A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысында карантиндік фитосанитариялық бақылау актілеріне QR-код енгізілді

Мемлекеттiк органдар қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi агроөнеркәсiп кешенiндегi келiп түсетiн өнiмге қайталама тексеру жүргiзу барысында Көкшетау қалалық аймақтық инспекциясымен берiлетiн карантиндiк фитосанитариялық бақылау мен қадағалау актiлерiне арнайы QR-код енгiзiлдi.

Аталған үдерiс тұрмыстық жемқорлықты жоюға мүмкiндiк бередi, себебi QR — код арқылы өнiмдi кiмнiң және қашан тексергенi туралы ақпаратты алуға болады. Ол үшiн, QR — кодты сканерлеу бағдарламасын телефонға жүктеу жеткiлiктi.

Қайталама тексеру өсiмдiк өнiмдерiне жүргiзiлетiнiн айтып өткен жөн. Олардың iшiнде дәндi, майлы, жемшөптiк дақылдар, сонымен қатар ағаш тұғырықтары мен жүк тасуға арналған ыдыстар бар.

Қызмет алушының өтiнiш бiлдiруi арқылы мемлекеттiк инспектор жүктiң келiп жеткен орнына тексеру мақсатында барып, карантинге жатқызылған өнiмдi визуалдық бақылаудан соң қайталама тексеру актiсiн бередi.

«Ендi QR-кодтың көмегiмен жүргiзiлген қайталама тексеру жөнiнде толық мәлiмет алуға болады. Оның iшiнде тексеру жүргiзген инспектордың аты-жөнi, тексерудiң күнi мен уақыты, сонымен қатар сенiм телефоны көрсетiледi. Бұл құзырлы мемлекеттiк органдардың ашықтығын қамтамасыз етiп, аталған саладағы тұрмыстық жемқорлықты азайтуға жол ашады» — деп Департамент басшысы Берген Беспалинов мәлiмдедi.

Еуразиялық экономикалық одағының кедендiк аумағына әкелiнетiн Карантинге жатқызылған өнiмдер тiзiмiне енгiзiлген әрбiр карантинге жатқызылған өнiмдердiң легi карантиндiк фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатқызылады. Аталған үдерiс карантинге жатқызылған өнiмнiң баратын жерiндегi мемлекеттiк фитосанитарлық талаптарына сәйкестiлiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 07.06.2019
Қаралым саны: 351

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz