A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысында «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды

2019 жылдың 24 желтоқсанында Көкшетауда «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңiмпаздарын марапаттау рәсiмi өттi.

«Жомарт жүрек» сыйлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының аясында жасалған.

Шараны Ақмола облысы Iшкi саясат басқармасы ұйымдастырған.

Iс-шараға аймақтың кәсiпкерлерi, аудандар мен қала әкiмдiктерiнiң қызметкерлерi, ҮЕҰ, мәдениет, қоғам және БАҚ өкiлдерi қатысты.

Iс-шараның негiзгi мақсаты — тұрғындарды, бизнес құрылымдарының өкiлдерiн, меценаттар, ҮЕҰ және ерiктiлердi шағын отанды, туған өлкенi дамытуға қатыстыруға, азаматтық белсендiлiктiң озық тәжiрибелерiн, қайырымдылық идеяларын кеңiнен таратуға және ынталандыруға бағытталған.

Аймақтың дамуына белсендi қатысатын, қайырымдылық идеясын алға тартатын, мұқтаждарға көмектесуге дайын азаматтарды барынша марапаттау болып табылады. Қатысқан адамдардың баршасы — белсендi азаматтық, патриотизм мен мейiрiмдiлiктiң шынайы үлгiсi.

«Жомарт Жүрек» сыйлығы Степногорск қаласындағы «Степногорск-Энергокомплекс» ЖШС-нiң директоры Алтынбек Каршегеновке, «Азиаткотломаш» ЖШС Бурабай ауданындағы филиалының директоры Тимур Нурсаиновқа берiлдi.

Ерейментау ауданының «Ереймен күрес клубтары» қоғамдық бiрлестiгiнiң басшысы Қазбек Букешевке, Есiл ауданындағы «Заречный» ЖШС бас директоры Уәлихан Ариповке, сонымен қатар, Жақсы ауданының «ТНК» ауылшаруашылық компаниясының «Труд» ЖШС басшысы Досхожин Дулатқа, Сандықтау ауданының «Байдалы» ЖШС директоры Бағдат Оразалин және Зерендi ауданы ИП «Жолдыковтың» жеке кәсiпкерi Жұмагұл Жолдықовқа табысталған.

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын белсендi iске асырғаны үшiн аудан және қала әкiмдiктерiнiң, облыстық басқармаларырың, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесiнiң қызметкерлерiне облыс әкiмiнiң орынбасары атынан алғыс хаттар табысталды.

Сыйлықтың маңыздылығы туралы айта келе, Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Айна Мысырәлiмова «Қоғамдық сананы жаңғырту — қоғамның елдiң бүгiнi мен болашағы үшiн жауапкершiлiгiнсiз мүмкiн емес» екенiн атап өттi. Қайырымдылық және қамқорлық — бұл процестiң ажырамас бөлiгi. Кез келген өркениеттi қоғамда кәсiпкерлер өз елдерiне көмектеседi».

«2019 жылы мемлекеттiк органдар мен меценаттар үлкен жұмыс жасады. Ақмола облысында 2 800-ден астам iс-шара жүзеге асырылды. «Туған жер» арнайы жобасының аясында облыста жалпы құны 5 млрд.тг. аса 583 әлеуметтiк бастама жүзеге асырылды, оның iшiнде 68 нысанды (мектептер, балабақшалар, медициналық нысандар, мәдениет объектiлерi, т.б. және басқа нысандар),

82 нысанның құрылысы (балабақшалар, спорт алаңдары, тұрғын үйлер және т.б.), 433 басқа әлеуметтiк бастамалар», — дедi өз сөзiнде А. Мысырәлiмова.

Iс-шараға қосымша ретiнде — белгiлi жазушыларының шығармаларына негiзделген аудиокiтаптардың тұсаукесер рәсiмi өттi. Жоба Ақмола облысы iшкi саясат басқармасының және "El Jastar" театрының қолдауымен "Рухани жаңғыру" өңiрлiк жобалық кеңсесiнiң бастамасымен жүзеге асырылуда

С.Жүнiсовтiң «Ақан серi», Т.Қажыбайдың «Айбозым», С.Мұқановтың «Балуан Шолақ», I.Есенберлиннiң «Каһар»,

М. Ғабдуллина «Эпистолярлық әлемi», Е. Асқаровтың «Арманымның ақ құсы», Ж. Ерғалиев «Ескi арба», Е. Мырзахметовтың «Медет» мен Ш.Уәлихановтың «Өлi мен тiрiнiң арасындағы достық туралы аңыз» сияқты шығармалар жаңа форматта тыңдарманға жол тартты.

Iс-шара мерекелiк концертпен аяқталды.

Мақаланың шыққан күні: 24.12.2019
Қаралым саны: 92

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz