A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – честный путь» марафоны басталды

Жыл сайын 1 наурызда Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол — честный путь» марафоны басталып, ол желтоқсан айына дейiн жалғасады. Оған облыстың барлық аудандары бiр-бiрiне эстафета жiберу арқылы қатысады.

Дәстүрлi түрде 2019 жылғы марафон Көкшетау қаласынан басталды. Оның ашылу салтанаты «Көкшетау» мәдениет сарайының алаңында өтiп, оған қала тұрғындары, студент жастар, мемлекеттiк қызметшiлер шақырылды. Тiптi жиналған қауым марафонның ашылуына орай ұйымдастырылған флешмобқа қатысу мүмкiндiгiне ие болды.

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша, облысымыздағы марафон осымен бесiншi жыл өткiзiлiп келедi, алайда оның мақсаты өзгерген жоқ. Ол — жемқорлыққа қарсы күресте қоғам мен мемлекеттiң күшiн бiрiктiру, жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа және құқық бұзушылық көрiнiстерiне мүлдем төзбеушiлiк қағидатын қалыптастыру, белсендi азаматтық ұстанымға жол ашу, жемқорлықпен күрес қозғалысына барша қоғамды тарту.

Марафонның қорытындысы Халықаралық жемқорлықпен күрес күнiне орай ұйымдастырылатын жемқорлыққа қарсы форумда шығарылатын болады.

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз хатшысы

Мақаланың шыққан күні: 06.03.2019
Қаралым саны: 94

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz