A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығы Көкшетауда аталып өтті

Жеңiс күнi Көкшетау қаласының орталық алаңында жыл сайын өткiзiлетiн «Мәңгiлiк полк» биыл да жалғасын тапты, деп хабарлайды iшкi саясат басқармасының Өңiрлiк коммуникациялар қызметi.

Тәуелсiздiк алаңында қала қонақтарын әскери-патриоттық клубтар, қаланың орта мектептерiнiң жас инспекторлары, соғыс жылдарындағы тақырыптық экспозияциялары бар ашық аспан астындағы мұражай қарсы алды. Сондай-ақ, «Акбулак родник» ардагерлер клубы әскери жылдар әндерiн орындады.

Абылай хан алаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерi қатысқан мерекелiк шарада сахналандырылған «Соғыс алдында», «Қан майдан», «Жеңiс жолындағы күрес» сынды тағы да басқа сюжеттерден құралған «Ел аңсаған — Ұлы Жеңiс!» көрiнiсi қойылды.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев құттықтау сөзiнен кейiн Даңқ аллеясына, Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллиннiң және Кеңес Одағының екi мәрте Батыры Т.Бигельдиновтiң ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды.

Өңiр басшасы капитан, бөлiмше командирi, Шымкент әскери бөлiмiнiң Ұлттық гвардиясында қызмет ететiн Жетпiсов Берiк Саматұлының лайықты тәрбиесi үшiн Шаймерденова Жанар Киянбекқызын «Офицердiң анасы» медалiмен, сондай-ақ, мемлекеттiк шекараны бұзушыларды ұстаған Боранбаев Алишер Асқарұлын лайықты тәрбиелегендерi үшiн Бекеновтар отбасын алғыс хатпен, ал Алишер Асқарұлын 2 дәрежелi «Шекара қызметiнiң үздiгi» төсбелгiсiмен марапаттады.

Айта кеткен жөн, Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерi үшiн әскери шатырларда дастархан жайылған.

Көкшетау қаласының тұрғындарын кешке «Ұлы жеңiс әндерi!» концеттiк бағдарламасы күтедi.

Мақаланың шыққан күні: 09.05.2019
Қаралым саны: 47

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz