A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ауданда Ұлттық бiрыңғай тест тапсыру басталды

2020 жылғы 22 маусымда Ақкөл қаласында №797 ҰБТӨ пунктiнде ҰБТ тапсыру кезеңi басталды. Бiрiншi күнi 85 адам: оның iшiнде Ақкөл ауданынан — 16, Шортанды ауданынан — 69 адам тестiлеуден өттi. Аудан бойынша ҰБТ тапсыру үдерiсi кезең-кезеңмен 24 маусымға дейiн жүргiзiледi.

Коронавирустық пандемияға байланысты ҰБТ өткiзiлетiн пунктте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтiлген шаралар қабылданды: тест тапсырушылар дезинфекциялық тоннельден өтiп, арнайы дезинфекцияланған кiлемшеде аяқ киiмдердi зарарсыздандырып, дене қызуын өлшеттi, қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеп және медициналық маскалар тағу үдерiстен өткiзiлдi. Сондай-ақ, вирусқа қарсы қауiпсiздiк мақсатында тестiленушiлер арасындағы арақашықтықтың кемiнде 2 метр болуы қамтамасыз етiлдi. Тест тапсыру аудиториялар кезең-кезеңмен желдетiлiп, өңделдi. Аудиториялар тек 35%-ға дейiн толтырылған, әрқайсысында 9 адамнан жайғастырылды.

Ата-аналар үшiн онлайн-көрсетiлiм ұйымдастырылды.

Естерiңiзге сала кетейiк, биыл тестiленушiлер үшiн бұрын-соңды болмаған жағдай жасалды. Мәселен, алғаш рет калькулятор пайдалануға рұқсат етiлiп, талапкерлер үшiн тегiн байқау сынақтары қолжетiмдi болды. Сонымен қатар тестiлеудi өткiзу уақыты 4 сағатқа дейiн ұзартылып, түлектер мемлекеттiк емтиханнан босатылды.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 22.06.2020
Қаралым саны: 107

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz