A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Antikor.live» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов әлеуметтік желілер платформаларында тікелей эфирде облыстық туризм басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауының нәтижелері туралы хабарлады.

«Барлығымызға белгілі, демалыс және туризм индустриясы облыс экономикасының перспективалы салаларының бірі болып табылады, оның дамуына мемлекетпен көптеген бюджет қаражаты бөлінеді. Осы тұрғыда біз Туризм басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргіздік», - деп мәлімдеді Бақытжан Әмірханов.

Спикердің ақпараты бойынша, аталған мемлекеттік орган мен оның ведомстволық бағынышты мекемесі мемлекеттік сатып алу рәсімін жүргізу барысында тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді анықтау кезінде қосылудың пайда болуы бөлігінде бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Осыған байланысты, Департамент қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу жоспарларын қайта қарауды, мемлекеттік сатып алу бойынша шарттар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі тетікті әзірлеп, бекітуді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында техникалық сипаттамаға тексеру жүргізуді ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды. Алайда, облыстық Туризм басқармасында ішкі талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоймайтын және азайтпайтын ұсынымдарды енгізуде көрініс тапқан формальды тәсіл қолданылды», - деп атап өтті Бақытжан Әмірханов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мемлекеттік органда Мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану ережелерін, сондай-ақ Сыйақы беру ережелерін бұзу анықталды. Департамент жазаны мерзімінен бұрын негізсіз алып тастау тәжірибесін жоюды, қызметкерлерді жазалау және көтермелеу мәселелерін мұқият қарауды ұсынды.

«Облыстық Туризм басқармасының лауазымды тұлғасы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланудан көрінген сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туризм саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Жүргізген сыртқы талдаулардың қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар жоспарлары жасалады, кейіннен оның орындалуы бойынша мониторинг жүргізіледі», - қорытындылады спикер.

Мақаланың шыққан күні: 17.06.2020
Қаралым саны: 93

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz