A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Мектептiң жөндеу жұмысы жiтi бақылауда

22 шiлде күнi Ақкөл ауданы әкiмi орынбасарының м.а. Алмас Алин жұмыс сапарымен Еңбек ауылына барып, «Еңбек орта мектеп-бақшасы» ММ ғимаратының күрделi жөндеу жұмыстарын тексерiп шықты.

Естерiңiзге сала кетейiк, аталмыш нысанның күрделi жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы –2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Мектеп ғимаратын жөндеу үшiн бюджеттен 183549,0 мың теңге бөлiндi. Күрделi жөндеудi «Астана — Көктем С» ЖШС жүргiзуде. Қазiргi уақытта нысанда күнделiктi түзiмде 32 адам еңбек етедi. Олардың iшiнен 10 адам «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберiнде жергiлiктi тұрғындар қатарынан жұмысқа алынды. Орта мектеп-бақшаның ғимараты 1970 жылы салынды, 50 жыл iшiнде бұл бiрiншi күрделi жөндеу. Жөндеу барысында барлық инженерлiк желiлердi, кабинеттердi, ас блогын, спорт залын күрделi жөндеу, сондай-ақ шатырды, терезелердi, есiктердi және еден жабындарын ауыстыру жоспарлануда.

Жұмыс сапарын қорытындылай келе, Алмас Алин жауапты тұлғаларға бiрқатар нақты тапсырмалар бердi. Сондай-ақ, мердiгер бөлiнген бюджет қаражатын тиiмдi пайдалануы тиiс екенiн атап өттi.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 23.07.2020
Қаралым саны: 136

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz