A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданы тұрғындарының назарына!

Ақкөл ауданында коронавирустық инфекциямен аурушаңдық бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ Ақмола облысының Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерiнiң 2020 жылғы 4 шiлдедегi №86 «Ақмола облысы аумағында коронавирустық инфекциямен (COVID-19) аурудың таралуының алдын алу бойынша қатаң шектеудi енгiзу туралы» қаулысына сәйкес, Ақкөл ауданының тұрғындарына:

1. бетперде тағу алгоритмiн сақтау;

2. аса қажет болмаса, 65 жастан асқан тұлғаларға және 3 адамнан артық топтармен үйден шығуды шектеу;

3. 14 жасқа дейiнгi балалардың ересектерсiз жүрудi шектеу;

4. сағат 22:00-ден 06:00-ге дейiн елдi мекендер аумағы бойынша қозғалысты шектеу;

5. әлеуметтiк қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бiр отбасы мүшелерiне ойын — сауықсыз объектiлерiне, саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға рұқсат етiледi;

6. респираторлық инфекцияның алғашқы белгiлерi пайда болған кезде (түшкiру, температура 38°С дейiн), дене қызуы 38°С жоғары болғанда медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмiрi бойынша жедел медициналық көмек пен учаскелiк дәрiгердi шақыру арқылы тiркелген орны бойынша медициналық көмекке дереу жүгiнуге болады;

7. отбасылық естелiк iс — шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға асы), соның iшiнде үйде және адамдар көп шоғырланатын өзге де iс-шараларды өткiзуге жол бермеу;

8. көршiлерге, таныстарға, туыстарға, әрiптестерге баруға жол бермеу;

9. жерлеу iс-шараларын жүргiзу кезiнде кемiнде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 30-дан астам адамның (отбасы мүшелерiнiң) жиналуына жол бермеу керек.

Құрметтi ақкөлдiктер! Барлық жарияланған алдын алу шараларды сақтау қажет. Бүгiн бiз барлығымыз жаппай аурудың өсуiне жол бермеуiмiз керек. Барлық ережелердi сақтауды сұраймыз! Өзiңiздi және жақындарыңызды сақтаңыз!

Мақаланың шыққан күні: 07.07.2020
Қаралым саны: 605

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz