A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері қатарында әйелдер саны артуда

Бұл туралы бүгiнгi брифинг барысында ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Берген Беспалинов мәлiмдедi. Жалпы өз сөзiнде спикер мемлекеттiк қызмет саласындағы жұмысқа тоқталып өттi.

Департамент мемлекеттiк қызмет саласында бiрыңғай саясатты жүзеге асыру, меритократия ұстанымдарын нығайту, кадрлық құрамдардың тұрақтылығын арттыру бойынша көп жұмыс атқаруда. Өз сөзiнде Берген Беспалинов бiрқатар статистикалық мәлiметтердi атап өттi.

«Жыл сайын мемлекеттiк қызметшiлердiң үштен бiр бөлiгi қайта дайындау және бiлiктiлiктi арттыру курстарында оқып, соның арқасында үш жыл iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер 100% оқытылады. А.ж. 1 сәуiрдегi жағдай бойынша 257 мемлекеттiк қызметшi оқытылды» — деп Берген Беспалинов мәлiмдедi.

Жүйелiк негiзде мемлекеттiк қызметшiлердi тағылымдамадан және сынақ мерзiмiнен өткiзу бойынша жұмыс атқарылуда. 1 тоқсан iшiнде тағылымдамадан өтуге тиiстi 77 мемлекеттiк қызметшiнiң 29-ы тағылымдамадан өттi.

«Бүгiнгi таңда облыстағы мемлекеттiк қызметшiлердiң штаттық құрамы 5825 бiрлiктi құрайды, олардың 5347 немесе 92% алмастырылды. Бос жұмыс орындар саны — 478 бiрлiк. Мемлекеттiк қызметшiлердiң орташа жас мөлшерi 39,6 жылды құрайды. Жалпы мемлекеттiк қызметшiлер қатарында әйелдер саны артуда. Олардың қазiргi мөлшерi 64,1% құрайды» — обозначил спикер.

Сонымен қатар мемлекеттiк қызметшiлердiң 87,2% мөлшерiнiң жоғары бiлiмге ие екенi айтылды.

Конкурс нәтижелерi бойынша 1 тоқсан iшiнде 375 адам қызметке қабылданған.

Конкурстық комиссия отырыстарының ашықтығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында отырыстар 100%-дық деңгейде бақылаушылармен қамтамасыз етiледi.

Меритократия ұстанымын қамтамасыз ету шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдарда iшкi конкурс нәтижелерi бойынша 71,4% мемлекеттiк қызметшi жоғары лауазымдарға тағайындалған.

Мемлекеттiк қызмет саласының қазiргi жағдайына баға беру және оны дамыту бойынша ұсынымдар әзiрлеу мақсатында ағымдағы жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызметтiң жағдайы туралы ұлттық баяндама жасалып, ҚР Президентiне ұсыну мақсатында ҚР Үкiметiне енгiзiлiп отыр.

«Ұлттық баяндамада мемлекеттiк қызметтi әрi қарай институционалдық дамытуға бағытталған шаралар ұсынылды» — деп Берген Беспалинов баян еттi.

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң
Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз орталығы

Мақаланың шыққан күні: 30.04.2019
Қаралым саны: 207

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz