A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2014 жылға жаңалықтар архиві

Аудандық Мәдениет Үйiнде Қаз.ССР-нiң Халық әртiсi, Халықаралық конкурстардың Лауреаты Роза Рымбаеваның концертi өттi.

20 -қазан күнi Аудандық Мәдениет Үйiнде Қаз.ССР-нiң Халық әртiсi, Халықаралық конкурстардың Лауреаты Роза Рымбаеваның концертi өттi. Зал көрерменге толы болды. Халық Роза Рымбаеваны ду қол шапалақ, ыстық ықласпен қарсы алды. Концертiң қорытындысы аға буын өкiлдерi мен өскелең ұрпақтың ризашылығын бiлдiруiмен аяқталды. Әншiге Ақкөл ауданының әкiмi Едигенов Темиржан Қанатұлының атынан естелiк сыйлықпен қоса алғыс хат жолданды. Келесi күнi Роза Рымбаева Космос орталығымен танысып, жуырда ашылған интернацоналист-жауынгерлер еркерткiшiне гул шоқтарын қойды.

«Ана тiлi аруы» байқауы

конкурс 2014 жылғы 11 қыркүйекте Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ұйымдастыруымен «Ана тiлi аруы» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар төрт кезең бойынша (таныстыру, үй тапсырмасы, өнер көрсету, шешендiк өнер кезеңдерi) сынға түстi. Байқау қорытындысы бойынша I орынды №3 Ақкөл орта мектебiнiң мұғалiмi Тәженова Жазира иелендi. Ал одан кейiнгi орындарды №3 Ақкөл орта мектебiнiң 11-сынып оқушысы Дүйсекова Перизат пен №3 Ақкөл орта мектебiнiң мұғалiмi Абдуназар

Тiлдер онкүндiгiнiң алғашқы iс-шаралары
«Туған тiлiм — тiрлiгiмнiң айғағы» атты ақындар мүшайрасы

конкурс акынов2014 жылғы 9 қыркүйекте ауданымызда Тiлдер онкүндiгi басталды. Онкүндiктiң алғашқы күнiнде Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн асқақтату, қолдану аясын кеңейту мақсатында қос iс-шара өткiздi.

Соның бiрi — «Туған тiлiм — тiрлiгiмнiң айғағы» атты аудандық ақындар мүшайрасы. Мүшайраға ауданымыздағы өлең шығаруға икемдi әуесқой ақындар қатысты. Олар өздерiнiң жалынды жырларын көркрмендерге ұсынды. Қазылар алқасының шешiмi бойынша I орынды қала тұрғыны Тышқан Жұмасiл иеленсе, II орынды Кеңес мектебiнiң мұғалiмi Екпiн Серiкболсын мен Аманкелдi орта мектебiнiң директоры Нұрболат Серiк өзара бөлiстi. Ал III орынды Кеңес ауылының тұрғыны Шернияз Көкенұлы, №3 Ақкөл орта мектебiнiң оқушысы Сағынған Диана мен Кеңес мектебiнiң оқушысы Жарқынбек Бағдат қанжығаларына байлады. Осымен 2 жыл қатарынан ұйымдастырылған ақындар мүшайрасы алдағы жылдары да жалғасын табатын болады.

«Балғын шақ» байқауы

Тiлдер онкүндiгiнiң алғашқы күнiнде өтiлген екiншi iс шара — өзге тiлдi бүлдiршiндер арасында өтiлген «Балғын шақ» байқауы. Байқауға №2 балабақшасынан Сапожникова Злата, №3 балабақшасынан Нейфельд Сергей, №2 АОМ-нен Лантух Валентина, №1 балабақшадан Бурганов Ратмир, Новорыбин орта мектебiнен Смирнова Татьяна, Горький атындағы негiзгi мектептен Шамсидинов Даниил қатысты. Бүлдiршiндер мемлекеттiк тiлде өздерiн таныстырып, қазақ тiлiн меңгеруге күш салып жүргендерiн танытты. Қазылар алқасының шешiмi бойынша I орынды иеленген №3 балабақшасынан Нейфельд Сергейдiң қазақ тiлiнде сөз саптау мәнерi, өзiн сахнада ұстауы көрермендердi тәнтi еттi.

Ардагерлер ұйыдарының халық шығармашылығы байқауы

20 тамызда АМҮ ардагерлер ұйыдарының халық шығармашылығы байқауының 1 кезеңi басталды. Бағдарламаға селолық округтердiң, аудандық мәдениет Үйiнiң вокалдық топтары қатысты. Жасына қарамай осы күнге дейiн өз өнерлерiн ортаға салып жүрген Совет Балмұқанов, Серiк Асқаров, Николай Швец, Петр Москвитин сынды қарттарымыз тағы бiр мәрте көрермендердi қуантты. Сонымен қатар концертте «Домбыралы» фольклорлық ансамблi, әжелер триосы, «Аяулы әжелер», «Ивушка», «Сударушка» вокалдық топтары, Мариям Әубәкiрова, Федор Пастухов, Антонина Жарикова мен Мария Надолина ән шырқады.

Ифрақұрылымды жобалар ауылда

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының бiрiншi бағыты: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

Аталған бағыт мынадай жұмыс және объектiлер түрлерi бойынша инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудi көздейдi: инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектiлерiн күрделi, орташа және ағымдағы жөндеу; әлеуметтiк-мәдени объектiлердi күрделi және ағымдағы жөндеу; ауылдық жерлердегi фельдшерлiк-акушерлiк пункттер, дәрiгерлiк амбулаториялар салу; елдi мекендердi абаттандыру.

2011 жылдан бастап Ақкөл ауданында 12 жоба iске асырылды, сол жобаларға 53 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының бiрiншi бағытының шеңберiнде, Қарасай ауылдық округiнiң Минское селосында және Урюпинка ауылдық округiнiң Урюпинка селосында 2 мектептiң жөндеуi өткiзiлдi. 2013 жылы Новорыбинка, Наумовка, Құрылыс, Қараозек, Орнек селоларында ауылдардын iшiндегi жолдарын жөндеуi бойынша 6 жоба iске асырылды және Құрылыс, Новорыбинка, Қараозек ауданымыздың елдi мекендерiң абаттандыру бойынша 3 жоба iске асырылды.

Осы уақытта Новорыбинка селосының Мәдениет үйiнiң күрделi жөндеуi бойынша жұмыстар өткiзiлiп жатыр. Халықты жұмыспен қамту орталығы аталған жобаға 10 адам жұмысқа орналастырды.

Жақын уақытта тағы 2 инфрақұрылымды жобалардын iске асырылуы күтуде. Олар: Азат селосының Ивановский дәрiгерлiк амбулаториясының күрделi жөндеуi, Ақкөл қаласының орталық аудандық емханасының инфекциялық бөлiмiнiң күрделi жөндеуi. 2 жобаға жалпы санында 16 жұмыс орны жоспарланады, олардын iшiнде 8 жұмыспен қамту орталығы арқылы.

Саяси-құғын сүргiн құрбандарың еске алу күнiне арналған « Бас иiп есте мәңгi сақтаймыз» естелiк сабағы Абай атындағы аудандық кiтапханада өткiзiлдi. Ардагерлер кеңесiнiң төрайымы А.К.Мынанбаева, құғын-сүргiн құрбаны М.М.Варсуленко, Вайн К.Д., құрбанының қызы Вялова А.И қатысқандар. АТК-10 студенттерi, қала мектептерiнiң оқушылары. Барлығы 60 адам қатысты.

«Тiлiм менiң — тiрлiгiмнiң айғағы» атты ақындар мүшайрасы

Тiлдер онкүндiгi аясында 9 қыркүйекте аудандық кiтапхана залында Тiлдердi оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Туған тiлiм — тiрлiгiмнiң айғағы» атты ақындар мүшайрасы өтiлдi. Мүшайраны өткiзудегi мақсат — мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру, аудандағы ақындарды насихаттау. Мүшайра қорытындысы бойынша 1-орынды Азат орта мектебiнiң ағылшын тiлi пәнiнiң мұғалiмi Съез Семсерхан иелендi. 2-орынды Өрнек ауылының қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi Серiк Нұрболат қанжығасына байласа, 3-орынды Кеңес ауылының ақын азаматтары Серiк Екпiн мен Ережеп Шерьязданов иелендi. Мүшайра жеңiмпаздарына арнайы дипломдар табысталып, ескерткiш сыйлықтар тарту етiлдi.

«Балғын шақ» аудандық байқауы

Қазақстан халқының Тiлдерi күнi мерекесiне орай онкүндiктiң iс-шаралар жоспарына сәйкес 9 қыркүйекте аудандық кiтапхананың залында мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ұйымдастыруымен аудандық «Балғын шақ» байқауы өттi. Байқауға 5-6 жастағы аудан балабақшаларының тәрбиеленушiлерi — өзге ұлт өкiлдерiнiң бүлдiршiндерi қатысты. Байқау барысында қала балабақшаларының бүлдiршiндерi ән айтып, отырған көрермендердi куантты. Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүлдеге ие болғандар: Ескендiров Темiр — №2 балабақшадан, Лантух Валентина — №1 балабақшадан, Логвиненко Екатерина — №3 балабақшадан.

«Iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде
жүргiзудiң мәнi мен мазмұны» практикалық семинар

Қазақстан халқының Тiлдерi күнi мерекесiне орай өткiзiлетiн онкүндiктiң iс-шаралар жоспары сәйкес 6 қыркүйекте аудандық кiтапхананық оқырмандар залында «Iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзудiң мәнi мен мазмұны» тақырыбында практикалық семинар өттi. Семинарға ауылдық (селолық) округтердiң бас мамандары, аудармашылар, iсжүргiзушiлер, мемлекеттiк қызметшiлер, әдiскерлер, жергiлiктi БАҚ өкiлдерiқатысты. Күн тәртiбiне сәйкес Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Әкiмова Б.Б., бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi — Ханша Ақтышқанқызы, Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы — Түменбаева Ә.М., Тiлдердi оқыту орталығының оқытушысы — Шайтекей Н. сөз сөйледi. Олар «Iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзетiн үздiк мекеме» аудандық байқауының барысы туралы ақпарата берiп, қорытындылады. «Озық тәжiрибе — жетiстiктiң кiлтi» тақырыбында аудандық мәслихаттың бас маманы Әбдiкеева А.С. өз тәжiрибесiмен бөлiстi. Тiлдердi оқыту орталығының директора Бiрманова А.С. ҚАЗТЕСТ жүйесi жөнiнде толық мәлiмет бердi. Семинарға қатысқандар сөз соңында ұйымдастырушыларға алғыстарын бiлдiрдi.

Астана күнiн атап өту

Аудандық мәдениет үйiнде 5 шiлде күнi Астананың 15-жылдығына арналған салтанатты мереке өттi. Мерекелiк шара Астана туралы шағын деректi фильмнен басталып, Ақкөл қаласының әкiмi В. Падалконың құттықтауымен жалғасты. Осындай атаулы күнi салтанатты түрде Капитанов Максим мен Водолазова Ольганың заңды некесi қиылып, жас отау иелерiне көп iзгi тiлектер айтылды. Осыдан кейiн мерекелiк шара Астана арналған үлкен концерке ұласты. Жергiлiктi өнерпаздар жеке дауыста, дуэт квартет құрамдарында ән салып, күйлер орындап жиналған қауымның көңiлiн бiр серпiлтiп тастады. Концерттiк бағдарламаға қатысушыларға шағын естелiктер табыс етiлдi.

6 шiлдеде орталық алаңда 21.00 сағаттан бастап қала тұрғындарына арналған мерекелiк шара ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздер күнi

Абай атындағы аудандық кiтапханада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздер күнiне арналған «Тәуелсiз елiмiздiң айшықтары» айдарымен ақпарат сағаты өткiзiлдi. Осы шараға қала мектептерiнiң жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

«Балғын шақ» байқауы

Мамыр айында мектепке дейiнгi мекемелерде тәрбиеленетiн ұлты қазақ емес балалардың арасында аудандық «Балғын шақ» байқауы өткiзiлдi.

Байқауға әр балабақшадан бiр үмiткерден қатысып, қазақ тiлiнде таза сөйлеу шеберлiгiн ортаға салды.

Байқаудың екi кезеңiнде жақсы өнер көрсеткен Юрчик Анжела (№ 1 балабақшадан) бiрiншi орынды иеленiп, облыстық «Балғын шақ» байқауына қатысуға жолдама алды.

Екiншi орын Вашляева Янаға бұйырса, үшiншi орынды Вретиков Юрий мен Лисица Ольга еншiледi.

Байқау жүлдегерлерiне мадақтамалар мен сабақ құралдары тапсырылды.

Тiрлiгiмiз бiрлiгiмiзден көрiнген күн

1-мамырда мерекелiк iс — шаралар күннiң шуақты да жылы шағында орталық стадионда өттi. Бiрiншi мамырлық жыл сайын өтетiн дәстүрлi шеруге мемлекеттiк қызметкерлер, АIIБ-нiң қызметкерлерi, аудандық бiлiм бөлiмiнiң қызметкерлерi және №1 Астық қоймаларының қызметкерлерi қатысты. Қала көрермендерiне назарына ұлттық ойындар фестивалi және жеңiл атлетикалық кросс ұсынылды. Ел есiнде қалған ең тамаша сәт ол- аудан әкiмi Темiржан Қанатұлы Едiгенов, «Нұр Отан» ХДП АФ бiрiншi орынбасары А.Искаков, аудандық мәслихат хатшысы Ж.Салыбекова «Жас ұлан» балалар ұйымының қатарына қабылдауы болды.

Ел болашағы — жас өрендердiң салтанатты ант қабылдауынан кейiн мереке көңiлдi ән — биге ұласты.

«Веселые нотки» байқауы

24-25 сәуiрде аудандық Мәдениет үйiнде «Веселые нотки» байқауы өттi. Байқау екi жас мөлшерiнде болды: 5 жастан 7 жасқа дейiн және 8 жастан 10 жасқа дейiн. Бiрiншi жас мөлшерiнде жүлделi орынға Әдия Арықпай ие болды (№1балабақша ), екiншi жас мөлшерiнде — Жанель Акимова (№1 АОМ).

«Рухыңмен асқақтай бер, қазақ елi!» ұранымен облыстық «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы көркемөнерпаздар байқауының Гала — концертi

22 сәуiрде аудандық Мәдениет үйiнде «Рухыңмен асқақтай бер, қазақ елi!» ұранымен «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар байқауының Гала — концертi өттi. Гала — концертке 33 әртiс және аудан ұжымдары қатысты. Бағдарламада 4 хор ұжымы (Домбыралы а. хоры, Новорыбинка а. хоры, №3 АОМ хоры, №10 АТК хоры), 8 вокалдық топ, 3 жеке орындаушылар, 1 отбасылық дуэттiң орындауында ән айтылып, 9 хореографиялық ұжымның қатысуымен әр ұлттың билерi билендi, халық аспаптар оркестрi мен домбырашылар ансамблiнiң орындалуында күй ойналды. Ақмола облыстық Мәдениет Басқармасы басшысының орынбасары Г.С.Бекназарова бастаған әдiл қазылар қатысушылардың шығармашылығы мен өнерiн бағалап, табыс тiледi.

«Армысың, әз-Наурыз!» байқауы

20 наурызда Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығы қазақ тiлiн үйренуге деген құлшынысын арттыру, мемлекеттiк тiлдiң қолданыс аясын кеңейту, қазақтың ұлттық салт-дәстүрiн насихаттау мақсатында тыңдаушылар арасында «Армысың, әз-Наурыз!» атты топтық сайыс өткiздi. Байқауда құрамында СЭҚБ-ның қызметкерлерi Шатаева Айжан, Хаярова Альфия, Жұмабекова Торғын, Мубаракшина Вера, Мыцик Елена бар «Салауатты өмiр-көтерiңкi көңiл» тобы мен құрамында «Ломбард» ЖШС-де жұмыс iстейтiн Леонтьева Оксана мен Черняева Виктория, Ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң маманы Дунаева Нина, Мұрағат бухгалтерi Логвиненко Елена, Кәсiпкерлiк бөлiмнiң маманы Найзабекова Динара бар «Аралас» тобы өзара сынға түстi.

Байқау «Өзге емес, өзiм айтам өз жайымды», «Ұлттық салт-дәстүрлер», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Өнерлiге өрiс кең» деп аталатын 4 кезең бойынша өтiлдi. Байқауға қатысушылардың еңбектерiн бағалауда команда мүшелерiнiң қазақ тiлiнде жатық сөйлеуiне, команда құрамындағы өзге ұлт өкiлдерiнiң белсендiлiгi мен сөйлеуiне, әртiстiк қабiлеттерiне, жалпы даярлықтарына, ұлттық киiм киюлерiне баса назар аударылады.

«Салауатты өмiр — көтерiңкi көңiл» тобы таныстыру кезеңiнде, «Бесiкке салу» дәстүрiнен көрiнiс көрсету кезiнде шеберлiк таныта бiлдi. «Өнерлiге өрiс кең» кезеңiнде Жұмабекова Торғын испан биiн билеп, көрермендердi тәнтi еттi. СЭҚБ-ның қызметкерлерi және басшысы М.Г.Семеренко мекемелерiнiң атынан шыққан сайыскерлерге қолдау көрсете бiлдi. Бұл мекеменiң мемлекеттiк тiлдi үйренуге деген ынталарының жоғары, бiрлiктерiнiң нық екенi көрiнiп тұрды.

«Аралас» тобының мүшелерi де қазақтың салт-дәстүрiнен көрiнiс көрсетуде жақсы нәтиже көрсетiп, ұлттық жеңсiк ас — жент дайындап әкелiп, оның дайындалу жолын түсiндiрдi. Әсiресе, «Өнерлiге өрiс кең» кезеңiнде шырқаған «Анашым» әнi өте сәттi шықты.

Байқауға қатысушылар арнайы марапат қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.

«Махаббат дастан» концертi

27 наурызда аудандық Мәдениет үйiнде Астана қаласы мемлекеттiк филармониясының әртiстерi күшiмен «Махаббат дастан» атты концерт өттi. Бағдарламада Гүлзира Бөкейхан, Данияр Мұқан, Диана Май, Анар Мұздаханова, Нұрғали Тұрлыбеков, Нұрбол Балапанов, Перизат Тұрарова. Қазақстан эстрадасының жұлдызы Маржан Арапбаеваны көрермендер үлкен ықыласпен қарсы алды. Концерт соңында әртiстер көрермендердiң қошеметiне алғысын бiлдiрiп, жылы қоштасты.

«Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауы

Үстiмiздегi жылғы 15 наурызда аудандық мәдениет Үйiнде халық шығармашылығы аудандық байқауының қорытынды концертi өттi. Аудандық байқауға барлық 11 селолық округтерiнен, 2 балалар үйiнен, қалалық 4 мектебi мен агротехникалық колледжден жалпы саны 2500 қатысушыдан тұратын 32 көркемөнерпаздар ұжымы қатысты.

Бағдарламада әр халықтың әндерi мен билерi орындалды. Байқаудың қорытындысы бойынша 1 орынды — Ақкөл балалар Үйi (директоры В.С. Ковалева), №1 Ақкөл орта мектебi (директоры Қ. Қ. Нұрсадықова), №3 Ақкөл орта мектебi (директоры Е. Ж. Қайыржанов), 2 орынды — №2 Ақкөл орта мектебi (директоры Г. К. Нұрова), 3 орынды — № 4 Ақкөл орта мектебi (директоры Г. М. Сейiтова) және № 10 агротехникалық колледж (директоры А. С. Дүйсекенов) иелендi.

Байқауда өнер көрсеткен ұжымдар бiрнеше аталымдар бойынша марапатталды. Атап айтсақ, «Үздiк режиссерлiк қойылым» (№ 3 АОМ), «Үздiк хореографиялық ұжым» («Смайл» би тобы), «Вокалдық топтың үздiк жетекшiсi» (№ 1 АОМ), «Аспапты ансамбльдiң үздiк жетекшiсi» (№ 3 АОМ), «Үздiк кәсiби дуэт» (№ 1 АОМ), «Үздiк театрландырылған қойылым» (№ 2 АОМ), «Бiз — елiмiздiң патриоттарымыз» (АТК), «Шығармашылық әлеуетiн дамыту» (№ 4АОМ), «Хордың үздiк жетекшiсi» (Горький атындағы орта мектептiң ұстазы), «Хореография ұжымының үздiк жетекшiсi» (Урюпин балалар Үйiнiң ұстазы), «Қөркемсөз оқу шеберi» (Степногор орта мектебiнiң оқушысы Шынай Жангүл), «Үздiк театрландырылған қойылым» (Хаирбек Әсет — Еңбек МСК көркемдiк жетекшiсi).

Мектеп басшыларына және байқауға қатысушыларды дайындаған мамандарға аудан әкiмiнiң алғыс хаттары тапсырылды.

«Долгожители — время не властно над вами» кездесу кешi

Ағымдағы жылдың 4 наурызында аудандық орталық кiтапханада аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Б. Қатаев, аудандық маслихаттың хатшысы Ж.Т. Салыбекованың қатысуымен Ақкөл ауданының ұзақ өмiр сүрушiлерiн туған күндерiмен құттықтау шарасы өттi. Бағдарламада қарияларға арналған шағын концерт қойылып, құттықтау сөздер айтылды.

Скрипкашылар концертi

Жуырда Ақкөл ауданында көпшiлiктiң есiнде қаларлық концерттiк бағдарламамен танымал скрипкашылар Мұсахан мен Руслан Тұрұнтаевтер болып кеттi. Руслан небәрi он төртте болса да, Қазақстанда ғана емес, шет елдерде кеңiнен танымал болып үлгердi. Бүгiнгi күнi Руслан Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттiк консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебiнде оқиды. Ол беделдi халықаралық байқаулардың қатысушысы және жүлдегерi. Руслан «Виртуозы Москвы» оркестрiмен бiрге Италияның Генуя қаласында XII ғасырдың шiркеуiнде, Мәскеудегi Христос Спаситель храмында, басқа да көптеген концерт залдарында өнер көрсетiп жүрген дарынды жас скрипкашы.

Русланның әкесi Мұсахан Астана мемлекеттiк филармониясының симфониялық оркестрiмен Қазақстан және талай шет елдерде көрермендердiң зор ықыласына бөленген шебер скрипкашы. Мұсахан скрипкамен қоса гитараны жетiк меңгерген аса дарынды сазгер.

Қазақ тiлiн оқыту курстары мұғалiмдерiнiң семинары

Аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ұйымдастыруымен мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығында аудан мекемелерi мен кәсiпорындарында қазақ тiлiн оқыту курстары мұғалiмдерiнiң семинары өткiзiлдi. Семинарды кiрiспе сөзбен бөлiм бастығы Б. Әкiмова ашты. Жиналған мұғалiмдерге мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығының мұғалiмi Шайтекей Нұржан ашық сабақ өткiзiп, ересектерге қазақ тiлiн жеделдетiп үйрету әдiстерiмен таныстырды. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк стандартына сәйкес қазақ тiлiн оқытудың типтiк бағдарламасы, ҚАЗТЕСТ жүйесi туралы түсiнiк берiлдi. Семинар барысында әр деңгейдегi тындаушыларға арналған оқу бағдарламалары, сабақ жоспарлары талқыланды. Жиналған ұстаздар тәжiрибелерiмен бөлiсiп, мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығы арқылы байланыстарын нығайту қажет екендiгiн түсiндi.

Семинар соңында семинарға қатысушыларға «Қазақша — орысша» сөздiктер, «Тiлашар» кiтапшалары таратылды.

Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзе бiлу — сауаттылықтың негiзi

Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi жуырда аудан мекемелерiндегi аударма iсiне жауапты мамандардың практикалық семинарын өткiздi. Семинардың мақсаты — мемлекеттiк тiлде жүргiзiлетiн iс қағаздарының сапасын арттыру, аударма iсiмен айналысатын мамандардың кәсiби бiлiктiлiгiн шыңдау. Семинарды Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бастығы Б.Әкiмова ашты. Семинар барысында Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бас маманы С.Тәшенов аудан мекемелерiндегi iс қағаздарының мемлекеттiк тiлде жүргiзiлу барысы туралы мәлiмдеме жасады және аудандық Мемлекеттiк мұрағаттың директоры К.Жақсылықова iс қағаздарының мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуiнiң ретi, қойылатын талаптары жайында баяндама оқыды. Сонымен қатар, Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы Қ.Құсайынова «Озық тәжiрибе — жетiстiкке жетудiң кiлтi» тақырыбында аудандағы аударма iсiне жауапты мамандармен өз тәжiрибесiмен бөлiстi.

Практикалық семинардың соңында жас мамандарға iс қағаздарын жүргiзу бойынша тапсырмалар берiлдi. Сынақтан сүрiнбей өткен жас мамандар — Кубриянова Гүлден (Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi), Найзабекова Динара (Экономика және бюджеттi жоспарлау бөлiмi), Жетпiсова Динара (Қала әкiмi аппараты) алғыс хатпен марапатталды. Семинарға қатысушыларға сөздiктер және iс қағаздары үлгiлерi таратылды.

Тiлдер фестивалi

Аудандық Мәдениет үйiнде 2012 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан халқының тiлдерi күнiне орай Тiлдер фестивалi өттi. Мерекелiк шараға қала мектептерi, №10 аграрлық-техникалық колледж, кiтапхана, Мәдениет үйi, Балалар үйi ұжымдары қатысып, әр ұлттың тiлiнде сөйлеп, өнерлерiн көрсеттi. Бұл ұжымдардың өнерлерiн жиналған қауым жылы қабылдады. Фестиваль қатысушыларына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тарту етiлдi.

Мерекелiк iс — шара бiр шаңырақ астында тұрып жатқан Қазақстандағы ұлттарды бiрлiкке шақырған саяси маңызы зор шара болды.

Аудан орталығындағы мейрам.

Ақкөлдiктер 30 тамызда елiмiздiң азаматтырының құқықтары мен мiндеттерiн бекiткен, басты құжатымыз — Конституция күнiн атап өттi. Биыл аудан әкiмi Рашит Әкiмовтың қатысуымен қаланың орталық алаңында мерекелiк шеру және концерт өттi.

Сонымен бiрге, оқу бөлiмiнiң ұжымы, балалар үйiнiң және қарапайым халық өкiлдерiнiң «Күздiң жомарт сыйы» атты гүл және көкенiстерден құрастырылған көрменi жұрт назарына ұсынды.

1 маусымда Балаларды қорғау күнiне арналған мейрам болып өттi.

1 маусымда Балаларды қорғау күнiне арналған мейрам болып өттi. Бағдарламада: үлкен концерттiк бағдарлама, «Әкем, анам және мен — спортқа бейiм отбасымыз» атты спорттық-отбасылық сайыс, жеңiл жүгiру эстафетасы, шахмат, шашкадан сайыс. Стадионның әр жерiнде әртүрлi жастағы қатысушыларға арналған қызықты ойындар жүрiп жатты. Балаларды Астана қаласынан арнайы шақыртылған Алиса және Телпек атты ертегi кейiпкерлерi, Спонч-Боб және Нюша мультимедиалық кейiпкерлер қызықтырды. Балаларға түрлi тәттiлер мен сусындар ұсынылды. Байқау қатысушылары сыйлықтарға ие болды. Мерекеге қаламыздағы кәсiпкерлер демеушiлiк жасады.

 

 

ҚР мемлекеттi рәмiздерiнiң 20 жылдығына арналған акция

30 тамызда орталық алаңда ҚР мемлекеттi рәмiздерiнiң 20 жылдығына арналған акция болып өттi.Мектеп оқушылары автожарысқа қатысушыларды тiрi дәлiз түрiнде қарсы алды. Акция мемлекеттiк Туды алып келумен, Әнұранды шырқаумен ашылды. Хореографиялық композиция, концерттiк бағдарлама, №1 балалар үйiнiң және №1 АОМ-нiң оқушыларының қойылымдары мейрам шырайын аша түстi. Акция барысында аудан әкiмiнiң орынбасары Р.Қанатова, «Нұр Отан» партиясының мүшесi Е.Қайыржанов, ардагерлер кеңесiнiң төрайымы А.Мананбаева, №1 АОМ-нiң оқушысы Б.Өмiрсерiков және балалар үйiнiң тәрбиеленушiсi А.Богданова сөз сөйледi.

«Ақмола жұлдыздары» аудандық халық шығармашылығы байқауының
қорытынды концертi

22 мамыр күнi аудандық Мәдениет үйiнде сағат 11-ден кешке дейiн созылған «Ақмола жұлдыздары» аудандық халық шығармашылығы байқауының қорытынды концертi өттi. Байқауға 140 астам орындаушылар қатысты. Әрбiр ұйым хор, би, вокал ұжымдарын көрсеттi. Биылғы байқау көлемiнде 22 хор, 58 би, 62 вокал, 16 ансамбль ұжымдары болды. Ұйымдастыру алқасының дипломымен — 195, грамотамен — 283 қатысушы марапатталды. Қорытынды концертке облыстық халық шығармашылығы Орталығының мәдени демалыс ұйымдастыру бөлiмiнiң меңгерушiсi Әбенов Асылбек Қайыркенұлы қатысты. Байқаудың жеңiмпаздары Ақкөл ауданының әкiмi Р.Әкiмовтың алғыс хатымен және естелiк сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

Славян жазбалары мен мәдениетi күнi

24 мамырда аудандық орталық кiтапханада Ақкөл аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ұйымдастыруымен славян жазбалары мен мәдениетi күнiне арналған кеш өттi. Бағдарламада: АМҮ-нiң және мектеп оқушыларының қатысуымен концерт, ақпараттық бюллетень, викториналар, болды. Бұл iсшараға «Алтын жас» клубының мүшелерi және мектеп оқушылары шақырылды, ардагерлер кеңесiнiң төрайымы А.Мананбаева қатысты.

Жайық Бектұровтың 100-жылдық мерей тойын атап өту кешi

Атақты жазушы, бiздiң жерлесiмiз Жайық Бектұровтық 100-жылдық мерей тойына арналған аудандық iс-шаралар шеңберiнде 21 мамыр күнi аудандық Мәдениет үйiнде еске алу кешi өттi. Мереке барысында жасушының өмiрбаяны мен шығармашылық жолымен таныстыру мақсатында бейне көрiнiс пен ақпарат жасалды. Соңында көрермендер қаланың шығармашылық ұйымдарының мерекелiк концертiн тамашалады.

«Балғын шақ» аудандық байқауы

Мамырдың 18 күнi аудандық кiтапхананың залында мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ұйымдастыруымен аудандық «Балғын шақ» байқауы өттi. Бақауға аудан балабақшаларының тәрбиеленушiлерi 7 өзге ұлт өкiлдерiнiң бүлдiршiндерi қатысты: Пуникова Дина — Новорыбинка орта мектеп-бақшасынан, Понамарева Ксения — Горький атындағы орта мектеп-бақшасынан, Гневашев Тимофей — №2 балабақшадан, Попова Дарья — №1 балабақшадан, Понамаренко Ульяна — №3 балабақшадан, Рагозина Лика — Наумовка орта мектеп-бақшасынан, Зинченко Оксана — балалар үйi-бақшасынан. Үш кезеңнен тұрған байқаудың бас жүлдесiн Попова Дарья иелендi, 1 орын — Зинченко Оксана, 2 орын — Гневашев Тимофей, 3 орын — Понамаренко Ульяна. Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аудандық «Жiгiт сұлтаны» байқауы

10 сәуiрде аудандық Мәдениет үйiнде аудандық «Жiгiт сұлтаны» байқауы өттi, 5 жiгiт өнерлерiн ортаға салды: Қ.Сапаров — Еңбек орта мектебiнiң мұғалiмi, Ж.Сахбасұлы — Ақкөл балалар үйiнiң мұғалiмi, Б.Даулет — аудандық Мәдениет үйiнiң музыкалық жетекшiсi, А.Бөкейхан — Жалғызқарағай ауылының тұрғыны, Ғ.Шойбеков — Қараөзек орта мектебiнiң мұғалiмi. Дәулет Бауыржан осы байқаудың жеңiмпазы атанды. Байқауға қатысқан барлық жiгiттерге мадақтамалар мен естелiк сыйлықтар тапсырылды.

«X-FACTOR» Ақкөлде

Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi үш кезеңнен тұратын «X-FAСTOR» жобасын өткiздi. 27 ақпанда 30 орындаушы, 5 дуэт, 1 вокалдық топ қатысқан iрiктеу кезеңi болып өттi. 14 жеке орындаушы осы iрiктеу кезеңiнде өз жолдарын тоқтатты.

15 наурызда тәжiрибелi музыкант-тәлiмгерлер — атағы жер жарған «Тихогуры» тобының жетекшiсi Рыкунов Владимир, БММ ұстазы Алейникова Анна, Горький атындағы орта мектептiң музыка пәнiнiң мұғалiмi Работягова Гүлмиралармен бiрнеше дайындықтан өткен орындаушылар жартылай финалда өнер көрсеттi.

22 наурызда аудандық Мәдениет үйiнiң сахнасында жобаның шешушi кезеңi өттi. Алдымен «Бәрi қалай басталды?» деп аталатын фильм көрсетiлдi. Шешушi кезеңде Гүлiм Жамиева (№2АОМ), Елена Белова (№1 АОМ), Радовка ауылының тұрғыны Әлiбек Сайдалинов, Еңбек орта мектебiнiң мұғалiмi Ақылбек Нұрмағамбетов, КРМЗ дәнекерлеушiсi Арман Амренов, 3 айлық сәбидiң анасы Анель Абдрахманова, Бiрлiк Оспанов (Новорыбин ауылы), Глеб Иохим (АМҮ), iрiктеу кезеңiнде бiрiктiрiлген вокалдық квартет ән шырқады. Бас жүлденi Арман Амренов иелендi. Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтары арасындағы облыстық байқау

Наурыз айының күнi 16-сы күнi Ақкөл аудандық Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығының «Болашақ» тобы Сандықтау ауданында өткен Ұлыстың Ұлы күнiне арналған салтанатты iс-шараға қатысып қайтты. Iс-шара 3 кезең бойынша өттi. Бiрiншi кезеңде топтар өздерiн таныстырса, екiншi кезеңде салт-дәстүрден көрiнiс көрсеттi, ал үшiншi кезеңде өз өнерлерiн паш еттi.

Ақкөл аудандық Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығының «Болашақ» тобы 2-кезеңде қазақтың тәлiмi мен тәрбиесi зор салттарының бiрi — сыңсудан көрiнiс көрсеттi. 3-кезеңде көрерменге қыз бен жiгiт айтысынан үзiндi ұсынды. Нәтижесiнде принтер (3-тен 1) сыйлығына ие болды.

Қазақша көңiлдiлер мен тапқырлар клубы

14 наурызда аудандық Мәдениет үйiнде КТК (көңiлдiлер мен тапқырлар клубы) өттi. Байқауға №3 Ақкөл орта мектебiнiң «Алаш арландары», Степногор орта мектебiнiң «Шабандоздар», Азат орта мектебiнiң «Жетi теңге, Новорыбин орта мектебiнiң «Келешек», №10 кәсiптiк лицейдiң «Лицей қырандары», Құсайынов атындағы орта мектептiң «Ғани және оның достары», Аманкелдi орта мектебiнiң «Аманкелдi KZ», Минск орта мектебiнiң «Барса, келмес», Өрнек орта мектебiнiң «Тәуелсiздiк тарландары», Кеңес орта мектебiнiң «Жас дәурен», Еңбек орта мектебiнiң «Аралас», Черняхов орта мектебiнiң «Болашақ» топтары қатысты. Аталмыш топтар 4 кезең бойынша сынға түстi.

Қазылар алқасының шешiмiмен «Алаш арландары», «Аралас», «Жетi теңге», «Аманкелдi KZ», «Барса, келмес», «Болашақ» топтары сәуiр айында өтетiн шешушi кезеңге жолдама алды. Қатысушылар дипломдармен, ескерткiш сыйлықтармен марапатталды.

«Ән аға — Шәмшi аға» аудандық фестивалi

9 ақпан күнi аудандық Мәдениет үйiнде «Ән аға — Шәмшi аға» атты аудандық фестивалi өттi. Байқауға Әубәкiров Н.А., Жұмағұлова Г.М., Сұлтанова Д. (№3 АОМ), Мұса М. (№4 АОМ), Сәрсембеков С.К., Қлышева А., Оразалина Ж.С. (№2 АОМ), Серiк Н. (Өрнек ауылынан), Аққошкарова Б.К. (Талқара ауылынан), Саяси Ж. (АМҮ), Еңбек ауылынан трио, Елена Белова (№1 АОМ), Аяшева С. (Малоалександровка селосынан) қатысты. Байқау қорытындылары бойынша 1 орын Дина Сұлтанова, 2 орын — Серiк Нұрболат, 3 орын — Саяси Жансәуле иелендi.

Осы байқауға қатысқан барлық жүлдегерлер мен қатысушылар ұйымдастыру комитетiнiң грамоталары және сыйлықтарымен марапатталды.

Шығармашылық кеш

19 ақпан күнi аудандық Мәдениет үйiнiң залында композитор, күйшi, жерлесiмiз Бөженұлы Құрметбектiң сахнада жүргенiне 40 жыл толуына арналған шығармашылық кешi өттi. Кештi Құрметбектiң жетекшiлiгiмен едәуiр жетiстiктерге жетiп жүрген домбырашылар ансамблi ашты. Композитордың өзi жазған 12 күйi мен 18 әнi бар. Олардың көбi концерт барысында ойналып, шырқалды. Кештiң қонағы ретiнде Буланды ауданынан келген өнерпаздар, музыкалық академияның студенттерi, балалары өздерiнiң өнерлерiн жұртшылықтың назарына салды. Бөженұлы Құрметпектiк шәкiрттерi халықаралық дәрежеде, республикалық және облыс көлемiнде жеңiмпаздар мен лауреаттар болып танылып келедi. Көптеген түлектерi елiмiздiң әр аймағында шәкiртiнiң жолын басып, өнерлерiн көрсетуде. Кештiң соңында залға лық толған көрермендер қошемет көрсетiп, алған рухани азықтары үшiн кеш иесiне алғастарын бiлдiрдi.

«Достық әнiн тербеткен, дархан далам!» фестивалi

21 ақпан күнi аудандық Мәдениет үйiнде «Достық әнiн тербеткен, дархан далам!» атты фестиваль болып өттi. Шараға ауданның барлық ауылдық округтерiнiң көркемөнерпаздары қатысты. 18 орындаушы дипломмен, 12 қатысушы ұйымдастыру комитетiнiң мадақтамасымен марапатталды. Диплом алған ұжымдар корытынды аудандық халық шығармашылығы байқауына жолдама алды.

Тыѕ

2014 жылы 19 наурызда аудандыќ кiтапханада тыѕ игерушiлердiѕ 60 жылдыєына арналєан «Тыѕ — ерлiк пен жiгерлiктiѕ мектебi» атты алєашќы тыѕ игерушiлер мен ќала мектептерiнiѕ жоєары сынып оќушылары жјне №10 АТК — дiѕ студенттерi арасында кездесу ґттi.

Алєашќы тыѕ игерушiлер ґз естелiктерiндегi еѕ ќиындыќ туєызєан сјттердi, оєан тґзе бiлу керектiгiн, халќы їшiн ерлiк жасаєандарын аса тебiренiспен айтып ґттi.

Барлыєы 75 адам ќатысты.

Мақаланың шыққан күні: 12.12.2017 15:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.12.2017 16:02
Қаралым саны: 866

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz