса, жеке басты куәландыратын құжатты (көшiрмесi және түпнұсқасы) салымшы да, алушы да бередi.

Үшiншi тұлғаның пайдасына шарт жасау үшiн заңды тұлға салымшы төмендегi құжаттарды бередi:

заңды тұлға жарғысының нотариат куәландырған көшiрмесi және лицензия (егер салымшы қызметiне лицензия берiлетiн болса);

заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе БСН көрсетiлген заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмесi;

заңды тұлғаның бiрiншi басшысының өкiлеттiгiн (мәртебесiн) растайтын құжат;

заңды тұлға атынан шартқа қол қою өкiлеттiгi көрсетiлген заңды тұлға сенiмхатының түпнұсқасы;

заңды тұлға атынан шартқа қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;

заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың заңды тұлға куәландырған көшiрмелерi (акционерлiк қоғамдардың құжаттары, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк қатысушыларының тiзiлiмiн тiркеушi жүргiзетiн шаруашылық серiктестiк құрылтайшыларының құжаттары қосылмайды).

Алушы жеке басын куәландыратын құжат бередi (түпнұсқа).

ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты кәмелетке толмаған азаматтар да жасай алады. Бұл жағдайда, 14 жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған тұлғаның атынан әрекет ететiн заңды тұлға төмендегi құжаттарды бередi:

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлiгi (түпнұсқа);

2) заңды өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

3) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) — қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

Мұндайда шартқа заңды өкiл қол қояды.

14 жастан бастап 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған тұлға шартты заңды өкiлдiң жазбаша келiсiмiмен өз бетiнше жасайды және төмендегi құжаттарды бередi:

14 жастан бастап 16 жасқа дейiн:

кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлiгi (түпнұсқа);

заңды өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) — қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

Кәмелетке толмаған тұлғаның (туған күнi 2007 жылғы тамызға дейiн) туу туралы куәлiгiнде ЖСН деректемелерi болмаған жағдайда, туу туралы куәлiкке қосымша ЖСН тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасын не Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының түпнұсқасын беру қажет;

16 жастан бастап 18 жасқа дейiн:

кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) және кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлiгi (түпнұсқа);

заңды өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) — қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

ЕЗЖ мөлшерлемесi, оны төлеу және кейiннен ЕЗЖ есебiнен құралған зейнетақы жинақтарын төлеу тәртiбi ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi.

3. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша БЖЗҚ-дан төлем алуға кiмнiң құқығы бар?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрi — Заң) 31-бабының ережелерiне сай мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiне құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға берiледi:

1) зейнет жасына толған соң:

63 жасқа толған ерлер,

58 жасқа толған әйелдер:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жас;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жас;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жас;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жас;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жас;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас;

2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасаған жағдайда, зейнетақы жинақтары ең аз зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған кезде:

55 жасқа толған ерлер;

50 жасқа толған әйелдер (2016 жылғы 1 наурыздан бастап):

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50,5 жас;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51 жас;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51,5 жас;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52 жас;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52,5 жас;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53 жас;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53,5 жас;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54 жас;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54,5 жас;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 55 жас;

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының аумағына тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.

Сонымен қатар мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар тұлға қайтыс болған* жағдайда, зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға берiледi.

4. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен құралған зейнетақы жинақтарын алуға кiмнiң құқығы бар?

Заңның 32-бабының ережелерiне сай мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiне құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға берiледi:

1) зейнетақы жинақтары республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең аз зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасау арқылы жалпы алғанда мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде алпыс күнтiзбелiк ай төленген, елу жасқа толған тұлғалар;

2) Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде, атап айтқанда:

- 63 жасқа толған ерлер;

- 58 жасқа толған әйелдер (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жас; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жас; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жас; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жас; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жас; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас);

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының аумағына тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар тұлға қайтыс болған* жағдайда, зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға берiледi.

5. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен құралған жинақтардан төлемдердi қандай жағдайда алуға болады?

Заңның 33-бабының ережелерiне сай ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiне құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға берiледi:

1) 50 жасқа толған тұлғалар;

2) мүгедектер;

3) Қазақстан Республикасының аумағына тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.

Сонымен қатар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар тұлға қайтыс болған* жағдайда, зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға берiледi.

* Алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына толмаған тұлға қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не оны жерлеген тұлғаға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерi шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған бiр жолғы төлем жасайды.

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 17:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 17:34
Қаралым саны: 1898

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz