A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2017 жылға жаңалықтар архиві

2017 жылы 27 қазанда аудандық әкiмдiктiң мәжiлiс залында «Реализация программы Рухани жаңғыру: задачи, идеи, перспективы» тақырыбында семинар өттi. Семинарға селолық округтердiң мамандары, директордың тәрбие iсi бойынша орынбасарлары, аудандық кiтапханашылары мен мәдениет үйлернiң қызметкерлерi қатысты.

Семинарды Ақкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары Гулнәр Есенқызы Әбiлқайырова күн тәртiбiмен таныстыра отырып ашты, Гүлнәр Есенқызы маңызды талқылайтын сұрақтарды басты назарда ұстады.

Ақкөл аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Г.Бокпанова өз сөзiнде жұмыстың негiзгi бағыттары және «Атамекен», «Ақпарат толқыны» бағдарламаларын жүзеге асырудағы мiндеттерi туралы баяндады.

Ақкөл аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Әйкерiм Мерекеқызы Түменбаева және Ақкөл аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi С.Е. Мимбаева «Рухани Қазына», «Тәрбие және бiлiм» бағдарламасын жүзеге асыруы жөнiнде ақпарат бердi.

Тiлдердi дамыту орталығының әдiскерi Тәбiлтай Сырғалы қатысушыларды қазақ әлiпбиiнiң жаңа бекiтiлген нұсқасымен таныстыра келе, мемлекеттiк тiлдiң Латын әлiпбиiндегi артықшылықтарын атап өттi.

Семинарға қатысушылар талқылау барысында жоғарыда аталған сұрақтар бойынша тоқтамға келдi: жастардың белсендi қатысуы, тұрғындардың ынтасы, сонымен бiрге, өткiзiлеген iс-шараларды нақты жоспарлау және мақсатты түрде нәтижесiне қол жеткiзу рухани жаңғыртудың кепiлi болып табылады.

«Латын әлiпбиi — болашаққа қадам»

2017 жылғы 25 қазан күнi «Тiлдердi оқыту орталығы» мемлекеттiк мекемесiнде Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" аясында «Латын әлiпбиi — болашаққа қадам» атты тыңдаушылар арасында семинар өттi. Семинарға 3-топтың тыңдаушылары қатысты. Сонымен қатар, семинарда «Ақкөл аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң» бас маманы Жүсiпбеков Шоқан Батырханұлы және Тiлдердi оқыту орталығының директоры Түкенова Бақытжан Көшербайқызы, қазақ тiлiнiң мұғалiмдерi Тәбiлтай Сырғалы, Садырбаева Жанар Қазиқызы, Хадыр Әсемгүл қатысты. Семинар барысында бейнероликтер көрсетiлiп, семинарға қатысушылар мемлекеттiк тiлдiң латын әлiпбиiне көшуi туралы өздерiнiң көзқарастарын бiлдiрiп, өз ойларымен бөлiстi.

Ақкөл аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы Жүсiпбеков Шоқан Батырханұлы: — Қазақ тiлiнiң Латын әлiпбиiне өту процесiн ұрпағымыздың болашағы үшiн қажеттiлiгiн түсiнуiмiз керек.

Тiлдердi оқыту орталығының директоры Түкенова Бақытжан Көшербайқызы: — Латын графикасына мемлекеттiк тiлдiң ауысуы Қазақ тiлiнiң халықаралық деңгейде сабақтар ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн құбылыс.

Ақмола облысының мамандандарылған күзет қызметi басқармасының қызметкерi Жанпейiсов Асқар: — Қазақ тiлiн латын графикасында үйрену үшiн шынайы ниет болуы керек.

Тiлдердi оқыту орталығының ақпараты

Карта сакральных мест Аккольского района

1 октября 2017 г. состоялась научная экспедиция по выявлению и фиксации сакральных объектов на территории Аккольского района Акмолинской области. Это была совместная экспедиция Аккольского акимата , под руководством заместителя акима района по социальным вопросам Абулхаировой Гульнар Есеновны, руководителя отдела культуры и развития языков Туменбаевой Айгерим Мерекеевны и представителя от ЕНУ им. Л.Н. Гумилева Кошман Татьяны Васильевны.

Прошла встреча с представителями районной библиотеки, районного архива, лесничества, краеведами , к ходе которой были выявленв новые интересные факты из истории района, определены задачи дальнейшего выявления новых объектов.

Целью экспедициии — найди место, где покоятся останки знаменитого Казы батыра. По версии краеведов и сторожилов района данное место находится в районе села Урюпинка. Выезд на место с участием историка, краеведа Уразова А.А. позволило участникам найти место, где возможно покоятся останки знаменитого батыра и его верных войнов. Место находится на высоком берегу реки Талкары. Недалеко от этого места, ближе к реке , по мнению краеведа, находится могила Өрес — ханым.

Эти места давно почитаемы в этом районе, сюда проводят экскурсии и еть необходимость дальнейшего изучения данного вопроса.

Интересной была и экскурсия в местный музей, который являлся в свое время победителем конкурса среди музеев области. Экспедиция достигла своей цели. Впереди новые поиски.

Ақкөлден бастау алған Республикалық форум!

ЖАС КIТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ!

ҚР Ұлттық академиялық кiтапханасы ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйегi аралығында Ақмола облысы Әкiмшiлiгiмен бiрлесе отырып, Бурабай мекенiнде «Рухани жаңғыру: ұлт келбетi — жастарға бағыт» тақырыбындағы республикалық Жас кiтапханашылар форумы өттi.

Форум кәсiби дағдылармен алмасу, бiлiктiлiктi арттыру, жас кiтапханалық кәсiби қауымдастықты, сонымен қатар кiтапхана iсiнiң жас мамандары арасында корпоративтiк кiтапханалық дәстүрдi дамыту, жариялық кiтапханалар қызметiнiң жаңа технологиялары, формалары мен әдiстерiн меңгеру мақсатында өткiзiледi.

Мақсаты — ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi мемлекеттiк кiтапханалар жүйесiндегi жас мамандардың кәсiби және әлеуметтiк қолдау жүйесiн құру арқылы Қазақстан кiтапхана саласының кадрлық әлеуетiн қалыптастыру және сақтау. Кiтапхана болашағы — жастардың қолында. Кiтапхана саласында жас кiтапханашылардың өздерiнiң мүмкiндiктерiн дамыту және жетiлдiру мәселесi басшылық тарапын ғана алаңдатпайды, сонымен қатар жас кiтапханашыларды да алаңдатады. Съезд жұмысына Қазақстанның барлық аймағынан жиналған жас кiтапханашылар, белгiлi қоғам қайраткерлерi, ғылым, мәдениет, бiлiм беру саласының өкiлдерi, жастар қозғалысының көшбасшылары қатысады. Барлық қатысушылар саны — 170.

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кiтапханасы

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң Мәдениет басқармасы

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасы. Фото авторы: Әлiмжан Қылышбайұлы

15 қыркүйек 2017 жыл Ақкөлде Қазақстан халқы Тiлдер мерекесiне арналған тiлдер фестивалi дүркiреп өттi

Тiлдер фестивалiнiң мақсаты: Қазақстан халқының әртүрлi этнос өкiлдерiнiң мәдениетi, тiлiн сақтау мен оны дамытуға қолайлы жағдай жасау.

Қатысты: Аудан әкiмiнiң орынбасары Гүлнар Есенқызы Әбiлқайырова, аудан әкiмiгiнiң бөлiм басшылары, қала, ауылдық округ әкiмдерi, мектеп директорлары, БАҚ өкiлдерi және т.б. мемлекеттiк орган басшылары мен қызметкерлерi.

Ұйымдастырушы мемлекеттiк орган: Ақкөл аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi мен Тiлдердi оқыту орталығы.

Жаңа әлiпбидi үйренушiлерге 10 кеңес :

1. Қазақ тiлiнiң Латын әлiпбиiнде тез үйренетiнiңiзге психологиялық сенiмдi болыңыз;

2. Жаңа әлiпбидi ең кемi 30 күнде үйренудi мақсат етiңiз;

3. 32 әрiптi күн сайын 10 минут жаттап, қағазға (компьютерге, ұялы телефон және т.б.) жазып көрiңiз;

4. Өзiңiзге қажеттi ақпаратты (тұрмыстық, жұмыс, қала, мәлiмет, атау, бiлiм және т.б.) Қазақ тiлiнiң Латын әлiпбиi нұсқасында жазуға әдеттенiңiз;

5. Әлiпбидi әр түрлi жастағы (балалар, жасөспiрiмдер, жастар, ересектер, зейнеткерлер) азаматтар мен азаматшаларға көмектесу арқылы еске сақтаңыз;

6. Латын әлiпбиiн жұмыстағы (мектептегi сыныптастарыңызбен) әрiптестерiңiзбен қалай үйренiп жатқанын талқылаңыз;

7. Қазақ тiлiнiң Латын әлiпбиiндегi нұсқасын сынаушыларды негiздемесiн анықтауға тырысыңыз;

8. Латын әлiпбиiн 80 пайыз әлем халқы пайдаланады, яғни шамамен 5,5 млрд. (2017 жылдың маусым айындағы дерек бойынша 7,5 млрд халық) адамның бiрi екенiн есте ұстаңыз;

9. Қазақ тiлiнiң Латын әлiпбиiндегi нұсқасы танымал (ағылшын, испан, немiс, француз, португал, түрiк) тiлдердi үйренуге нақты бастама болатынына қуансаңыз болады;

10. Қазақ тiлiнiң болашағы жарқын болуы сiздiң (тiл, мәдениет, саясат, экономика, қаржы, құрылыс, мұнай, әлеумет, спорт, IT технология, бiлiм) салаңыздағы белсендiлiгiңiзге тiкелей байланысты екенiн ұмытпаңыз.

«Akkol Arlans»
командасы топ жарды

Ағымдағы жылдың 18-қазан күнi ҚР Президентi Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мен жастарға сенемiн» атты Ақкөл ауданының көңiлдiлер мен тапқырлар конкурсы (бұдан әрi — КТК) жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткiзiлдi.

Аталмыш конкурстың өтуiне аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi, аудандық мәдениет үйi, тiлдердi оқыту орталығы, аудан-дық кiтапхана, жастар ресурстық орталығы ықпал еттi.

Конкурсқа 5 команда қатысты, олар: Өрнек орта мектебiнен «Өрнек жастары», Ақкөл ауданының бiлiм бөлiмi жанындағы Балалар шығармашылық үйiнен «Akkol Arlans», Еңбек орта мектебiнен «Аралас», Кеңес орта мектебiнен «Болашақ студенттер», Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебiнен «АМИДАА».

Командалар өткен сынақ төрт кезеңнен тұрды: таныстыру; үй тапсырмасы; «Туған жер»; «Өнерлi өрге жүзер».

Әдiл қазылар алқасының шешiмiне сәйкес, I орынды «Akkol Arlans», II орынды «Аралас», III орынды «АМИДАА» иелендi. Ал, «Болашақ студенттер» мен «Өрнек жастарына» Алғыс хат табыс етiлдi.

Мемлекеттiк тiлде өткен КТК-ның 5 ерекшелiгiн атап өткен жөн:

1. Жастар көрермендерге өте сауатты әзiлдердi ұсына бiлдi;

2. Ақкөлдiң жастары сахна мәдениетiн белгiлi деңгейде меңгергенi байқалды;

3. Қатысушылардың актерлiк шеберлiктерiнiң шыңдалып келе жатқаны көрiнiп тұрды;

4. Жастарымыз өздерiн қуатты, сауатты, бiлiмдi ұрпақ екенiн дәлелдедi;

5. Патриоттық сезiмнiң жоғары үлгiсiн көрсете бiлдi.

Қорыта айтқанда, Ақкөл жастары облыс, тiптi республика деңгейiнде өтетiн сайыстарға қатысуға дайын екенiн, әрi намысты қолдан бере қоймайтынын алдағы уақыттарда да ескеру қажет.

КАЗТЕСТ

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Ақкөл аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiм жанындағы Тiлдердi оқыту орталығында ауылдық (селолық) округ әкiмдерi арасында мемлекеттiк тiлдi үйрену деңгейiн анықтайтын ҚАЗТЕСТ сынағы жоғары деңгейде өттi.

Бұл iс-шараның мақсаты мемлекеттiк қызметшiлердiң «Б» корпусында (лауазымдық ауысу мен өсу барысында) тесттен өтуге алдын ала дайындық болып табылады.

Қазтест-ке қатысқан ауылдық (селолық) округ әкiмдер саны — 8. Ал нәтижесi төмендегiдей:

Т.А.Ә. Тыңдалым балы(30 тапсырма) (%) Лексика-грамматика балы(70 тапсырма) (%) Оқылым балы(50 тапсырма) (%) Барлығы(150 тапсырма)
1 Абаханов С.Ш. 17 (56,66%) 68 (97,14%) 25 (50,00%) 110 (73,33%)
2 Ашимов Р.Р. 14 (46,66%) 41 (58,57%) 14 (28,00%) 69 (46,00%)
3 Зейб Ю.В. 6 (20,00%) 31 (44,28%) 16 (32,00%) 53 (35,33%)
4 Хасенов Қ.Қ. 12 (40,00%) 48 (68,57%) 37 (74,00%) 97 (64,66%)
5 Салыбеков Ж.А. 17 (56,66%) 51 (72,85%) 29 (58,00%) 97 (64,66%)
6 Шарипова З.К. 11 (36,66%) 45 (64,28%) 27 (54,00%) 83 (55,33%)
7 Уразов А.А. 15 (50,00%) 55 (78,57%) 38 (76,00%) 108 (72,00%)
8 Идрисов С.Ж. 22 (73,33%) 61 (87,14%) 42 (84,00%) 125 (83,33%)

ҚАЗТЕСТ сынағы

Ағымдағы жылдың 25-31 қаңтар аралығында мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiм жанындағы Тiлдердi оқыту орталығында мемлекеттiк тiлдi үйренiп жүрген тыңдаушылар арасында ҚАЗТЕСТ сынағы жоғары деңгейде болып өттi. Бұл iс-шараның мақсаты мемлекеттiк тiлдi меңгерушi мемлекеттiк және азаматтық қызметкер арасында тiлдiк бiлiм деңгейiн мониторинг жасау арқылы 2016-2017 оқу жылының жартыжылдығын қорытындылау.

ҚАЗТЕСТ сынағына 112 тыңдаушы қатысса, оның 53 — мемлекеттiк қызметкерлер, ал 59 — азаматтық қызметкерлер болып саналады.

ҚАЗТЕСТ сынағынының қорытындысын алдағы уақытта хабарлай жатармыз.

Мақаланың шыққан күні: 12.12.2017 10:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2018 11:20
Қаралым саны: 1788

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz