A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Құрметтi Ақмолалықтар!

Коронавирустық пандемияға қарсы дүниежүзiлiк күрес және шектеу шаралары аясында көптеген азаматтар сатып алуларды интернет арқылы жүзеге асыруға мәжбүр.

Мұны интернет-алаяқтар пайдаланып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсiлдерiн сәттi игеруде.

Азаматтардың сенiмдерiне кiрiп, жылдам табыс табуға уәде бере отырып, ақпараттық желiлердiң көмегiмен олардың ақшалай қаражаттарын алуда.

Сонымен қатар, қаскүнемдердiң көптеген тәсiлдерi бар, оның iшiнде интернет кеңiстiгiнде де, әлеуметтiк желiлерде де, мессенджерлерде де.

Әдетте, егер алаяқ ақшаны қолына түсiрсе, оны табу қиынға соғады.

Осыған байланысты, азаматтарға сақ болуға және жеке ақпаратпен бөлiспеу қажеттiгi туралы қатаң кеңес беремiз.

Күдiктi СМС немесе қоңыраулар түскен жағдайда, дереу 102 нөмiрiне полиция органдарына хабарласып, бiр мезгiлде банктегi өз шоттары мен кредиттiк тарихын тексеру қажет.

Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды ескертедi және жаднамаларда көрсетiлген қарапайым қағидаларды ұстануға кеңес

бередi.

Ақмола облысының прокуратурасы

Мақаланың шыққан күні: 08.09.2020
Қаралым саны: 71

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz