A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстанның ең танымал киножұлдыздары 2019 жылы Disney фильмдерін дубляждауға қатысады!

2019 жылдың 13 наурызында Орталық Коммуникациялар Қызметi алаңында «Болашақ» Корпоративтiк Қорымен «Өзiңнен баста» жобасы аясында қазақ тiлiне дубляждалған Disney компаниясының 5 жаңа фильмiнiң тұсаукесерi өттi.

Тұсаукесердiң ашылуына «Болашақ» КҚ директоры Динара Чайжунусова, BI Group холдингының PR директоры Гаухар Керимова, Меломан компаниясының ұлттық жобалар бөлiмiнiң басқарушысы Низами Мамедов және дубляжда басты рөлдердi сомдаған актерлер Нұрлан Әлiмжанов пен Даурен Сергазин қатысты.

2011 жылдан берi «Болашақ» КҚ мен Меломан компаниясы 27 голливудтық кинокартинаның қазақ тiлiндегi дубляжын жүзеге асырды. Қордың директоры Динара Чайжунусованың айтуынша, осы жылы кiшкентай көрермендер назарына қазақ тiлiне аударылған 5 фильмнiң тұсаукесерi дайындалуда: 28 наурызда — «Дамбо», 12 мамырда — «Аладдин», 20 маусымда — «Ойыншықтар хикаясы 4 / История игрушек 4», 19 шiлдеде — «Арыстан патша / Король Лев» және 28 қарашада — «Мұзды өлке 2 / Холодное сердце 2».

«Бiздiң жобамыздың негiзгi мақсаты — әлемдiк студияның отбасымен көруге арналған қазақ тiлiндегi сапалы контентiн шығару және оны қолжетiмдi ету. Және аталған мақсатты тиiмдi жүзеге асыру аясында отандық кинематография әртiстерiмен белсендi қарым-қатынас орнатылып, алғашқы кастингтерге 10-нан астам танымал актер сынақтан өтуге шақыртылды. Басты рөлдердi сомдайтын актерлер Дисней компаниясымен бекiтетiлетiндiктен, бiздiң отандық актерлер үшiн аталған жобаға қатысу кәсiби өсудiң нышаны болып табылады. Осы орайда алдағы кастингтерде де Қазақстанның танымал тұлғалары жобаға қолдау көрсететiп, бiрлескен жұмыстың арқасында кинотетарлар залдары қазақстандық отбасыларға толы болатындығына сенемiз.. Әлемдiк студиялардың контентiне тең қолжеткiзу — бұл қазақ тiлiнiң болашағы, тiлге деген сүйiспеншiлiк және ұлттың ұқсастығы», — деп қорытындылады «Болашақ» КҚ директоры Динара Чайжунусова.

«Актерлық жолында менi бiздiң кинотеатрларда қазақ тiлiндегi фильмдердiң қашан көрсетiлетiндiгi қызықтыратын. Және менiң бұл ойыммен қазақ театры мен кинематографиясының барша актер қауымы келiседi деп ойлаймын. Бұл жобаның әлеуметтiк идеясы көңiл көншiтедi және аталған бастама арқылы қазақ тiлiн насихаттауға өз үлесiмдi қоса алатындығыма ризашылығымды бiлдiремiн», — дейдi Disney фильмiнiң басты рөлiн дубляждаушы актерi Дәурен Серғазин.

Сонымен қатар 2019 жылғы кинопремьералардың бiрiнде басты рөлдi дубляждаушы актер Нұрлан Әлiмжанов: «Дубляж жасау — күрделi iс. Өз кейiпкерiңдi түсiну, оның дауысын салу және бет қимылдарын келтiру үлкен еңбектi талап етедi және оның нәтiижесi өз жемiсiн әкеледi. Бұл жобадағы бiздiң жеңiсiмiз — бұл балаларымыздың әлемдiк деңгейдегi киностудиялардың қазақ тiлiндегi сапалы контентiне қол жеткiзе алатындығы. Осы тұрғыда «Болашақ» КҚ бiз бен Голливуд арасында көпiр болу арқылы үлкен жұмыстар жүргiзуде», — деп өз ойын бiлдiрдi.

Жобаны ұйымдастырушылар қазақ тiлiнде дубляждалған туындыларды халық кеңiнен таныту мақсатында ivi.ru онлайн-кинотеатрымен бiрлесiп, ауқымды қайырымдылық кинофестивалiн өткiзудi жоспарлап отыр. Жаз мезгiлiнiң басында Қормен дубляждалған фильмдер бiрнеше күн Алматы тұрғындары үшiн ашық аспан астында көрсетiлетiн болады.

2019 жылдың көктем мезгiлi режиссер Тим Бертонмен фантастика стилiнде түсiрiлген «Дамбо» отбасылық кинофильмiнен басталады. 1941 жылғы танымал мультфильмнiң ремейкi бiзге үлкен құлағы бар кiшкентай пiлдiң, жануарлардың қорлығы мен мазағынан шаршап, ұшуға үйренген оқиғасын баяндайды. Фильм 2019 жылдың 28 наурызында дубляж демеушiсi — BI Group қолдауымен өтедi.

«Жобаға қолдау көрсету арқылы, бiз тек ана тiлiмiздi дамытуға инвестиция жасамаймыз. Белсендi әлеуметтiк және қайырымдылық iс-шараларын жүргiзетiн бiздiң компания, бiрiншi кезекте, қазақстандық балалардың жоғары сапалы фильмдерге қол жеткiзу құқығын теңестiруге ұмтылады. Сонымен, бұл балалар үшiн жастармен бiр «тiлде» және жас ұрпаққа ортақ тақырыптарда қарым-қатынас жасау арқылы белсендi әлеуметтенудiң мүмкiндiгi», — дедi BI Group компаниясының PR директоры Гаухар Керимова.

2019 жылдың тұсаукесерлерi туралы қызықты мәлiметтер

«Дамбо»

● «Дамбо» мультфильмiнiң шығарылғанына 78 жыл толғанда прокатқа шығады.

● «Дамбо» фильмi «Дисней» студиясының анимациялық бейнесiнiң бастапқы сюжетi бар және ешқандай адаптацияға ұшырамаған бiрiншi кинофильм.

● «Дамбо» — қазақ тiлiне дубляждалған «Болашақ» КҚ-ның 28-шi фильмi.

● Дубляж кастингiне Астана мен Алматыдан 30-дан астам актер қатысты.

●«Аладдин»

●«Аладдин» мультфильмiнде Аладдин кейiпкерiн бейнелегенде Том Круз бен Calvin Klein модельдерiн үлгi ретiнде алған.

●«Аладдин» мультфильмi 1992 жылы «Үздiк ән» және «Үздiк саундтрек» номинацияларында екi «Оскарды» жеңiп алған.

●Ханшайым Жасмин кейiпкерi Одри Хепберннiң «Рим демалыстары» рөлiне негiзделген, онда ол бiр күн қарапайым қыз болып көрген ханшайым рөлiн ойнады.

●Кастингке Астана мен Алматы қаласынан 50-ден астам адам қатысты

●Қазақ тiлiнде Уилл Смит, Мена Массуд и Наоми Скотт голливудтық актерлеры сөйлейтiн болады.

●«Арыстан Патша»

●Қазақ тiлiнде Бейонсе, Ноулз-Картер и Чиветел Эджиофор тәрiздi голливудтық жұлдыздар сөйлейдi («12 жыл құлдықта»)

●Кейiпкерлердiң есiмдерi — Симба, Сараби, Рафики және Пумба — ол жайдан ойлап табылған есiмдер емес. Олар Шығыс және Орталық Африканың тұрғындары сөйлейтiн суахили тiлiнен алынған, және сәйкесiнше арыстан, сағым, дос және ақымақтық дегендi бiлдiредi

●«Арыстан патша» мультфильмi Элтон Джонның Can You Feel the Love Tonight және Ханс Циммердың музыкасы үшiн екi «Оскар» жүлдесiне ие болды, үш «Алтын глобус», үш «Грэмми» жүлделерiне ие болған.

●«Ойыншықтар хикаясы 4»

●Қазақ тiлiнде Том Хенкс, Тим Аллен и Джоан Кьюсак голливудтық актерлеры сөйлейдi

●Американдық кино институты «Ойыншықтар хикаясы» мульфильмiнiң бiрiншi бөлiмiн американдық кино тарихының 99-шы ұлы фильмiнiң санатына қосқан.

●Мультфильмнiң ең басты кейiпкерi — ғарыш рейнджеры Базз Лайтердың аты танымал америкалық астронавт Базз Олдринның атымен сәйкес келедi

●«Ойыншықтар хикаясының» әрбiр мультфильмiнiң ұзақтығы оның алдындағы нұсқасынан 11 минутке ұзақ: бiрiншi бөлiктiң ұзақтығы — 81 минут, екiншi — 92, үшiншi — 103

●«Мұзды өлке 2»

●Қазақ тiлiнде Кристиан Белл, Стерлинг К.Браун, Идина Мензел және т.б голливудтық актерлер сөйлейтiн болады.

●Ганс, Кристофф, Анна және Свен кейiпкерлерiнiң есiмдерi «Қар ханшайымы» ертегiсiнiң авторы Ганс Христиан Андерсенның құрметiне берiлген.

●Түсiрiлiм тобы суықтың денеге қалай әрекет ететiнiн бiлу үшiн Джексон-Хол алқабына, Вайоминг штатына арнайы барған.

●Эльзаның өрiлген шашында 420 мың шаш бұрымы табылған

● «Мұзды өлке» фильмiнiң бiрiншi бөлiмi Дисней тарихындағы ең көп таралған анимациялық фильм болып табылады..

Шет елдiк фильмдердiң дубляжы мемлекеттiк тiлдiң дамуы үшiн маңызды әлеуметтiк жоба болып табылады. Соңғы 8 жылда «Болашақ» корпоративтiк қоры ұйымдастырушы болды. Жобаның ресми серiктесi — «Меломан» компаниясы. Бұл жоба қазақстандық демеушiлiк компаниялар тарапынан үнемi қолдауда. 2019 жылы барлық 5 премьераның демеушiсi «BI Group» құрылыс холдингi болып табылады.

Дубляж туралы ақпарат

2011 жылы «Болашақ» Қауымдастығының құрметтi мүшесi, «Болашақ» бағдарламасының төрағасы Бауыржан Байбектiң бастамасымен голливудтық фильмдердi қазақ тiлiне аудару бойынша жоба жүзеге асырылуда. «Өзiңнен баста» жобасының арқасында қазақ тiлi түркi әлемiнiң екiншi тiлiне, Sony Pictures 7-шi тiлiне, Уолт Диснейдiң 39-шы тiлiне айналды және DVD, Blu-Ray және iTunes-де көруге болатын фильмдерiнiң 7-шi болып голливудтың негiзгi тiлдер қатарына ендi. Серiктестiктiң аясында «Болашақ» КҚ-ның барлық дубляждалған фильмдерi ТМД-дағы ең iрi онлайн кинотеатр ivi.ru сайтында қол жетiмдi. Жоба арқасында қазiргi таңда Қазақстанда дубляж бойынша Алматыда «Cinematone» және Астанада «Арай Медиа Груп» атты екi лицензиялық студия ашылды. Диснейдiң студия стандарттарына сәйкес фильмдердi дубляждау бойынша 200-ге жуық шығармашылық және техникалық мамандард оқытылды, 100-ден астам қазақстандық актерлер Дисней студиясының дауыс базасында. Жоба Елбасының жоғары бағасына ие болды, «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын iске асыруға практикалық үлес қосып, халықаралық аренада қазақ тiлiнiң имиджiн насихаттауға ықпал етедi.

«Болашақ» корпоративтiк қорының баспасөз қызметi

Телефон: +7 (7172) 500618, +77020001610

E-mail: pr@bolashak.kz

Мақаланың шыққан күні: 13.03.2019
Қаралым саны: 201

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz