A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Жыл қорытындысы және алдағы міндеттер

6 ақпан күнi аудандық Мәдениет үйiнде Ақкөл ауданының әкiмi Т.Едiгенов «2018 жылдың қорытындылары және 2019 жылғы мiндеттер туралы» халық алдында есеп бердi.

Өз сөзiн Темiржан Қанатұлы аудан жұртына «Жаңа, 2019 жыл, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ауданымызға жұмыс сапарымен келуiнен басталғанын, осы 18 қаңтар күнi Елбасы Қазақстанның алғашқы «ақылды қаласымен» танысып, өзiнiң оң бағасын берiп қайтқанын айтып өттi.

«Бүгiнгi бiздiң туған қаламыз бүкiл Қазақстан елiнiң назарына iлiктi, бұл бiз үшiн өте жауапты да мерейлi сәт. Бiз абаттандыру жұмыстарын жалғастырып, «Smart City» мәртебесiн қолдап қана қоймай, экономикалық және әлеуметтiк сала тұрғысынан қарасты-рылатын барлық мәселе-лердi бiрлесе шешуiмiз қажет.

Барлығымызға мәлiм, биылғы жылды ел Президентi «Жастар жылы» деп әлемге жар салғаны, осыған орай ауданымызда көптеген iрi шаралар жоспарланып отыр. Кеңес заманында барлығымыздың сүйiктi демалыс орынымыз болған қала саябағын жаңғырту сол iстердiң жарқын куәсi болмақ.

Ақкөлдiк жастар бұл игiлiктi iске белсендi қатысып қана қоймай, жаңа, тың жобалардың тiзгiншiсi де болатынына сенiмдiмiн.

2019 жылы бiзге көп нәрсенiң басын қайыру керек, сондықтан, бiздiң ауданымыздың экономикалық және рухани әлеуетiнiң арқасында алдымызға қойылған мiндеттер түгел орындалатынына сенiмдiмiн»,- деп сөзiн қорытындылады аудан басшысы. Сонымен қатар ауданның әлеуметтiк –экономикалық дамуына сүбелi үлес қосып жатқан кәсiпорындар мен ауылшаруашылық нысандары өз өнiмдерiнiң көрмесiн жұртқа ұсынды.

Мақаланың шыққан күні: 08.02.2019
Қаралым саны: 229

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz