A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Дәрi-дәрмектер мәселелерi жөнiнде кеңес өттi

17 шiлде күнi Ақкөл ауданы әкiмi орынбасарының м.а. Алмас Алиннiң төрағалығымен аудан дәрiханаларында дәрi-дәрмектердiң бар болуы мен қажеттi қорының болуы және мобильдi мониторинг тобының құрамына дәрiханалық ұйымдардың өкiлдерiн енгiзу мәселелерi жөнiнде кеңес өттi.

Кеңес жұмысына Ақкөл аудандық ауруханасының өкiлдерi, Ақкөл аудандық тауарлар мен қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау басқармасының басшысы, өзiн-өзi басқаратын бөлiмдердiң басшылары, сондай-ақ ауданның дәрiханалық ұйымдарының басшылары қатысты.

Iс-шара барысында аудан дәрiханаларын дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету, ауылдық елдi мекендерге дәрi-дәрмектердi уақытында жеткiзу, рецептiсiз берiлетiн дәрi-дәрмектердiң бағасы туралы халықты ақпараттандыру, дәрiханалардың емхана дәрiгерлерiмен дәрi-дәрмектердi рецептiмен босату бойынша өзара iс-қимыл мәселелерi қаралды. Сондай-ақ, мобильдi мониторинг тобының құрамына дәрiхана ұйымдарының өкiлдерiн енгiзу мәселесi қаралды.

Iс-шараны қорытындылай келе, Алмас Алин аудандағы дәрiханаларда дәрi-дәрмек бағасы негiзсiз көтерiлген жағдайда, аталған ұйымдардың иелерi жауапкершiлiкке тартылатынын атап өттi.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 17.07.2020
Қаралым саны: 157

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz