A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – мемлекеттік органдардың жұмысындағы басты басымдылық

Бүгiнгi таңда ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер басқармасының басшысы Әдiлбек Мұхамеджановтың қатысуымен азаматтардың мемлекеттiк қызмет көрсету барысындағы бұзылған құқықтарын қорғау жөнiнде брифинг ұйымдастырды.

Спикердiң айтуынша, қызмет алушылардың шағымдарын қарау департамент қызметiнiң басты бағыттарының бiрi.

«Кәсiпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкiмшiлiк бөгеттердi азайту және бизнес климатты жақсарту мақсатында Департамент Ақмола облысының кәсiпкерлер палатасымен тығыз байланыс жасауда» — дейдi Әдiлбек Мұхамеджанов.

Өзара iс-әрекет құралдарының бiрi кәсiпкерлердiң өтiнiштерiн қарау болып табылады. 2019 жылдың өткен кезеңiнде Департаментпен 37 өтiнiш қаралды. Анықталған құқық бұзушылықтарға сәйкес бұзылған құқықтарды қорғау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

«Мысалға, кәсiпкерлерiмiздiң бiреуiнiң өтiнiшiн қарау нәтижесiнде агроөнеркәсiп кешенi субъектiсiне инвестициялық салынымдар бойынша шығындарды өтеу үшiн тиiстi субсидиялардың толық мөдлшерде берiлмегенi анықталды» — дейдi спикер.

Департаменттiң аталған мәселеге араласуынан кейiн ғана кәсiпкердiң өтiнiшi комиссия отырысында қайта қаралып, оған төленбеген қаражат тиiстi мөлшерде төлендi.

Сонымен қатар Департаментке Әубәкiров Базарбай есiмдi жеке кәсiпкер өтiнiм бiлдiрiп, жер аймағын жалға алу мерзiмiн ұзарту барысында туындаған мәселесiмен бөлiстi.

«Департамент кәсiпкерге мемлекеттiк қызметке қол жеткiзу үшiн өтiнiм жазуға консультациялық көмек көрсеттi. Сонымен қатаркәсiпкердiң құқықтары жер комиссиясы мүшелерiне түсiндiрiлiп, аталған комиссия отырысының нәтижесiнде Б.Р.Әубәкiровке жер аймағына ие болу құқығын беруге ұсыным енгiзiлдi» — дейдi Әдiлбек Мұхамеджанов.

Осылай Департамент кәсiпкерге заңнама шеңберiнде жер аймағын жалға беру құқығын ұзарту мәселесiн шешуге көмек көрсеттi.

Кәсiпкер Базарбай Әубәкiровтың айтуынша, кәсiпкерлердiң көпшiлiгi өз құқықтарын толық бiлмегендiктен және оларды қорғау үшiн тиiстi заңнамалық бiлiмi болмағандықтан бiрқатар мәселелерге тап болады. Алайда осындай жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер саласындағы құзыреттi мамандар көмекке келiп жатады.

Сонымен қатар Әдiлбек Мұхамеджанов мемлекеттiк органдарға бармай ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткiзудiң әдiстерi жөнiнде айтап өттi.

«Мысалға, @EgovKzBot — электронды үкiметi ботының алғашқы нұсқасы жұмысы iске қосылған. Бүгiнгi таңда бот арқылы 20 астам қызметтер мен сервистерге қол жеткiзуге болады.Ботпен жұмыс iстеу үшiн eGov.kz тiркелiп,ұялы телефон нөмiрiн порталдағы профильмен байланыстыру керек» — дейдi спикер.

Жалпы Әдiлбек Мұхамеджановтың айтуынша, мекен-жай анықтамасына қоса жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкiнiң жоқтығын немесе сотталмағандығын растайтын анықтамаларға қол жеткiзу қызметтерi де қазiргi таңда ең сұранысқа ие қызметтер қатарынан табылады.

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз хатшысы

Мақаланың шыққан күні: 06.03.2019
Қаралым саны: 96

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz