A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
5 сұрақ

2018 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап зейнетақының өсетiндiгiн естiдiм. Осы туралы бiлгiм келедi. Тағы бiр сұрақ, биыл Қазақстанда ең төмен және орташа зейнетақының мөлшерi қандай?

Қазақстанда мемлекеттiк бюджеттен екi түрлi зейнетақы төленедi. Бiрi — ортақ (еңбек) зейнетақы болса, екiншiсi — базалық зейнетақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 8 пайызға, ал базалық зейнетақы 6 пайызға өстi. Осылайша, базалық зейнетақыны ескере отырып айтар болсақ, қазiргi таңда елiмiзде ең төмен зейнетақы 40 019 теңгенi, ал орташа зейнетақы мөлшерi 71 333 теңгенi құрайды. Бұл өзгерiс барлық зейнеткерлерге тиесiлi.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақы жаңа әдiстемемен есептелетiн болады. Яғни, ендi базалық зейнетақыны тағайындағанда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейiнгi жылдардағы еңбек өтiлi толық ескерiледi. Яғни, еңбек өтiлi жоғары болған сайын, базалық зейнетақының мөлшерi де ұлғая түседi деген сөз.

2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Қазақстанда базалық зейнетақы қалай есептелетiн болады?

Бүгiнде базалық зейнетақы зейнеткерлiкке шыққан әрбiр азаматқа еңбек өтiлi мен айлық табысы және зейнетақы жинағының көлемiне қарамастан өмiр бойына бiрдей мөлшерде тағайындалып келедi. Оның мөлшерiқазiр 15 274 теңгенi құрайды (ең төмен күнкөрiс деңгейiнен сәл жоғары) және ол жыл сайын өсiп отырады.

Ал 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап оның мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан бастап 100 пайызына дейiн артатын болады.

Жаңа әдiстеме бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейiнгi жылдардағы еңбек өтiлi толығымен ескерiледi.

Егер зейнеткердiң 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi жоқ немесе 10 жылға дейiн болса, базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбiр жыл үшiн оның көлемi 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды. Оның көлемi биыл — 28 284 теңге.

Мысалы, 2017 жылы базалық зейнетақының мөлшерi 14 466 теңге болды. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 274 теңгенi құрады (базалық зейнетақы 6 пайызға өстi). Ендi 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап ол, еңбек өтiлi 33 жыл және одан көп болған жағдайда 28 284 теңгеге дейiн ұлғаяды.

Базалық зейнетақы зейнеткерлiк жасқа толған барлық азаматтар үшiн қайта есептеледi. Ал зейнетақы алып жүрген азаматтар үшiн базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшiн қосымша құжаттар ұсынудың қажетi жоқ. Жарналардың төленуi жайында барлық деректер бiрыңғай ақпараттық жүйеде бар.

2018 жылдың 1 шiлдесiнен кейiн зейнетке шығатын азаматтар ғана 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi туралы мәлiметтер ұсынулары тиiс.

Мен екi жылдан кейiн зейнеткерлiкке шығамын. Ай сайынғы төлемдi қалай есептеуге болады?

Ай сайынғы төлемдердi есептеу үшiн зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентi қолданылады. Оның көлемi қазақстандықтардың орташа өмiр сүру ұзақтығына байланысты есептеледi. Ол тұрақты шама.

Коэффициенттер кестесi ҚР Үкiметi қаулысымен бекiтiлген.

Зейнеткерлер кестеге сәйкес, жыл сайын зейнетақы жинақтарының тек бiр бөлiгiн ғана ала алады. Сондықтан, коэффициенттiң шамасы қашанда 1-ден төмен болады.

Осылайша, алушының жасына қарай зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi коэффициентке көбейтiлiп, 12 айға бөлiнедi. Одан шыққан сома — БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем болып табылады.

Ай сайынғы төлемдердiң сомасы алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады.

Зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомаларының келесi кестеге сәйкес алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептеледi:

Алушының жасы Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенті
58 0,09421
59 0,09582
60 0,09764
61 0,09969
62 0,10202
63 0,10467
64 0,10771
65 0,11121
66 0,11528
67 0,12005
68 0,12570
69 0,13246
70 0,14067
71 0,15081
72 0,16362
73 0,18024
74 0,20257
75 0,23404
76 0,28152
77 0,36099
78 0,52048
79 1,00000

Осы кестенi қолдана отырып, ай сайынғы зейнетақы төлемдерiн есептеп шығаруға болады.

Жаңа ережеге сәйкес, ай сайынғы төлемдер ағымдағы жылғы ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан төмен болмауы керек.

Болашақ зейнетақыны есептеу үшiн болжамдық зейнетақы калькуляторын пайдалануға болады. Ол enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Зейнетақы калькуляторы» бөлiмiнде қолжетiмдi (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php).

Мен банктегi берешегiмдi өтеуiм керек. Сол үшiн зейнетақы жинақтарымды мерзiмiнен бұрын ала аламын ба?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетiлген жағдайлар туындамай жатып мерзiмiнен бұрын берiлмейдi.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақы төлемдерi зейнеткерлiк жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдарға төленедi.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Бұдан басқа, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар адам қайтыс болған кезде, заңнамаға сәйкес оның зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылады.

Ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебiнен несиенi төлеу, жылжымайтын мүлiк сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкiндiгi қарастырылмаған.

Менiң зейнеткерлiкке шыққаныма үш жыл болды. Қазiр төлемдердi кестеге сәйкес жылына бiр рет аламын. Мен оны ай сайынғы кестеге ауыстыра аламын ба?

Зейнетақы заңнамасына енгiзiлген және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енген өзгерiстерге сәйкес ендi Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi тек ай сайын жүзеге асырылады. Егер зейнетақы төлемдерiн алушы өтiнiш берген күнi, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгi зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аспаса, бұл сомаалушыға бiр рет толығымен төленедi. Биыл ең төмен зейнетақы көлемi: 33 745 теңге. Сәйкесiнше оның 12 еселенген мөлшерi: 404 940 теңге.

Егер зейнетақы жинақтарының көлемi бұл сомадан асып кетсе, зейнетақы тек ай сайын төленетiн болады.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейiн зейнетақы алып келген азаматтар зейнетақы төлемдерiнiң мерзiмдiлiгiн (ай сайын, үш ай сайын, жыл сайын) сақтауға және өзгертуге құқылы. Яғни, жаңа өзгерiстер зейнетақы төлемдерiн 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап рәсiмдейтiн азаматтарға ғана тиесiлi.

Зейнетақы төлемдерiн тағайындаудағы басты мақсат — еңбекке қабiлетсiз, яғни зейнет жасындағы азаматтардың күнделiктi тiршiлiгiн лайықты деңгейде қамтамасыз ету.

Зейнетақы төлеу кестесiн өзгерту үшiн БЖЗҚ жергiлiктi бөлiмшесiне жүгiну қажет.

Айта кетелiк, ағымдағы жылдың қаңтарында елiмiз бойынша 20 шақты адам зейнетақы төлемдерiн жыл сайын алу кестесiн ай сайын алу кестесiне ауыстыру жөнiнде өтiнiш берген. Осылайша, уақыт өткен сайын зейнетақы жинақтарын үнемдеп жұмсайтындарсаны бiртiндеп артатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 02.03.2018 17:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.03.2018 17:44
Қаралым саны: 1389

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz