A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Азаматтарды бiрыңғай қабылдау күнi

Бүгiн аудандық әкiмдiктiң ғимаратындағы «Open Space» фронт-кеңсесiнде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Жолдауындағы азаматтардың барлық сындарлы өтiнiш-тiлектерiн жедел әрi тиiмдi қарастыратын «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын iлгерiлету бойынша Азаматтарды бiрыңғай қабылдау күнi өттi болып өттi.

Азаматтарды Ақкөл ауданының әкiмi Алпысбай Қайыржанов, аудан әкiмiнiң орынбасарлары, Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты, Ақкөл аудандық мәслихаттың депутаты, Ақкөл қаласының әкiмi аппаратының, Ақкөл ауданы прокуратурасының, құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызметiнiң және азаматтарға арналған үкiметтiң өкiлдерi қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтардың жер телiмдерiн беру, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, мүмкiндiгi шектеулi тұрғынға арнайы керует сатып алуға қолғабыс жасау, мемлекеттiк бағдарламалар аясында тұрғын үй алу сынды мәселелер қаралды. Азаматтардың барлық қойылған сұрақтарға нақты жауап берiлiп, тиiстi түсiнiктемелер жасалды.

Iс-шараның негiзгi мiндетi — билiк органдарының халықтың мұң-мұқтажын естiп, нақты әлеуметтiк проблемаларын шеше отыра, тұрғандармен тiкелей сындарлы диалог орнату.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 03.02.2020
Қаралым саны: 97

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz