A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БЖЗҚ туралы 5 сауал

Оқырмандарымыздың сауалдарына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары жауап бердi.

- Менiң қызым келiсiм-шарт бойынша шетелде жұмыс iстейтiндiктен зейнетақы қорына аударым жасамайды. Айтыңызшы, бiз оның орнына БЖЗҚ-дағы оның шотына ақша аудара аламыз ба? Ол үшiн не iстеу керек және аударымдар қандай валютамен қабылданады?

- Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмыс iстей отырып, Сiздiң қызыңыздың мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатысуға мүмкiндiгi бар екенiн айта кету керек.

Сонымен қатар Сiз қызыңыздың болашақ қамын жасай аласыз және үшiншi тұлғаның пайдасына ерiктi зейнетақы жарналары туралы шарт жасай аласыз не қызыңыздың өзi осындай шартты өз пайдасына жасай алады. Мұндай тәсiл өте ыңғайлы, өйткенi жарналардың кезеңдiлiгiн және мөлшерiн адам өзi белгiлей алады. Айтып өткенiмiздей, ерiктi жарналарды өз туыстарының және жақындарының пайдасына аударуға болады. БЖЗҚ сайтында орналастырылған зейнетақы калкуляторы келешектегi зейнетақының болжалды мөлшерiн есептеуге көмектеседi және тұрақты аударылатын ең аз ерiктi жарналардың өзi зейнетақы жинағыңызды айтарлықтай арттыруға мүмкiндiк беретiнiн көрнектi түрде көрсетедi. Оларды теңгемен салу керек.

- Жақында зейнетке шығамын, шотыма 2,5 миллионға жуық теңге жинап үлгердiм. Айтыңызшы, мен құрметтi демалысқа шыға салысымен барлық соманы бiрден ала аламын ба немесе оны бөлiп-бөлiп бере ме? Неге? Егер барлық соманы алатын болсам, қанша пайыз жоғалтамын? БЖЗҚ осындай қызмет үшiн сыйақы алады деп естiдiм.

- Тиiстi қаржы жылына (2016 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен ең төменгi зейнетақы мөлшерi — 25 824 теңге) белгiленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен кем болған жағдайда ғана барлық зейнетақы жинағын алуға болады. Яғни, қазiргi сәтте бұл сома — 774 720 теңге (30-ды 25 824 теңгеге көбейту). Демек, зейнетақы жинақтарыңыздың қалдығын ескерсек, сiз барлық соманы бiрден ала алмайсыз. Сiз жоғарыда көрсетiлген формула бойынша есептеуге болатын зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасын белгiленген кесте бойынша алуға құқылысыз. Осылайша, сiздiң жеке зейнетақы шотыңыздағы жинақ шамамен үш жыл iшiнде төленетiн болады. Мұндай тәртiп БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидасымен белгiленген. Қағида ҚР Үкiметiнiң 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекiтiлген.

Сiздiң сұрағыңыздың екiншi бөлiгiне келер болсақ, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» ҚР Кодексiнiң 160-бабының ережелерiне сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi — төлем көзiне жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын табыс. Осыған орай кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн алушыдан мiндеттi түрде Салық кодексiнде көзделген түзетулер мен салықтық шегерiмдер ескерiле отырып 10 пайыз мөлшерiнде ЖТС ұсталады. Салық салынбайтын зейнетақы төлемдерiнiң сомасы ағымдағы қаржы жылына белгiленген ең төменгi еңбекақының 12 еселенген мөлшерiне тең. Бұл ретте зейнетақы төлемдерiн БЖЗҚ өтiнiште көрсетiлген алушының банк шотына аударады. Оларды айырбастау және шетелдiк банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына аудару қызметтерiн қоспағанда, зейнетақы жинақтарын аударуға, есепке жазуға және төлеуге байланысты банк қызметтерiнiң ақысы БЖЗҚ-ның меншiктi қаражаты есебiнен төленедi.

- Келесi жылы зейнетке шығамын және менiң жинақтарым қалай қорғалған, оларға дағдарыстық үдерiстер, құнсыздану және басқалар әсер еттi ме деп жиi ойлай бастадым?

- Азаматтардың зейнетақы жинақтарын қорғау және оларды индекстеу тетiгi «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тұжырымдалған. Зейнетақы жинақтарын Қазақстан экономикасындағы құнсыздану деңгейiн ескере отырып сақтау жауапкершiлiгiн мемлекет өз мойнына алды. Заңның 5-бабына сай мемлекет алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдерiне құқық алған сәттегi құнсыздану деңгейiн ескере отырып, нақты салынған жарналар мөлшерiнде сақтауға кепiлдiк бередi. Бұл бап зейнетақы жинақтары бойынша жинақталған табыстылық деңгейi жинақталған құнсыздану деңгейiнен төмен болған жағдайда қолданылып жүр және қолданылады. Төлемге құқығы бар азаматтар мемлекеттiк бюджеттен тиiстi өтемақы алады. Жинақтарды сақтау бойынша мемлекеттiң осындай тiкелей жауапкершiлiгi әлемнiң еш жерiнде жоқ екенiн айта кету керк.

- Мен қоныс аударып едiм, ендi жаңа мекенжайыма БЖЗҚ-дан шотымның жай-күйi туралы деректерi бар хаттар келмейтiн болды. Айтыңызшы, бұл ақпаратты бiлудiң басқа жолдары бар ма?

- БЖЗҚ-ға өзiңiздiң жаңа мекенжайыңызды хабарлауыңыз қажет едi, оны хабарламағандықтан, сiз жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйi туралы жыл сайынғы үзiндi көшiрменi алмайсыз. Сондықтан БЖЗҚ бөлiмшесiне бiр рет келiп, не өз деректемелерiңiзге түзетулер енгiзiңiз, не ең дұрысы, хабарлау тәсiлiн өзгертiңiз.

Бүгiнде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат алудың бiрнеше арнасы бар. Сiз салымшы ретiнде өзiңiзге қолайлысын таңдай аласыз. Бұл — жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште немесе жеке келiсiмде көрсетiлген салымшының электрондық мекенжайына хабарлама жiберу. Ақпарат алудың ең жедел тәсiлi — www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмi арқылы алу. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса немесе логин мен парольдi тiркесеңiз, сiз үйден немесе кеңседен шықпай-ақ өз шотыңызды тексерiп, жұмыс берушiден түскен түсiмдi бақылай аласыз. Бiздiң мамандар смартфондар мен планшеттерге арнап әзiрлеген ENPF ұялы қосымшасын да пайдалануға болады. Жинақтар туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы алу мүмкiндiгi бар. Қызмет «Азаматтар» санатының «Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлiмiнде. Оны алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкiмет порталына тiркелу қажет. Сiзге ақпаратты БЖЗҚ мамандарының бергенiн қаласаңыз, сiз үшiн республика аумағында 232 дербес қызмет көрсету орталығы ашылған. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште көрсетiлген мекенжайға пошта арқылы хабарлау тәсiлi әлi де қолданылады.

2016 жылғы 1 қазанда 2,5 миллионға жуық адам немесе әрбiр төртiншi салымшы зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде электрондық хабарлау тәсiлiн таңдады. Оның 214 мыңнан астамы үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға алады және 2,3 миллион адамның сайт арқылы немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкiндiгi бар. Жыл басынан берi ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 245 мыңнан астамға артқан және 2016 жылғы 1 қазанда жүктеп алу 357,9 мыңға жеттi.

- 2018 жылдан бастап зейнеткерлердiң зейнетақысына өтiл үшiн үстеме қояды деп естiдiм. Бұл шын мәнiнде солай ма? Егер солай болса, оны алу үшiн өтiл қандай болу керек?

- 2018 жылдың шiлде айынан бастап базалық зейнетақы төлемiн есептеу тетiгi өзгеретiн болады. Қазiргi уақытта ол барлық алушыға бiрдей төленедi және 11 965 теңге. 2018 жылдан бастап оның мөлшерi әр түрлi болады: өтiлi он және одан кем болғанда немесе ол болмаған жағдайда — ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50 пайызы. Әрбiр келесi толық жылға базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi 2 пайызға өсетiн болады. Яғни, өтiлi 20 жыл болғанда ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70 пайызын құрайтын болады, 30 жыл — 90 пайыз, ал 35 және одан көп жылдық өтiл кезiнде — ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызы. Өтiл ескерiлген зейнетақы тағайындауға қатысты толық ақпарат алу үшiн «Азаматтарға арналған Үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына» бара аласыз, Астанада 8 (7172) 75-37-10 телефонына, Алматыда 8 (727) 331-21-13 телефонына немесе 1411 нөмiрiне (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегiн) хабарласа аласыз.

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 17:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 17:23
Қаралым саны: 1874

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz