A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2015 жылға жаңалықтар архиві

Тiл жанашыры

«Қазақстан Республикасы халқының тiлдерi күнiне арналған онкүндiк өткiзу туралы» қаулысына сәйкес 2016 жылдың 16 қыркүйегiнде Ақмола облысының тiлдердi дамыту басқармасы салтанатты жиналыс өткiздi. Аталмыш шарада мемлекеттiк тiлдi дәрiптеп, одан әрi дамуына өз үлесiн қосып жүрген бiрқатар азаматтар, оның iшiнде Ақкөл қаласы №1 балабақша меңгерушiсi Төлегенова Мүнира Төлегенқызы алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.

 

Мәдениет кеңесi

Ағымдағы жылдың 31 шiлдесiнде аудандық кiтапханада келесi күн тәртiбiмен Мәдениет кеңесiнiң отырысы өттi:

1. Ұлт жоспары — Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы. Тақырыпты талқылау барысына кiтапханашылар, СМҮ, СК директорлары қатысты. Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар еңгiздi. Соңында осы сұрақ бойынша шешiм қабылданды.

Жылу беру маусымына дайындық, СМҮ мен СК директорларының меморандумдарды жасасу жұмыстары, ақылы қызмет көрсету жоспарының орындалуы туралы сұрақтары бойынша кiтапханашылар мен директорлардың есептерi тыңдалды (слайдтар).

Барлық мәдениет нысандары жылу беру маусымына дайын. Телефонмен қамтамасыздандыру — 100%. Шаруашылық субъектiлерiмен 3 150,0 мың теңгеге меморандумдар жасалды. Ақылы қызмет көрсету жоспарының орындалуы 46%. Ауданның мәдениет қызметкерлерi алдарына қойылған тапсырмалардың орындалуы жолында еңбек атқарады.

«Сударушка» — саханада 10 жыл!

23 желтоқсанда аудандық ардагерлер Кеңесiнiң бастамасымен «Уақыт пен ұрпақтың байланысы» атты әлеуметтiк жоба аясында аудандағы орталық кiтапханада ақкөлдiктерге халық әндерiн нақышына келтiрiп орындауларымен кеңiнен таныс аудандық мәдениет Үйiнiң «Сударушка» вокалдық тобының 10 жылдығына арналған кездесу өткiзiлдi. Топ иелерiн аудан әкiмiнiң орынбасары Нариман Әбдiрахманов, аудандық мәслихаттың хатшысы Жұлдызай Салыбекова, «Нұр отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Өмiрбаев, сондай-ақ шығармашылық ұжымның көптеген көрермендерi шын жүректен шыққан ықыластарын бiлдiрiп, құттықтады.

Тiл мәртебесi осылай көтерiледi
районный конкурс «Қазақ тiлiнiң бiлгiрi»

Отанымыз тәуелсiздiгiн алғаннан берi қазақ тiлiнiң мәртебесiн арттыру жолында қыруар жұмыстар атқарылып келедi. Бағдарламалар қабылданып, соның аясында жұмыстар iстелiнiп жатыр. Баяғы қатқан сең жiбiп, ел тiлi биiк тұғырға қонды.

Түрлi этнос өкiлдерiнiң мемлекеттiк тiлдi меңгерудегi талпынысын қолдайтын шаралардың маңызы қаншалықты зор екенi айтпаса да түсiнiктi. Мемлекеттiк дәрежедегi тiл ұлттық идеяның басты дiңгегi және мемлекеттiк идеологияның негiзгi iргетасы саналады. Тiл арқылы тiлдесе де, бiрлесе де аламыз. Президентiмiз өзiнiң жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында мемлекеттiк тiл саясатына, оның iшiнде мемлекеттiк тiлге зор маңыз берiп, Үкiметке 2014 жылы мемлекеттiк тiлдi меңгерген қазақстандықтардың санын 20 пайызға, 2017 жылға қарай 80 пайызға, 2020 жылы кем дегенде 95 пайызға жеткiзудi тапсырды. Бұл бағытта Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылуда.

Ақкөл ауданында кейiнгi жылдары мемлекеттiк тiлдi бiлу, оны меңгеру уақыт талабы екенiн түйсiнген жандардың қатары молая түсуде. Сөзiмiздiң дәлелi ретiнде, 23-қазанда аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi мен Тiлдердi оқыту орталығының бiрiгiп өзге ұлт өкiлдерi арасында өткiзген, «Қазақ тiлiнiң бiлгiрi» атты байқауын көлденең тартуға болады.

Араларында мұғалiмдер, мемлекеттiк қызметшiлер , жоғары сынып оқушылары бар 14-30 жас аралығындағы қатысушылар 4 сайыс түрiнен — өзiн таныстыру, қазақтың салт-дәстүрлерiн бiлуi, мақал-мәтелге жүйрiктiгi және жеке орындау шеберлiктерi бойынша бiлiктiлiгiн қазылар сынына ұсынды.

Бiрден айтайық, байқау жоғары деңгейде өттi. Жарысқа қатысушылар- Ольга Яковлева, Наталья Зинченко, Анастасия Качальская, Янина Левицкая, Ксения Бобылова, Альбина Минигалиева және Наталья Бондаренко қазақ тiлi мен ұлт салт-дәстүрiн , әдебиетiн жақсы бiлетiнiн қазылар мен көрермендер алдында айғақтап бердi. Абайдың, Мағжанның, Мұқағалидың өлеңдерi оқылды, халық әндерi орындалды. Кейбiр байқауға қатысушылардың тiл қолданысы, сөз иiрiмдерi өзiмiздiң тiлi шұбарлау қандастарымызға үлгi боларлықтай.

Жүзден жүйрiк демекшi, қазылардың өзара ұзақ талқысынан кейiн 22- 30 аралығындағы ересектер тобында Наталья Зинченко 1-шi орынды иелендi, Альбина Мингалиева мен Ольга Яковлева 2-шi және 3-шi орындарды бөлiстi. ал 14 пен 22 аралығындағы жастар қатарынан 1-шi орынды екi бiрдей талапкер қоржындарына байлады, олар- Анастасия Качальская және Наталия Бондаренко, ал Янина Левицкая мен Ксения Бобылова екiншi және үшiншi орындарды мiсе тұтты.

Қатысушылардың барлығына грамоталар табысталып, сыйлықтар берiлдi.

Дата создания статьи: 12.12.2017 15:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.12.2017 15:31
Қаралым саны: 431

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz