A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысының колледждерінде парасаттылық аптасы өтті

Ақмола облысының техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының «Саналы ұрпақ» клубтарының жұмысын жандандыру, сонымен бiрге, парасаттылық, адамгершiлiк, адалдық қағидаттарын iлгерiлету мақсатында ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң бастамасы бойынша өңiр колледждерiнде «Парасаттылық аптасы» акциясы өткiзiлдi.

Апта аясында барлық колледждерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша дөңгелек үстелдер өттi, онда студенттер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың пайда болу себептерi және олардың салдары, елде жүргiзiлiп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негiзгi бағыттары туралы айтты.

Сондай-ақ қайырымдылық iс-шараларын ұйымдастыру, зейнеткерлерге көмек көрсету, жоспардан тыс аумақты тазалау, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша Волонтерлер күндерiн, студенттер арасында парасаттылық, академиялық адалдық қағидаларын нығайту және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәселелерi талқыланған ивент-алаңдар өткiзiлдi.

Апта соңында колледж студенттерiнiң қатысуымен елiмiздiң прогрессивтi, адал және бәсекеге қабiлеттi азаматының имиджiн насихаттау мақсатында манекен-челлендждер, флэш-мобтар өткiзiлiп, бейнеүндеулер жазылды.

«Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға зор үлес қосып келе жатқан «Саналы ұрпақ» клубтарының белсендiлерi өңiр жастарына лайықты үлгi болып табылады» — деп есептейдi Департамент басшысы Берген Беспалинов

Апта аясында 13200 студенттiң қатысуымен 165 iс-шара өткiзiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 06.05.2019
Қаралым саны: 213

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz