A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
5 сауал

1.Зейнетақы активтерiн кiм басқарады?

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 35 бабына сәйкес, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқаруды ҚР Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен БЖЗҚ арасында зейнетақы активтерiн сенiмдi басқару туралы келiсiм жасалды. Басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, инвестициялау бағыттары мен бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiн салатын қаржы құралдарының тiзiмiн белгiлеуге байланысты ұсыныстар даярлайтын орган  — ҚР Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзiмi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi. Осыған сүйене отырып, зейнетақы активтерi қатаң қадағалауда және оның сақталуына мемлекет кепiлдiк бередi деп айтуға толық негiз бар.

2.Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланады?

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылдың 18 наурызындағы №86 қаулысымен бекiтiлген бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес қабылдайды. Сонымен бiрге, инвестициялық шешiмдер, соның iшiнде Қордың зейнетақы активтерiн орналастыруға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзiмi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң ұсыныстарына сәйкес қабылданады.

ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясына сай ұзақ мерзiмдi перспективада табыстылықтың үйлесiмдi деңгейiн қамтамасыз ету үшiн активтер теңгемен де, шет елдiк валюталармен номиналданған түрлi қаржы құралдарына диверсификацияланады. Сонымен қатар, тәуекелдердi барынша төмендету үшiн зейнетақы активтерi түрлi қаржы құралдарына инвестицияланады.

Қазiргi кезде зейнетақы активтерi мемлекеттiк, квазимемлекеттiк сектордағы компаниялардың құнды қағаздарына, ҚР эмитенттерiнiң корпоративтiк облигациялары мен акцияларына инвестицияланып, екiншi деңгейлi банктер мен шетелдiк банктердiң депозиттерiне және сенiмдi шетелдiк эмитенттердiң құралдарына салынған. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат Қордың www.enpf.kz ресми сайтында («Қор туралы» — «Инвестициялық қызмет» — «Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң құрылымы») бөлiмiнде жүйелi түрде жарияланып тұрады.

3.Зейнетақы қаржылары қайда инвестицияланады?

«БЖЗҚ» АҚ www.enpf.kz сайтында зейнетақы активтерi есебiнен жасақталған инвестициялық портфель құрылымы мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлiнде жарияланып, эмитенттiң атауын, қағаздардың көлемiн, қаржы құралдарының есептi датаға номиналды және ағымдағы бағасы көрсетiледi.

2018 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ-ның ҚР Ұлттық банкiнiң сенiмдi басқаруындағы зейнетақы активтерi 8, 263 трлн теңге болды.

Портфельдiң негiзгi бөлiгiн- 45,94% — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қағаздары құрайды. МҚҚ ағымдағы бағасы 3 796,80 млрд теңге.

Инвестицияланған зейнетақы активтерiнiң iшiнде екiншi орында Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң облигациялары тұр, олардың портфельдегi үлесi  — 14,71%, ал ағымдағы бағасы — 1 215,58 млрд теңге.

Сонымен қатар, инвестициялық портфельде:

- шетелдiк мемлекеттердiң мемлекеттiк құнды қағаздары (11,71%);

- Қазақстанның квазимемлекеттiк ұйымдарының облигациялары (8,86%);

- банктердiң депозиттерi: қазақстандық (3,84%) және шетелдiк (5,58%);

- тәуекел мен портфельдiң табыстылығын қамтамасыз ететiн басқа да құралдар.

Қаржы құралдарының инвестициялық портфелiндегi валюталардың үлесi:

•Ұлттық валюта — 68,63%

•АҚШ доллары — 31,16%

•Ресей рублi — 0,41%

•Басқа валюталар — 0,10%

Инвестициялық қызметтiң бағыттарына, шетел валюталары курстарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтағы бағасына байланысты есептелген инвестициялық табыстың көлемi 2018 жылдың басынан 251,41 млрд. теңгенi құрады. 2018 жылдың басынан БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына аударылған зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 2,98%-ды құрады.

4.Мен ресми жұмыс iстемеуiме байланысты зейнетақы жарналарын төлемеген уақыт болды. Маған бұл кезеңге инвестициялық табыс аударылмайды ма?

Инвестициялық табыс әрдайым аударылып тұрады. Ол күн сайын әрбiр қаржы күнiнiң соңында жинақтар толықтай таусылғанша, салымшы зейнетке шығып, зейнетақы ала бастағанның өзiнде, оның Қорда сақтаулы тұрған жинақтарына одан әрi аударыла бередi.

Жинақтардың жай-күйi туралы және инвестициялық табыс туралы ақпаратты жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзiндi-көшiрмесiнен алуға болады. Ол ақысыз берiледi, ал хабарландыру тәсiлiн салымшы (алушы) өз бетiнше таңдайды. Үзiндi-көшiрме алудың келесi тәсiлдерi бар:

Пошта байланысының көмегiмен — жылына бiр рет;

Электрондық пошта арқылы  — таңдалған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын);

БЖЗҚ кеңсесiне өзi бару арқылы  — шектеусiз;

Интернет-хабарландыру (смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы онлаин-режимде) — шектеусiз;

enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы немесе egov.kz электрондық үкiмет сайты арқылы («Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» — (Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi (инвестициялық табыстарды есептегенде) бөлiмiнде) порталда тiркелiп, қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда.

5.Инвестициялық табысқа салық салына ма?

ЖЗШ-дан Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында қарастырылған жағдайлар туындауына байланысты жасалатын төлемдерге, соның iшiнде есептелген инвестициялық табысқа, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.

Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (ҚР Салық Кодексi) зейнетақы төлемдерi төлем көзiнен салық ұсталатын табысқа жатады.

ҚР Салық Кодексiнiң 170 бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемi ретiндегi табыс түрлерiне бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесi салық төлеушiлердiң келесi зейнетақы жарналары есебiнен жасалатын төлемдерi жатады: мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары.

Алайда, зейнетақы жасына келген, Қазақстан азаматтары болып табылатын салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасынан тыс аумақтарға тұрғылықты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн алғанда салық төленетiн табыс көлемiн азайтатын салық шегерiлiмдерiне қақысы бар. Басқаша айтқанда, табыс салығы төлемнiң барлығына емес, оның бiр бөлiгiне ғана салынады. Салықтың түпкi мөлшерiн есептеу үшiн «бiр жылдық зейнетақы төлемiнен» «бекiтiлген салық шегерiлiмi» сомасын алып тастау керек.

Сонымен қатар кейбiр азаматтар ҚР Салық кодексiнiң 1 бабының 13) және 13-2) тармақтарына сай табысын ең төменгi айлық жалақысының 75 еселенген шегiнде түзетуiне болады.

Мақаланың шыққан күні: 09.07.2018 15:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.07.2018 15:34
Қаралым саны: 484

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz